Көпбалалы аналардың бірі – Үмбетиярова Айгүл Красносельский ауылында тұрады. 40 жасында төрт қыз, үш ұлдың анасы атанған алтын құрсақты ана барша қазақ әйелдеріне үлгі-өнеге. Балалардың арасында егіздер де, үшемдер де жоқ. Жас аралықтары жақын, үлкен қызы – 20 жаста, кішілері балабақша жасында. Бірақ Айгүл қанша бала болса да, қайнататының бір қазан дейді.
Бүгінгі біздің кейіпкеріміз Үмбетиярова Айгүл ханымның жеті періштесі бар. Бүгінгі таңда Айгүл ханым балаларының болашағы үшін қолынан келген мүмкіндіктің бәрін жасауға тырысып жатырмын дейді. Отағасы Алданов Жанас мырза қазіргі таңда көпбалалы әке атанып отыр.
-Балаларымыз өміріміздің гүлі, мәні мен сәні,егер 1-2 бала мен шектеліп қалғанда, мүмкін - өмірімізде қазіргідей қызықты да, мәнді болмас па еді деп ойлап қоямыз,- дейді отағасы.
Отбасының тұла бойы тұңғышы Алданова Азиза Жанасқызы 1998 жылы дүниеге келген, қыздан кейін нардай ұлдары Алданов Сұлтанбек 2000 жылы, отбасының көз қуанышы Ғазиза атты сұлу қыз 2005 жылы, отбасының еркесі Тәубагүл 2007 жылы, Бектұрсын атты отбасының қуанышы 2009 жылы, Медғат атты көптен күткен ер жігіт 2015 жылы, және айдай сұлу Айжұлдыз есімді ару қызымыз 2017 жылы дүние есігін ашқан.
Айгүлдің айтуынша, ол Құдай қанша бала берсе, сонша баланы босанғысы келеді.
- "Иә, оңай емес. Бірақ мен барлығы жақсы болатынына сенемін. Әрбір бала үлкен бақыт қой", – деп сыр бөлісті көпбалалы ана. 7 баланы тәрбиелеу, сабағын оқытып, киіндіру үшін қосымша көмек қажет. Бірақ, Айгүл үй шаруасы мен бала тәрбиесін бір өзі дөңгелетіп отыр. Десе де, көпбалалы ана уақытын балаларына арнап, бала тәрбиесін басқа парыздан жоғары қойған және жұмысқа шықпағанына қынжылмайды да. Қазіргі таңда бала-шаға қамы үшін жұмысқа шығатын аналардың үй шаруасы мен жұмыстың екі ортасында сабылатыны үйреншікті жайтқа айналды.
-Ата-ана, алдымен, ата-аналық парызды, міндетті түсінгені абзал. Әр баланы дүниеге әкелген соң, ең бірінші, денсаулығына, білім алуына назар аударып, иманды, ізетті, адал, еңбекқор етіп тәрбиелеуге тиіспіз. Егер ата-ана өз парызын дұрыс орындаса, бала да перзенттік парызын мінсіз орындайды. Балаң сені ұятқа қалдырмасын десең, дұрыс ата-ана бол. Отағасы екеуміздің ұстанымымыз осы, – дейді байыпты ана.
Ананың мойнына жүктелген ауыр жүк – ана болу, ал көп баланың анасы болу нағыз ерлікке татиды. Көпбалалы ана атану - ол бір бақыт.
06.05.2025 10:51
За пять лет компания Solidcore Resources планирует высадить 2,4 млн саженцев на площади 486,5 гектаров. Масштабный проект по посадке деревьев...
05.05.2025 08:05
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында13 мың шақырым жол қамтылады. «Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау-Доссор», Сарыағаш, Петропавл,...
05.05.2025 08:03
В соответствии с поручением Главы государства в текущем году дорожными работами будет охвачено 13 тысяч километров автодорог. Запланирована реализация ряда новых...
30.04.2025 12:19
Сотрудники навели порядок в цехах, на производственной и прилегающих территориях, в вахтовом поселке. Конечно, на предприятии постоянно поддерживают чистоту, но...
30.04.2025 12:03
Каждый год 17 апреля пожарные Казахстана по старой традиции продолжают поздравлять друг друга с профессиональным праздником, который берет начало в...
30.04.2025 12:02
В рамках празднования Национального дня книги в Центральной районной библиотеке состоялось яркое событие - Библионочь «Кітап – шоу 2025». Этот...
30.04.2025 10:26
Бейімбет Майлин ауданына қарасты Әйет және Май ауылдарында “AMANAT” партиясы Қостанай облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы өтті. Іс-шараға партияның облыстық филиалы...
30.04.2025 10:22
Это праздник единства всех народов, проживающих на территории Казахстана. Этот яркий весенний праздник проводится в каждом уголке Казахстана. Огромное значение...
30.04.2025 10:20
Қазақстан – көптеген ұлт пен ұлыстың мекендеген қасиетті мекені. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде еліміздегі тұрақтылық пен ынтымақтың кепіліне айналды.Осы берекелі...
30.04.2025 10:18
В целях популяризации здорового образа жизни районный отдел образования в сотрудничестве с районной прокуратурой организовали и провели акцию, направленную на...
30.04.2025 10:16
1 марта исполнилось 30 лет со дня подписания Указа Президента об образовании Ассамблеи народа Казахстана – уникального института, ставшего основой...
25.04.2025 14:28
Торговля людьми – это глобальная проблема, которая затрагивает жизнь миллионов людей в любой стране мира и лишает их человеческого достоинства....
24.04.2025 13:33
Наши юные солисты продолжают радовать нас своими достижениями. Они представляют наш район на различных конкурсах.Очередной конкурс проведен 16 апреля в...
24.04.2025 13:32
В преддверии Национального дня книги в Майской общеобразовательной школе состоялось вдохновляющее и по-настоящему душевное мероприятие - «Дефиле с любимой книгой»....
24.04.2025 13:31
Главой государства текущий год объявлен годом рабочих профессий. Выступая с Посланием народу Казахстана, Глава государства заявил о важности реформы профессионального...
24.04.2025 13:30
Не одно культурно- массовое мероприятие не обходится без солистов и артистов районного дома культуры.Невероятно талантливые, яркие, артистичные, они дарят нам...
24.04.2025 13:28
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында Тобыл шекара қызметі бөлімінің сарбаздары мен офицерлеріне арналған мерекелік концерт өтті.Шараны Бейімбет Майлин...
24.04.2025 13:27
Мұғалім - адам өміріндегі ең құрметті әрі жауапты мамандық иесі.Ол тек білім беріп қана қоймай, жас ұрпақты тәрбиелейді, өмірге жол...