Біз қазақ болашағын бүгіннен артық бағалаған елміз. Келер күннен күллі жақсылықты дәметіп, ертеңіміз үшін ерінбей ерлік қылған халықпыз.
Өзіміз көрмеген сәулелі өмірді соңымыздан ерген ұрпақтарымызға, балаларымызға тілейтініміз талайға аян. Бүгінгі санымызда Зибаш Қасқадамова әжемізбен біраз біліскен едік. Зибаш әжеміздің 12 немересі 3 шөбересі бар. Апамыздың өзі балалары мен немерелері жайлы былай деп ой бөлісе кетті:
- Мен өзімді бақытты қарттардың бірімін деп айта аламын. Иә, балаларымыздың бағбаны бола білгенбіз. Ал, балаларымыз біздің жемісіміз, олардың жеткен жетістігі өзіміздің жетістігіміз. Осы жолда еңбек етіп шаршағанымыз, бейнетіміз, кейін зейнетімізге ұласады. «Баланы өскенше, немерені өлгенше» деген тәмсілдің туындауы да осыдан болар. Менің балаларым-бар байлығым, өмірдегі қуаныштарым. Немере баладан да тәтті деп жатамызғой, расыменде, немерелерім өте қылықты тәтті балапандар. Алланың қалауымен 6 баланы дүниеге алып келдім. Қазір сол балаларымның қызығын көріп отырған әжемін. Барлық балаларым өмірде өз орындарын тапты. «Ұлымды ұяға, қызымды қияға ұшырдым». Осыдан асқан бақыт бар ма біздей жандарға?!,- дейді Зибаш әжеміз.
Расыменде, балаларының бақытын көріп жүрген аналарымыздың басты бақыты да осы шығар, сірә. Сонау Хауа анадан бастап бүгінгі күнге дейін қаншама аналар тарихы арқылы біз ананың көптеген өмір сыйлаушы, мейірім ұясы екендігіне көз жеткізіп келеміз. Тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында көтерген баласын ақ сүтін беріп өсіретін, сонымен бірге, адалдық, имандылық, адамгершілік қасиеттерді сәби бойына сіңіретін де – Ана.
Зибаш апамыздың қызы Тамаша Қасқадамова қазіргі таңда, ардақты да, аяулы ұстаз болып отырған жан. 24 жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келе жатқан Тамаша Шәмелқызы, бүгінде С.Ерғалиев атындағы орта мектебінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінде жұмыс атқарып жатыр. Осы жылға дейін біршама түлектерді ұясынан ұшырған ұстазды түлектері әрбір мейрам сайын құттықтап отыратыны да, рас. Бір шоқ гүл болсын әрбір жаннның көңілін көтерері хақ. Сондықтан, аяулы ұстаздың бұл еңбек жолында атқарған еңбегі мен көрсеткен нәтижесі мадақсыз қалмады.
- Ұстаз болу адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Осы қаиетті алып жүргеніме, міне, 24 жылдан астам уақыт өтіп кетіпті. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген қанатты сөздің аясында осы ұлық тәрбиенің бәрі тұнып тұр. Осы уақыт аралығында шәкірттерімнің көбісі республикалық деңгейдегі жарыстардан жүлделі орындарды иемденіп жүр десем болады. Өзімнің де айта берсем жетістіктерім көп, дегенмен, мен үшін маңызды жетістігім Қостанай облысының әкімдігінің білім басқармасынан алған мадақтамам, сонымен қатар, Республикалық ұлттық олимпиадаға балаларды дайындағаным үшін, сонымен қатар, жеңімпаздарды дайындағаным үшін Алғыс хатпен марапатталдым. Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының 3 дәрежелі дипломаты атандым. Сондай-ақ, Республикалық «Ұлы дала ұстазы» журналы еңбегімді бағалап Құрмет грамотасымен, облыстық «Қазақстанның Тәуелсіздігі: келісім мен бірлікте 30 жыл» мадақтамасымен марапатталдым. Бұл жетістіктерім менің еңбек жолымда маңызды болып табылады. Ал, менің ең басты жетістігім- ол шәкірттерімнің нәтижелері мен маған деген құрметтері. Кейінгі жас ұстаздарға айтарым шәкірттеріңіз сіздердің жасаған еңбектеріңізді үлгі тұтып, сіздердің бойларыңызға дарытқан қасиеттерді өз бойына дарытуға талпынып, алға ұмтылса, Қазақ елінің болашағы жарқын болады деп сенемін. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, шәкірт жүрегіне гүл егіп, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздардың мәртебесі арта берсін дегім келеді,- дейді ұстаз.
Иә, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақындар да, тегеуріне темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан, ұлағатты ұстаз Тамаша Шамелқызының да қаншама маман иесін тәрбиелеп, қаншама елдің саналы азаматтарын, дара тұлғаларын өсіріп, елге қомақты үлес қосып келе жатқаны жанымызға қуаныш, бақыт сезімін ұялатады!
24.04.2026 13:10

Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты * - Фиджитал-атлеттер арасындағы дода Астана қаласында 29...
24.04.2026 08:33

Қостанай облысы әкімі тапсырмалары аясында елді мекендерді абаттандыру мәселелері бойынша, сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде Беимбет Майлин...
24.04.2026 08:30

В рамках поручений акима Костанайской области по вопросам благоустройства населенных пунктов, а также в рамках реализации республиканской программы «Таза Қазақстан»...
23.04.2026 12:29

20 апреля в районном Доме культуры имени Е. Умурзакова прошел XXXVIII областной фестиваль-конкурс самодеятельного народного творчества «Өнеріміз саған, Қазақстан!». В...
23.04.2026 12:28

Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Әмина Жетписова «Мамандықтар әлемін ашамыз» Республикалық форумында зор жетістікке жетіп, аудан...
23.04.2026 12:27

Послание Главы государства народу страны является стратегическим ориентиром для всех уровней власти и общества. Его ключевые положения находят отражение в...
23.04.2026 12:26

В столице Казахстана, городе Астана, на площадке Международного выставочного центра «EXPO» с 8 по 10 апреля прошла престижная международная выставка...
23.04.2026 12:25

Қостанай қаласында 10–11 сынып білім алушылары арасында математика пәнінен «Алтын түлек» республикалық олимпиадасы ұйымдастырылды. Білім додасына облыстың әр мектептерінен жиналған...
23.04.2026 12:24

Тоғызқұмалақтан 9–11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық Ұлттық мектеп лигасы өз мәресіне жетті. Еліміздің 14 облысы мен 3 қаласынан жиналған...
23.04.2026 12:21

В районном центре прошёл масштабный субботник в рамках реализации поручений Главы государства и республиканской экологической программы «Таза Казақстан». Сотрудники государственных...
23.04.2026 12:20

Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі – ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы. Әсіресе қазақ мектептерінің рөлі ерекше. Өйткені қазақ...
23.04.2026 12:18

В районном краеведческом музее им. Б. Майлина состоялось открытие выставки-экспозиции «Жизнь, отданная службе», посвященной нашему земляку, ветерану органов прокуратуры Бахчану...
23.04.2026 12:17

История района Беимбета Майлина складывается из судеб людей, которые здесь родились, выросли и трудились. Среди них Надежда Ивановна Сенчева, чья...
23.04.2026 12:16

Каждый год 23 апреля в Казахстане отмечается особый праздник - Национальный день книги. Эта дата объединяет всех, кто ценит слово,...
23.04.2026 12:15

2026 год в Республике Казахстан объявлен Годом добровольца, что подчеркивает значимость волонтерского движения на уровне государства. Эта инициатива направлена на...
23.04.2026 12:14

17 сәуір күні Май мектебінің базасында 5–11 сынып оқушылары арасында «Алпамыс батыр» жырын жатқа оқудан «Тұлпар мініп, ту алған» облыстық...
23.04.2026 09:41

Поздравляю всех соотечественников с Национальным днем книги! В современную эпоху книжное дело переживает масштабную трансформацию, но книги по-прежнему остаются надежным...
22.04.2026 08:52

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитке және Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттері кеңесінің...