Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі – ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы. Әсіресе қазақ мектептерінің рөлі ерекше. Өйткені қазақ мектебі – тек білім беретін орын ғана емес, ол ұлттың тілі мен ділін, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын ұрпақ санасына сіңіретін қасиетті орта. Осындай маңызды миссияны абыроймен атқарып келе жатқан білім ошақтарының бірі – Сапар Ерғалиев атындағы қазақ орта мектебі. Биыл бұл мектептің құрылғанына 25 жыл толып отыр.
Мектеп тарихына көз жүгіртсек, 2001 жылдың 1 қыркүйегінде Таран селолық округінде «Таран қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі ретінде алғаш рет өз жұмысын бастады. Бұл – аудан көлемінде мемлекеттік тілде оқытатын дербес мектептің ашылуы еді. Ал оған дейін, 1997 жылдан бастап қазақ тілінде білім беретін сыныптар Б.Майлин атындағы Таран орта мектебінің құрамында жұмыс істеп келген болатын. Уақыт өте келе ұлттық мектептің қажеттілігі артып, жеке қазақ мектебі ашылды. 2003 жылы мектеп заңды тұлға ретінде тіркеліп, өз алдына толыққанды білім ордасына айналды. Алғашқы жылдары мектеп бейімделген ғимаратта орналасып, қажетті оқу кабинеттері, спорт зал, асхана сияқты жағдайлар толық болмағанымен, ұстаздар қауымы өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқарып, білім сапасын төмендетпеді. Соның нәтижесінде мектеп алғашқы түлектерін 2002 жылы түлетіп, одан кейінгі жылдары да үздіксіз шәкірт тәрбиелеуді жалғастырды.
2011 жылы жаңа мектептің іргетасы қаланып, 2012 жылы заманауи талаптарға сай жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Бұл – мектеп өміріндегі үлкен бетбұрыс болды. Кең әрі жарық сыныптар, арнайы пән кабинеттері, спорт зал, акт залы, асхана – барлығы оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік жасады. Кейін мектепке Сапар Ерғалиевтің есімі беріліп, білім ордасының мәртебесі арта түсті. Қазақ мектебінің басты ерекшелігі – тек білім берумен шектелмей, ұлттық тәрбиені қатар алып жүруінде. Бұл мектепте оқушылар қазақ тілінде сапалы білім алып қана қоймай, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, рухани құндылықтарын терең меңгереді. Ұлттық мерекелер, тәрбиелік іс-шаралар, әдеби-мәдени кештер, айтыс, пікірсайыс, ғылыми жобалар – барлығы оқушылардың жан-жақты дамуына бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда, мектеп ұжымы қазақы болмысты сақтап, оны жас ұрпақтың бойына сіңіруде үлкен еңбек атқарып келеді. Мектептің дамуына әр кезеңдегі басшылардың қосқан үлесі ерекше:
Сапабеков Сүндетбай Сәлімжанұлы, Досмұхамбетова Сипат Ескалиқызы, Мадибаев Аслан Избасарұлы және қазіргі басшы Қосқадамова Тамаша Шәмелевна – әрқайсысы мектептің өркендеуіне өзіндік үлес қосты.
25 жыл ішінде мектеп көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Оқушылар халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларда жүлделі орындарға ие болып, мектеп абыройын асқақтатып келеді. Мәселен, Қырғызстанда өткен «Достық-2025» халықаралық тоғызқұмалақ турнирінде Ниязбек Ерқанат жүлделі орын алды. Республикалық деңгейде «Алтын түлек» математикалық олимпиадасында Жалғас Нұрдәулет І орынды иеленді. Сонымен қатар «Зерде» ғылыми жобалар байқауы, «Махамбет оқулары», «Менің кіші Отаным» сияқты байқауларда оқушылар жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Тоғызқұмалақтан өткен республикалық турнирлерде де мектеп оқушылары бірнеше мәрте жеңіс тұғырынан көрінді. Облыстық деңгейде «Жарқын болашақ», «Абай оқулары», «Geo Star» олимпиадаларында жүлделі орындар, ғылыми-практикалық конференцияларда жеңістер, айтыс пен пікірсайыс сайыстарындағы табыстар - мектептің білім сапасының жоғары екенін дәлелдейді. Аудандық деңгейде де оқушылар тұрақты түрде І, ІІ, ІІІ орындарды иеленіп келеді. Бұл – жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі.
Мектептің мақтаныштарының бірі - Абдрахманова Эльенора. Ол республикалық пәндік олимпиадада І орын алып, «Ең үздік ауыл оқушысы» атанды. Сондай-ақ Жетписова Әмина облыстық және республикалық деңгейде І орын иеленіп, үлкен жетістікке жетті. Мұндай дарынды оқушылар - мектептің ғана емес, елдің болашағы.
Жетістіктің тағы бір кілті – ұстаздар еңбегі. Мектеп педагогтері түрлі байқауларда жүлделі орындарға ие болып, кәсіби шеберліктерін дәлелдеп келеді. «Үздік педагог», «Үздік авторлық бағдарлама», «Педагогикалық идеялар панорамасы», «Мұғалім 4К» сияқты байқаулардағы жетістіктер – соның айғағы. Ұстаздардың үздіксіз ізденісі мен еңбегі оқушылардың жетістігіне тікелей әсер етеді. Сонымен қатар мектеп ұжымы оқушылар санын арттыру, қазақ тілінде білім берудің маңызын түсіндіру бағытында да белсенді жұмыс жүргізуде. Ата-аналар жиналыстары ұйымдастырылып, балабақшалармен байланыс орнатылып, үгіт-насихат жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл – қазақ мектептерінің дамуына қосылған үлкен үлес.
Жалпы, қазақ мектебі – ұлттың болашағын қалыптастыратын алтын ұя. Осындай білім ордалары арқылы ана тіліміз дамып, ұлттық құндылықтарымыз сақталады. Сапар Ерғалиев атындағы қазақ орта мектебі – 25 жыл ішінде талай биікті бағындырған, білім мен тәрбиені қатар ұстанған іргелі білім ордасы талай дарынды шәкіртті тәрбиелеп шығарды. Бұл мектептен түлеп ұшқан шәкірттер еліміздің әр саласында еңбек етіп, ел дамуына үлес қосуда. Мектеп ұжымы жаңа жетістіктерге жетіп, білім көкжиегін кеңейтіп, дарынды ұрпақ тәрбиелеуді жалғастыра беретіні анық.
Бүгінде бұл мектеп - сапалы білімнің, ұлттық тәрбиенің, жаңашылдықтың және табыстың символына айналған. Алдағы уақытта да мектеп ұжымы жаңа белестерді бағындырып, ел болашағы үшін аянбай еңбек ете беретіні анық.
25 жылдық мерейтой құтты болсын!
23.04.2026 12:29

20 апреля в районном Доме культуры имени Е. Умурзакова прошел XXXVIII областной фестиваль-конкурс самодеятельного народного творчества «Өнеріміз саған, Қазақстан!». В...
23.04.2026 12:28

Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Әмина Жетписова «Мамандықтар әлемін ашамыз» Республикалық форумында зор жетістікке жетіп, аудан...
23.04.2026 12:27

Послание Главы государства народу страны является стратегическим ориентиром для всех уровней власти и общества. Его ключевые положения находят отражение в...
23.04.2026 12:26

В столице Казахстана, городе Астана, на площадке Международного выставочного центра «EXPO» с 8 по 10 апреля прошла престижная международная выставка...
23.04.2026 12:25

Қостанай қаласында 10–11 сынып білім алушылары арасында математика пәнінен «Алтын түлек» республикалық олимпиадасы ұйымдастырылды. Білім додасына облыстың әр мектептерінен жиналған...
23.04.2026 12:24

Тоғызқұмалақтан 9–11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық Ұлттық мектеп лигасы өз мәресіне жетті. Еліміздің 14 облысы мен 3 қаласынан жиналған...
23.04.2026 12:21

В районном центре прошёл масштабный субботник в рамках реализации поручений Главы государства и республиканской экологической программы «Таза Казақстан». Сотрудники государственных...
23.04.2026 12:20

Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі – ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы. Әсіресе қазақ мектептерінің рөлі ерекше. Өйткені қазақ...
23.04.2026 12:18

В районном краеведческом музее им. Б. Майлина состоялось открытие выставки-экспозиции «Жизнь, отданная службе», посвященной нашему земляку, ветерану органов прокуратуры Бахчану...
23.04.2026 12:17

История района Беимбета Майлина складывается из судеб людей, которые здесь родились, выросли и трудились. Среди них Надежда Ивановна Сенчева, чья...
23.04.2026 12:16

Каждый год 23 апреля в Казахстане отмечается особый праздник - Национальный день книги. Эта дата объединяет всех, кто ценит слово,...
23.04.2026 12:15

2026 год в Республике Казахстан объявлен Годом добровольца, что подчеркивает значимость волонтерского движения на уровне государства. Эта инициатива направлена на...
23.04.2026 12:14

17 сәуір күні Май мектебінің базасында 5–11 сынып оқушылары арасында «Алпамыс батыр» жырын жатқа оқудан «Тұлпар мініп, ту алған» облыстық...
23.04.2026 09:41

Поздравляю всех соотечественников с Национальным днем книги! В современную эпоху книжное дело переживает масштабную трансформацию, но книги по-прежнему остаются надежным...
22.04.2026 08:52

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитке және Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттері кеңесінің...
22.04.2026 08:49

Глава государства провел встречу с Президентом Таджикистана Эмомали Рахмоном Президент Касым-Жомарт Токаев встретился с Президентом Таджикистана Эмомали Рахмоном, прибывшим в Астану...
16.04.2026 12:12

Реализация творческих проектов талантливой молодежи продолжает приносить нашему району яркие победы и заслуженное признание. Очередным поводом для гордости стал успех...
16.04.2026 12:09

Бейімбет Майлин ауданында елді мекендерді абаттандыру бойынша жүйелі жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл іс-шаралар Қостанай облысы әкімінің халықтың өмір сүру...