«Еңбексүйгіш елдің-еңсесі биік» дейді халық даналығы. Медицина – жауапкершілігі мол, жүгі ауыр салалардың бірі.
Сондықтан, кез-келген адам біліктілік пен аса шыдамдылықты талап ететін жауапты мамандықты жоғары деңгейде меңгеру оңай емес екендігін мойындайды. Бұл саланың маңыздылығы сол, дәрігердің жұмыс барысында ешқашан қателесуіне болмайды. Сол себепті дәрігерлер үнемі тәжірибелік білімін жетілдіріп, ізденіс үстінде болып, өз саласында ем жүргізудің барлық тәсілдерін жетік меңгеруі тиіс.
Науқастарға шарапат шуағын шашып, біліктілігін белсенділікпен ұштастырған дарынды дәрігер, ардақты жан Сауле Коржункеева туралы баяндамақпыз. Мамандығына жан дүниесімен берілген білікті дәрігер үшін «ақ халатты абзал жан» деген елдің құрметті атағы ең биік һәм қасиетті ұғым болып саналады.
Ауданымыздың денсаулық саласында жемісті еңбек етіп, халықтың алғысына бөленген білікті дәрігер Сауле Коржункееваның жұмысы төңірегінде сөз қозғағанды жөн көрдік. Сырқат жанның дертіне дауа, еміне шипа таба білген жан еңбек жолын халық денсаулығын сақтап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арнаған. Өз мамандығын жоғары деңгейде меңгерген ақ халатты абзал жанды жұртшылық «алтын қолды дәрігер» деп те атайды. Тіпті, тағдыр салған тауқыметтен енді құтылмаспын деп үмітін үзген жандардың өзін емдеп, дертін жазған білікті дәрігерді антына адал, абыройлы жан десек артық айтқандық емес. Себебі, 2 ай жұқпалы аурулар бөлімшесінде атқарған еңбегінің нәтижесі ретінде, қазіргі таңда біршама науқастар өз алғыстарын біздің редакция арқылы жолдауды жөн санаған.
Сауле Коржункеева Қостанай облысы, Наурызым ауданының тумасы. 2016 жылы Қарағанды Медицина Университетін бітірген соң, өзінің туған жеріне оралып, сонда 1 жыл уақыт көлемінде жұмыс атқарған. 2017 жылдың соңына дейін Қостанай қалалық №3 емханасында еңбек жолын жалғастырып, 2018 жылдан бастап Бейімбет Майлин ауданын да еңбек етіп келеді.
- «Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай, батырмын деп баптанба, жауға шаппай» демекші, халықтың алғысы мен үшін бірінші орында. Әрбір науқастың дерті, менің жауаптылығымда екенін сезініп, әрбір науқасқа бар күшімді саламын. Аудандық орталық ауруханада 2018 жылдан бастап жұмыс істеп жатырмын. Осы уақыт аралығында біршама тәжірбие алдым десем болады. Ал, ең маңыздысы, есте қалғаны бұл 2 ай бойы жұқпалы аурулар бөлімшесінде дәрігер болып жалғыз өзім жұмыс атқарғаным. Бұл мен үшін ең жауапты, қиын сәттер болды десем болады. Мұндай сәттерде әрбір науқастың психологы бола білу керек деп есептеймін. Бірі вирустың жеңіл түрімен емделіп жатса, бірі өте ауыр жағдайда түсіп жатты. Расыменде, басында маған өте қиын болды. Психологиялық тұрғыдан қорқыныш болды. Өз өмірім мен отбасымды ойладым. Бірақ, біраз уақыт өткеннен кейін мен үшін науқастардың құрметінен асқан мадақ жоқ екенін түсініп, өз қорқынышымды жеңіп, жұмысымды сенімді түрде жалғастырдым деп айта аламын. Барлық науқастардың емделіп шыққаны мен үшін үлкен бақыт еді. Барлығының айтқан алғыстары еселеніп, көңіліме нұр себетін. Мұғалім үшін шәкірттерінің нәтиже көрсеткені бақыт болса, дәрігер үшін науқастарының жанын сақтап қалғаны бақыт деп ойлаймын - деп көзіне жас алды Сауле ханым.
- Мен дәрігерлерге өзімнің алғысымды білдіргім келеді. Сауле ханым өз ісінің маманы десем қателеспегенім. Аты жаман дерттің ықпалы маған қатты тиді. Сол сәтте өзінің білгірлігімен менің жанымды сақтап қалды десем артық айтпағаным. Отбасының алдын аман болып, жұмысына сәттілік тілеймін,- дейді емделушісі Айман Зыбалева.
Расында, өзінің тәжірбиесі арқылы барлық науқастың емін тауып жүрген дәрігер үшін осыдан асан алғыс та марапатта жоқ.
-Атқарылған жұмыс тек менің ғана жемісім емес. Сол сәтте маған қол ұшын созып, көмек көрсеткен әріптестеріме зор алғысымды айтамын. Сол кісілердің біліктілігінің арқасында осындай қиын сәтті жеңіп шықтым деп айта аламын. Әрбір қиындықта көмек қолын созатын әріптестерімнің әрбірінің тәжірбиесі мен үшін маңызды болды. Және де аудан тұрғындарына айтарым, емнің алдын алыңыздар. Қазіргі вирустың емі вакцинаны алып, өз денсаулықтарыңызды кепілдендіргендеріңіз абзал,- дейді Сауле.
Халықтың құрметіне бөлену – елге ерінбей еңбек еткен адамға ғана тән нәрсе емес пе? Бұл жерде, ең алдымен, айналаға адамгершілік қасиет әсер ететіні ақиқат. Өйткені адал еңбек ету қажеттіліктен тумайды, ол үлкен азаматтық жауапкершіліктен туындайды. Ел сенімін ақтаудың қаншалықты маңыздылығын қолынан іс келетін азаматтардың мойнына алған жауапкершілік жүгінен аңғаруға болады.
24.04.2026 13:10

Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты * - Фиджитал-атлеттер арасындағы дода Астана қаласында 29...
24.04.2026 08:33

Қостанай облысы әкімі тапсырмалары аясында елді мекендерді абаттандыру мәселелері бойынша, сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде Беимбет Майлин...
24.04.2026 08:30

В рамках поручений акима Костанайской области по вопросам благоустройства населенных пунктов, а также в рамках реализации республиканской программы «Таза Қазақстан»...
23.04.2026 12:29

20 апреля в районном Доме культуры имени Е. Умурзакова прошел XXXVIII областной фестиваль-конкурс самодеятельного народного творчества «Өнеріміз саған, Қазақстан!». В...
23.04.2026 12:28

Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Әмина Жетписова «Мамандықтар әлемін ашамыз» Республикалық форумында зор жетістікке жетіп, аудан...
23.04.2026 12:27

Послание Главы государства народу страны является стратегическим ориентиром для всех уровней власти и общества. Его ключевые положения находят отражение в...
23.04.2026 12:26

В столице Казахстана, городе Астана, на площадке Международного выставочного центра «EXPO» с 8 по 10 апреля прошла престижная международная выставка...
23.04.2026 12:25

Қостанай қаласында 10–11 сынып білім алушылары арасында математика пәнінен «Алтын түлек» республикалық олимпиадасы ұйымдастырылды. Білім додасына облыстың әр мектептерінен жиналған...
23.04.2026 12:24

Тоғызқұмалақтан 9–11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық Ұлттық мектеп лигасы өз мәресіне жетті. Еліміздің 14 облысы мен 3 қаласынан жиналған...
23.04.2026 12:21

В районном центре прошёл масштабный субботник в рамках реализации поручений Главы государства и республиканской экологической программы «Таза Казақстан». Сотрудники государственных...
23.04.2026 12:20

Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі – ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы. Әсіресе қазақ мектептерінің рөлі ерекше. Өйткені қазақ...
23.04.2026 12:18

В районном краеведческом музее им. Б. Майлина состоялось открытие выставки-экспозиции «Жизнь, отданная службе», посвященной нашему земляку, ветерану органов прокуратуры Бахчану...
23.04.2026 12:17

История района Беимбета Майлина складывается из судеб людей, которые здесь родились, выросли и трудились. Среди них Надежда Ивановна Сенчева, чья...
23.04.2026 12:16

Каждый год 23 апреля в Казахстане отмечается особый праздник - Национальный день книги. Эта дата объединяет всех, кто ценит слово,...
23.04.2026 12:15

2026 год в Республике Казахстан объявлен Годом добровольца, что подчеркивает значимость волонтерского движения на уровне государства. Эта инициатива направлена на...
23.04.2026 12:14

17 сәуір күні Май мектебінің базасында 5–11 сынып оқушылары арасында «Алпамыс батыр» жырын жатқа оқудан «Тұлпар мініп, ту алған» облыстық...
23.04.2026 09:41

Поздравляю всех соотечественников с Национальным днем книги! В современную эпоху книжное дело переживает масштабную трансформацию, но книги по-прежнему остаются надежным...
22.04.2026 08:52

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитке және Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттері кеңесінің...