Шаршы алаңда шаршауды білмейтін жас боксшыларымыз республикалық жарыстан жүлдемен оралды.
Теңдессіз өнерімен жер шарын аралап, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына арналған республикалық бокстан балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өтіп, ауданымыздың екі жас боксшылары жүлделі орындарға ие болып келді. Сұлтан Кинжин 3-ші орынды иемденсе, Руслан Байзақов 1-ші орынды қанжығасына байлады.
Жас боксшыларымыздың жаттықтырушылары-Абай Жайылғанұлы. Ауданымызда бір жарым жыл көлемінде жұмыс атқарып жүрген жаттықтырушының шәкірттері республикалық деңгейде бірнеше мәрте жүлделі орындарды қаңжығаларына байлаған. «Ұстаздан шәкірт озар» деген қазақтың даналық сөзі осы салада жүрген, болашақ еліміздің мақтан тұтарлық боксшыларын дайындап жүрген Абай мырза туралы айтылған секілді. Себебі, аз уақыт ішінде осындай нәтиже көрсетіп жүрген шәкірттерінің арқасында жаттықтырушының мәртебесі өсетіні хақ. 4 жыл көлемінде жаттықтырушы болып жұмыс атқарып жүрген Абай мырза ауданымыздан бөлек Лисаковск қаласында да шәкірттерін жарыстарға дайындап жүр.
- Бокс – төбелес емес, ешқашан солай болған да емес. Бокс – өнер! Ал, өнерді игеру жолы ауыр, мақсаты бар адам ғана оны меңгере алады. Әр адам өмірде алдына мақсат қоятын болса, спортта да дәл сондай мұрат қоя білу қажет. Мақсат-мұратсыз ешкім ешқандай табысқа да, жетістікке де жете алмайды. Әсіресе, бокста биік белесті бағындырғысы келгендер әр қадамын мықтап ойлануы керек.Мен шәкірттеріме әрдайым айтып отырамын «Өмірде еқшандай дүние еңбексіз келмейді, әрқашанда ізденіс үстінде болуымыз керек» деп. Талпынған адам ғана жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады. Өзім Қостанай қаласындағы спорт клубында шыныққан шәкіртпін. Осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерім айтарлықтай көп деп айта аламын,- дейді жаттықтырушы.
«Болар баланың бетінен қақпа, белін бу» дейді қазақ даналығында. Бүгінгі жас ертеңгі арқа сүйер азаматың. Жеңімпаз ұлдармен әңгімелестік. Қуанышына ортақтақтастық. Жас бүлдіршіндер мұнымен шектелмек емес. Бағындырар биік әлі алда екенін айтты.
-Бұл біздің алдымызға қойған мақсаттарымыздың жартысының орындалғаны деп білеміз. Алда әлі талай жарыстарға қатысамыз деген ойдамыз. Жаттықтырушымыздың салған еңбегінің арқасында қазір осындай нәтиже көрсетіп отырмыз. Және ата-анамызға қолдаулары үшін алғыс айтамыз,- дейді жас боксшылар.
Сонымен қатар, аудандық спорт бөлімі басшылығы және жаттықтырушы екі палуанның ата-анасы Талғат Кинжинге және Жасұлан Байзаковқа алғыстарын айтады. Себебі, балалардың осы жарыста өнер көрсетуіне бірден бір себепкер болды. Жол қаражатын өз мойындарына алып, балалары үшін барлық мүмкіндікті жасаған жандар.
24.04.2026 13:10

Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары-2026» халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты * - Фиджитал-атлеттер арасындағы дода Астана қаласында 29...
24.04.2026 08:33

Қостанай облысы әкімі тапсырмалары аясында елді мекендерді абаттандыру мәселелері бойынша, сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде Беимбет Майлин...
24.04.2026 08:30

В рамках поручений акима Костанайской области по вопросам благоустройства населенных пунктов, а также в рамках реализации республиканской программы «Таза Қазақстан»...
23.04.2026 12:29

20 апреля в районном Доме культуры имени Е. Умурзакова прошел XXXVIII областной фестиваль-конкурс самодеятельного народного творчества «Өнеріміз саған, Қазақстан!». В...
23.04.2026 12:28

Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Әмина Жетписова «Мамандықтар әлемін ашамыз» Республикалық форумында зор жетістікке жетіп, аудан...
23.04.2026 12:27

Послание Главы государства народу страны является стратегическим ориентиром для всех уровней власти и общества. Его ключевые положения находят отражение в...
23.04.2026 12:26

В столице Казахстана, городе Астана, на площадке Международного выставочного центра «EXPO» с 8 по 10 апреля прошла престижная международная выставка...
23.04.2026 12:25

Қостанай қаласында 10–11 сынып білім алушылары арасында математика пәнінен «Алтын түлек» республикалық олимпиадасы ұйымдастырылды. Білім додасына облыстың әр мектептерінен жиналған...
23.04.2026 12:24

Тоғызқұмалақтан 9–11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық Ұлттық мектеп лигасы өз мәресіне жетті. Еліміздің 14 облысы мен 3 қаласынан жиналған...
23.04.2026 12:21

В районном центре прошёл масштабный субботник в рамках реализации поручений Главы государства и республиканской экологической программы «Таза Казақстан». Сотрудники государственных...
23.04.2026 12:20

Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі – ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы. Әсіресе қазақ мектептерінің рөлі ерекше. Өйткені қазақ...
23.04.2026 12:18

В районном краеведческом музее им. Б. Майлина состоялось открытие выставки-экспозиции «Жизнь, отданная службе», посвященной нашему земляку, ветерану органов прокуратуры Бахчану...
23.04.2026 12:17

История района Беимбета Майлина складывается из судеб людей, которые здесь родились, выросли и трудились. Среди них Надежда Ивановна Сенчева, чья...
23.04.2026 12:16

Каждый год 23 апреля в Казахстане отмечается особый праздник - Национальный день книги. Эта дата объединяет всех, кто ценит слово,...
23.04.2026 12:15

2026 год в Республике Казахстан объявлен Годом добровольца, что подчеркивает значимость волонтерского движения на уровне государства. Эта инициатива направлена на...
23.04.2026 12:14

17 сәуір күні Май мектебінің базасында 5–11 сынып оқушылары арасында «Алпамыс батыр» жырын жатқа оқудан «Тұлпар мініп, ту алған» облыстық...
23.04.2026 09:41

Поздравляю всех соотечественников с Национальным днем книги! В современную эпоху книжное дело переживает масштабную трансформацию, но книги по-прежнему остаются надежным...
22.04.2026 08:52

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитке және Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттері кеңесінің...