Биыл қасиетті Рамазан айында оразаны ұстаушылардың қатары көбеймесе азайған емес.
Әсіресе, мұсылманның парызын орындауға жастар жағы да ынталы. Сондай-ақ, қасиетті айда қайырымдылық танытуға, игілікті шаралар атқаруға ынталылар қатары да арта түсуде. Рамазан айында шамасы келгендердің жыл сайы атқаратын сауабы мол шараларының бірі ораза ұстаған жандардың аузын аштыру екені белгілі. Бұл сауапты істен тобылдықтар қалыс қалмай, әр жылы Рамазан айында жамағатты жинап, ауызашар беріп келеді.
Міне, биыл да жамағаттың басын қосып, өткен кешкі ауызашар уақытта «Ассаба» мейрамханасында ауызашар беріліп жатыр. Жамағат ауызашар дастарханының басына жиналған соң «Ажар» мешітінің бас имамы Назаров Расул Айбекұлы аят оқыды. Асыға тосқан қауым ауыз ашып, кең дастархандағы мол ас-судан татып, жадырап қалды. Ауызашар дастарханы басында Рамазан айындағы игі тілектер де айтылып, оразаның қадір-қасиеті жайлы әңгімелеп, ораза ұстаған жамағатқа ауызашар беріп, сауапты іс атқарып отырған отбасыларына алғыс сезімін білдіріп, келешектегі келелі істеріне табыстар тіледі. «Ажар» мешітінің бас имамы Назаров Расул Айбекұлы ата-бабалар рухына Құран бағыштап, жерімізге тыныштық, елімізге амандық, болашақ жастардың жүрегіне иман нұры ұялай беруін тілеп дұға қайырды, құран оқылды. Ауызашар барысында кезектесіп сөз алған азаматтар жастардың бойына ауызашар дәстүрінің олардың береке-бірлігін арттыру, ұйымшыл, қоғамшыл, кешірімшіл болып тәрбиеленуіне орасан мол ықпал ете алатыны жайлы ойларын ортаға салды. Асыл дініміз Исламның құндылықтары, қасиетті Рамазан айының хикметтері мен ораза ұстаудың және ауызашар беру, ауыз аштырудың сауабы туралы кең көлемде уағыз-айтты, ақсақалдар баталарын берді. Ауызашар ұйымдастырушылардың асыл дініміздің құрметіне орай, қасиетті Рамазан айының қадір-қасиетін ұлықтап, Алла ризашылығы үшін көрсеткен жақсы ниеті, жылы қабағы, ақ пейілдеріне келушілер де қош көңілмен риза болып тарқасты. Ауызашарға жиналған қауымға «Ниеттеріңіз қабыл болсын» дей отырып, жалпы қауымға денсаулық, бақыт, байлық, береке, бірлік тілейміз.
10.04.2025 10:09
Уже на протяжении трех месяцев в селе Айет работает клуб, который предлагает посетителям окунуться в удивительный мир компьютерных игр. «У...
10.04.2025 10:06
В районе Беимбета Майлина прошла яркая и долгожданная игра Клуба Весёлых и Находчивых — школьная лига КВН. Весёлое состязание, приуроченное...
10.04.2025 10:03
2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізгі ережелеріне сәйкес ұйымдастырылып, әр ай тұлғаны қалыптастыруға бағытталған...
10.04.2025 10:02
Говорят, чтобы стать хорошим педагогом, нужно иметь призвание. Учитель Майской общеобразовательной школы Калмаганбетов Жумабек Тургынович – молодой, целеустремленный педагог, учитель...
10.04.2025 09:56
Наступивший год весьма насыщен юбилейными датами и событиями. В этом году отметим 80 лет со дня Победы в Великой Отечественной...
10.04.2025 09:56
Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс рухына тағзым» атты Ұлы Отан соғысына қатысқан...
10.04.2025 09:54
Александр Никитин – ветеран спорта не представляет свою жизнь без движения и занятий спортом.Он принимает участие во многих спортивных соревнованиях...
10.04.2025 09:53
Қайырымдылық пен садақа – мұсылмандық қоғамның ажырамас бөлігі. Бұл дәстүр қоғамдағы рухани бірлікті нығайтып, халықтың ынтымағын арттырады. Соның айқын дәлелі...
10.04.2025 09:52
Қазақтың айтыс өнері ғасырлар бойы сақталып, дамып келе жатқан құнды мұра. Жас өнерпаздар мен талантты ақындар осы саланы дамытуға өз...
10.04.2025 09:50
На прошлой неделе в стенах историко- краеведческого музея имени Б.Майлина состоялось торжественное мероприятие по награждению семей, которые принимали участие в...
10.04.2025 09:48
Глава государства принял участие в Международной конференции «Центральная Азия перед лицом глобальных климатических угроз»В своем выступлении Касым-Жомарт Токаев отметил, что...
10.04.2025 09:47
В городе Костанай на базе Костанайского инженерно-экономического университета имени Мыржакыпа Дулатова прошел семинар-тренинг, организованный КГУ «Қоғамдық келісім» Управлением общественного развития...
10.04.2025 09:46
3-4 апреля во Дворце Независимости города Астаны состоялось расширенное Сената Парламента Республики Казахстан по взаимодействию с местными представительными органами (маслихатами)...
10.04.2025 09:45
По инициативе Президента РК с прошлого года в республике реализуется национальная программа «Таза Казакстан», нацеленная на формирование экологического сознания, бережного...
03.04.2025 10:03
Весенний месяц март весьма насыщен разными культурно-массовыми мероприятиями. Творческие коллективы и солисты центра досуга села Красносельское, Дома культуры сельского округа...
03.04.2025 09:44
В нашей области активно продолжается реализация программы KPI, утвержденная акимом области Кумаром Аксакаловым.В данной программе имеется пункт, который направлен на...
03.04.2025 09:40
Композитор, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толды. Қазақтың біртуар перзенті - 1925...
03.04.2025 09:39
Нашими главными источниками питания являются сельскохозяйственные культуры, возделыванием которых занимаются работники растениеводства.Агрономы, механизатор, комбайнеры и все работники, занятые в сфере...