Маусым айында Қамысты ауданында бұрын-соңды болмаған ерекше бастама – «Бабалар ізімен» атты тың жоба өз жорығын бастады.
Бұл рухани экспедицияның басты мақсаты – халқымыздың салт-дәстүрін, сал-серілік өнерін, ұлттық құндылықтарды насихаттау және жастарға үлгі болу. Жоба аясында өнерпаздар бес атпен жолға шығып, Қамыстыдан бастап өңірдің бірнеше аудан-қалаларын аралады. Қатысушылардың қатарында ақын, термеші, әнші, жалпы шығармашыл азаматтар бар. Олар жол бойындағы киелі орындарға, зираттарға тоқтап, бабалар рухына тағзым етіп, құран бағыштайды. Сонымен қатар әрбір елді мекенде жергілікті халықпен жүздесіп, рухани кештер өткізіп, ұлттық өнерді насихаттайды. Жалпы жоба аясында өнерпаздар екі қала мен бес ауданды аралап, дала төсінде салт атпен жүріп өтіп, қазақ даласының сұлулығын да, өнері мен дарқан көңілін, салт-дәстүрін паш етті.
- Бұл бастама халқымыздың бай мұрасын ұлықтауға бағытталған ерекше форматтағы сапар Домбыра күнімен де үйлесіп отыр. Қамысты ауданының 70 жылдығына орай тапсырыспен дайындалған домбыралар өнерлі азаматтарға тарту етіледі. Егер биылғы сапар сәтті өтсе, келер жылы Арқалық, Аманкелді, Жанкелдин аудандарына жол тартпақпыз, – дейді жоба жетекшісі, Қамысты аудандық мәдениет үйінің директоры Еркебұлан Кәрімұлы.
30 маусым күні Қамыстыдан шыққан бес атпен жолға шыққан өнерпаздар керуені алдымен Денисов ауданына жетіп, сол жерде киіз үй тігіліп, ұлттық тағамдар ұсынылып, салтанатты кездесу өтеді. Одан кейінгі күні Лисаков қаласына аялдап, Бейімбет Майлин ауданына ат басын тіреді. Жабағы батыр ескерткіші жанында аудан басшылары қарсы алды. Қасиетті топыраққа табан тиген керуенші өнерпаздар бабалар аруағына тағзым етіп, Журавлев ауылындағы қорымда орналасқан, аты аңызға айналған Жабағы батыр Ипанұлының жерленген жеріне келіп құран бағыштады. Көне тарих пен киелі табиғаттың үніндей сыр шертетін Әйет ауылындағы табиғат аясында орналасқан мөлдір бұлақ басына да арнайы барып, таза табиғаттың кәусарынан дәм татты. Бұлақтың сыңғырлаған үні мен айнала табиғаттың көркі келген меймандарға ерекше әсер сыйлады. Бұл сәт те ұлттық болмыстың бір бөлігі ретінде жүректерде жатталып қалды. Аудандық Елубай Өмірзақов атындағы Мәдениет үйі өнерпаздары кезекті мәрте ұлттық рухты ұлықтаған игі шараның куәсі болды. Олар өнер сапарымен ат басын тіреген қонақ өнерпаздарға ерекше құрмет көрсетіп, қазақ халқының бай мұрасы мен қонақжайлығын паш ету мақсатында ақ дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Келген қонақтар алдымен дәстүрлі сән-салтанатпен қарсы алынып, жоралғылар орындалды. Сапар соңында Қамысты ауданының 70 жылдығына орай қасиетті домбыра өнерпаз жігіттердің бірі Қабылдин Айбек Қуантайұлына естелік ретінде табыс етілді. Өнерпаздар мен қонақтар жарыса күй тартты. Қонақтар аудан өнерпаздарының ықыласына ризашылықтарын білдіріп, мәдени байланыстың мұндай қадамдары ел бірлігін бекемдейтінін атап өтті. Осындай іс-шаралар ұлттық рухты жаңғыртып, ел ішіндегі татулық пен өнерге деген құрметті арттырары сөзсіз.
10.07.2025 12:00
Металлург – бұл жай ғана мамандық емес, бұл – үлкен төзімділікті, қажырлы еңбекті, біліктілікті қажет ететін ауыр кәсіп. Металлургия –...
10.07.2025 09:54
Маусым айында Қамысты ауданында бұрын-соңды болмаған ерекше бастама – «Бабалар ізімен» атты тың жоба өз жорығын бастады.Бұл рухани экспедицияның басты...
10.07.2025 09:39
С целью популяризации занятием спорта, поддержки здорового образа жизни и укрепления семейных ценностей среди сотрудников государственной службы в спортивном зале...
10.07.2025 09:34
4 июля текущего года на сцене районного Дома культуры в рамках торжественного мероприятия, посвящённого Дню столицы Республики Казахстан, состоялось чествование...
10.07.2025 08:56
Глава государства посетил штаб-квартиру СВМДА в АстанеПрезидент Казахстана принял участие в торжественной церемонии открытия штаб-квартиры Совещания по взаимодействию и мерам...
10.07.2025 08:53
Тишина. Напряжённые взгляды. И только щелчки шахматных часов прерывают звенящую концентрацию… В районе Беимбета Майлина состоялся второй по счёту открытый...
10.07.2025 08:45
В преддверии Дня столицы в районном Доме культуры имени Елубая Умурзакова состоялся торжественный концерт «Елімнің жүрегі – Астана». Праздничное мероприятие...
09.07.2025 07:23
1 шілдеден бастап үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау мақсатында жыл сайын өткізілетін конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды.ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы ұйымдардың...
09.07.2025 07:19
1 июля начался прием заявок на ежегодный конкурс по присуждению премии для неправительственных организаций.Премия для НПО направлена на предоставление институциональной...
03.07.2025 13:32
Жазғы демалыста №2Тобыл жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жұмаділ Арыстан Арманұлы Қазақстанның елордасы – Астана қаласына сапарлады.Бұл сапар оның есінде...
03.07.2025 13:28
Жақында Әнкей Аманжол Нұрболатұлы өзінің інісі Әділ, қарындасы Айару және анасымен бірге еліміздің жүрегі – Астана қаласына саяхаттап қайтты.Бұл сапар...
03.07.2025 13:26
6 июля в Казахстане празднуется День столицы (День Астаны). Этот государственный праздник отмечается ежегодно и посвящен переносу столицы из Алматы...
03.07.2025 12:45
В завершении прошлой недели 27 июня в селе Береговое состоялось по-настоящему важное событие - открытие пожарного поста в рамках республиканской...
03.07.2025 12:40
В конце июня в Казахстане традиционно отмечается День работников средств массовой информации - праздник всех, кто трудится в газетах, на...
03.07.2025 12:26
Глава государства дал старт масштабной правовой акции - «Неделя Закона и Порядка», направленной на повышение правовой культуры населения, укрепление общественного...
03.07.2025 12:22
Соревнования проходили среди электромонтеров распределительных сетей ТОО «ЭПК Forfait», победителей зональных этапов. За право называться лучшей бригадой боролись команды Костанайской...
03.07.2025 12:18
С 12 по 14 июня в городе Костанай состоялись областные соревнования по Летнему Президентскому многоборью. В этом престижном спортивном мероприятии...
03.07.2025 12:16
26 июня во всём мире отмечается Международный день борьбы с наркоманией. Село Айет не осталось в стороне - в этот...