Металлург – бұл жай ғана мамандық емес, бұл – үлкен төзімділікті, қажырлы еңбекті, біліктілікті қажет ететін ауыр кәсіп. Металлургия – өнеркәсіптің ірі саласы. Қазақстанда жыл сайын шілде айының үшінші жексенбісінде Металлургтер күні аталып өтеді. Бұл – еңбегі еленген жұмысшыларға алғыс айту күні. Бұл күні зауыттар мен комбинаттарда еңбек озаттары марапатталады, салтанатты шаралар ұйымдастырылады.
Металлург – нағыз ер-азаматтың мамандығы. Олар – еліміздің өндірістік қуатын арттырып отырған жандар. Металлургияда еңбек ететін әрбір азамат – ел дамуына үлес қосып жүрген мақтаныш иесі. Металлург күні – бұл қажырлы еңбек иелерінің, өндіріс майталмандарының, нағыз темірдей төзімді азаматтардың кәсіби мерекесі. Солардың бірі –Темирбаев Талғат Серікұлы. Әйет ауылында туып, мектеп бітірген. Қазір Май ауылында жұбайымен екеуі екі бала тәрбиелеп, өсіріп отыр. Мыржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде оқып, «Автоматтандыру және басқару» мамандығын оқып бітірген Темирбаев Талгат «Варваринское» АҚ алтын өндіру және байыту фабрикасы өндірістік бірлестігінде 5 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан шаруашылық учаскедегі шебер механик.
Алтын – ел экономикасының тірегі. Ал оны өндіру мен байыту – үлкен жауапкершілікті, кәсіби шеберлікті талап ететін ауыр еңбек. Талғат Серікұлы осы саланың бел ортасында, байыту фабрикасындағы шаруашылық учаскесінде аянбай тер төгіп келе жатқан білікті маман. Қазіргі таңда алтын өндіру және байыту фабрикасында шебер механик қызметін атқаратын Талғат Серікұлы өндірістік бірлестіктің ең жауапты учаскелерінің біріне жетекшілік етеді. Ұжым арасында зор құрметке ие, себебі кез келген техникалық ақауды уақытылы анықтап, өз ісінің маманы ретінде шеберлік танытып келеді. Механиктің жұмысы адаммен де тығыз байланысты. Жетекшілік ететін учаскеде техника қауіпсіздігі мен өндіріс үдерісінің дұрыс жүруі Талғат Серікұлының күнделікті бақылауындағы шаруа. Жұмысшылардың құрал-жабдықпен дұрыс жұмыс істеуі, ақаулардың алдын алу, механизмдердің сапалы қызмет атқаруы – бәрі де шебердің тәжірибесі мен ұқыптылығына тәуелді. Бұл – оның кәсібіне деген шынайы сүйіспеншілігінің айғағы. Жауапты қызметпен қатар, Талғат Серікұлының өмірінде маңызды орын алатын тағы бір сала – спорт. Ол спортқа өте жақын жан. Футболды ерекше жақсы көреді, үнемі жаттығуға қатысады, әріптестерімен бірге алаңға шығып, белсенді ойын көрсетеді. Қазіргі таңда «Варваринское» футбол құрамасының мүшесі ретінде түрлі жарыстарда командасы үшін тер төгіп жүр. Әр ойын сайын шабыттанып, жеңіс үшін барын салады. Өндірістегі талапшылдығы мен спорттағы белсенділігі – оның еңбекқор, мақсаткер әрі салауатты өмір салтын ұстанатын жан екенін көрсетеді. Еңбегі мен мінезі жарасқан Талғат Серікұлы, өндіріске де, спортқа да үлес қосып жүрген нағыз азамат. Адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін ол мекеме басшылығы мен сала бойынша марапаттарға ие болған. Бұл – еңбектің еленуі, маңдай тердің жемісі.
Металлург күні қарсаңында осындай мамандарды мақтанышпен атап өту – парызымыз. Талғат Серікұлы сынды еңбек адамдарын елеп-ескеру – келер ұрпаққа үлгі. Металлургия – күш пен қажырды талап ететін сала. Ал сол саланың негізін қалаушы жандар шынайы еңбек адамдары. Оларға мың алғыс!
10.07.2025 12:00
Металлург – бұл жай ғана мамандық емес, бұл – үлкен төзімділікті, қажырлы еңбекті, біліктілікті қажет ететін ауыр кәсіп. Металлургия –...
10.07.2025 09:54
Маусым айында Қамысты ауданында бұрын-соңды болмаған ерекше бастама – «Бабалар ізімен» атты тың жоба өз жорығын бастады.Бұл рухани экспедицияның басты...
10.07.2025 09:39
С целью популяризации занятием спорта, поддержки здорового образа жизни и укрепления семейных ценностей среди сотрудников государственной службы в спортивном зале...
10.07.2025 09:34
4 июля текущего года на сцене районного Дома культуры в рамках торжественного мероприятия, посвящённого Дню столицы Республики Казахстан, состоялось чествование...
10.07.2025 08:56
Глава государства посетил штаб-квартиру СВМДА в АстанеПрезидент Казахстана принял участие в торжественной церемонии открытия штаб-квартиры Совещания по взаимодействию и мерам...
10.07.2025 08:53
Тишина. Напряжённые взгляды. И только щелчки шахматных часов прерывают звенящую концентрацию… В районе Беимбета Майлина состоялся второй по счёту открытый...
10.07.2025 08:45
В преддверии Дня столицы в районном Доме культуры имени Елубая Умурзакова состоялся торжественный концерт «Елімнің жүрегі – Астана». Праздничное мероприятие...
09.07.2025 07:23
1 шілдеден бастап үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау мақсатында жыл сайын өткізілетін конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды.ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы ұйымдардың...
09.07.2025 07:19
1 июля начался прием заявок на ежегодный конкурс по присуждению премии для неправительственных организаций.Премия для НПО направлена на предоставление институциональной...
03.07.2025 13:32
Жазғы демалыста №2Тобыл жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жұмаділ Арыстан Арманұлы Қазақстанның елордасы – Астана қаласына сапарлады.Бұл сапар оның есінде...
03.07.2025 13:28
Жақында Әнкей Аманжол Нұрболатұлы өзінің інісі Әділ, қарындасы Айару және анасымен бірге еліміздің жүрегі – Астана қаласына саяхаттап қайтты.Бұл сапар...
03.07.2025 13:26
6 июля в Казахстане празднуется День столицы (День Астаны). Этот государственный праздник отмечается ежегодно и посвящен переносу столицы из Алматы...
03.07.2025 12:45
В завершении прошлой недели 27 июня в селе Береговое состоялось по-настоящему важное событие - открытие пожарного поста в рамках республиканской...
03.07.2025 12:40
В конце июня в Казахстане традиционно отмечается День работников средств массовой информации - праздник всех, кто трудится в газетах, на...
03.07.2025 12:26
Глава государства дал старт масштабной правовой акции - «Неделя Закона и Порядка», направленной на повышение правовой культуры населения, укрепление общественного...
03.07.2025 12:22
Соревнования проходили среди электромонтеров распределительных сетей ТОО «ЭПК Forfait», победителей зональных этапов. За право называться лучшей бригадой боролись команды Костанайской...
03.07.2025 12:18
С 12 по 14 июня в городе Костанай состоялись областные соревнования по Летнему Президентскому многоборью. В этом престижном спортивном мероприятии...
03.07.2025 12:16
26 июня во всём мире отмечается Международный день борьбы с наркоманией. Село Айет не осталось в стороне - в этот...