Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйінде «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Үміт-2050» қоғамдық қоры және Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйі ұйымдастыруымен өткен үш күндік «Келісім – достық кепілі» аудандық фестивалі, «Тіл – әр халықтың байлығы» форумы және «Мемлекеттік тіл – ұлттың айбыны» аймақтық семинары көпшілікті бір арнаға тоғыстырды. Бұл шаралар ел бірлігін, ұлттар арасындағы достық пен татулықты дәріптеуге, сондай-ақ мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталды. Мәдениет пен өнер ұштасқан мазмұнды басқосулар барысында қатысушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, рухани мұраны сақтау мен дамыту жолдарын талқылады.
Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен Қазақстан халқының тілдері күніне орай аудандық Мәдениет үйінде 20 тамызда «Келісім – достық кепілі» атты аудандық фестиваль халықтар арасындағы достықты, ынтымақ пен бірлікті дәріптеуге, өнерлі жастарды қолдауға арналды. Тіл – халықтың жүрегі, тарихы мен мәдениетінің айнасы. Ал достық пен келісім – мызғымас қамал, болашаққа жол ашатын күш. Байқауға ауданның барлық ауылдарынан жас өнерпаздар қатысып, ән, күй, би жанрларында өз өнерлерін көрсетті. Екі жас санатында өткен сайыста 8-11 жас аралығындағы және 12-15 жас аралығындағы өнерлі балалар өз талантымен көрермендерді тәнті етті. Көрермендер жас таланттардың өнерін жылы ықыласпен қарсы алып, әрбір қатысушыға қолдау көрсетті. Қазылар алқасы нәтижесін шығарған соң үздік өнерпаздар марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді. «Келісім – достық кепілі» фестивалі қатысушылар мен қонақтардың жүрегінде үлкен әсер қалдырды. Бұл шара аудан жастарының шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, мәдени дәстүрлерді дәріптеуге үлкен үлес қосты. Мерекелік кеш достық пен бірліктің жарқын үлгісіне айналды.
21 тамыз күні Қазақстан Республикасының тілдер күніне арналған «Тіл – әр халықтың байлығы» атты форум өтті. Мәдениет пен руханиятты ұлықтаған бұл шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілді дәріптеу, тіл арқылы халықтар арасындағы татулық пен бірлікті нығайту болды.
Форумда Мәдениет үйінің кіреберіс фойесінде көрермендер назарына Бейімбет Майлин шығармалары негізінде дайындалған көркем инсталляциялар ұсынылды. Залда мерекелік безендіру мен экрандағы тақырыптық бейнефорумның рухын айшықтай түсті. Форум барысында сөз алған Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Кенжеғали Әмірғалиұлы Бимағанбетов мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытындағы жұмыстар туралы айтып өтті. Іс-шараның маңызды бөлігі – марапаттау рәсімі болды. Мемлекеттік тілді дамытуға және насихаттауға үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс хаттар табысталды. Олардың қатарында: Владислав Васильевич Вакуленко – «Юбилейный жалпы білім беретін мектебі» КММ ағылшын тілі мұғалімі, Айман Астановна Зыбалева – «Елубай Өмірзақов атындағы мәдениет үйі» ММ көркемдік жетекшісі, Ислам Ғабитұлы Айтмағанбетов, Наталья Владимировна Маркова, Раиса Сарсенбаевна Овчарова және аудан мәдениеті мен қоғамдық келісімге үлес қосқан өзге де белсенді азаматтар бар. Сонымен қатар тілдерді оқыту орталығының әдіскерлері мен оқытушыларына, мәдениет қызметкерлеріне, шығармашылық ұжым өкілдеріне де марапаттар табысталды. Форум барысында көрермендер назарына әсем ән мен күмбірлі күй ұсынылды. «Алға» тобының «Өз елім», «Даймондс» тобының «Әлқисса» және «Алаш» биі, «Әйет» ансамблінің «Ерке сылқым» күйі, сондай-ақ Асан Әнуарбек, Айбек Қабылдин, Қуаншыгүл Есімғалиева сынды өнерпаздардың әндері мерекелік шараның сәнін келтірді. Шараға қатысқан жергілікті тіл жанашырлары да жүрекжарды тілектерін білдіріп, мемлекеттік тілді ұлықтау – әр азаматтың парызы екенін атап өтті. Форумның соңында барлық қатысушылар сахнаға көтеріліп, ел бірлігі мен достығын паш етті. «Тіл – тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің діңгегі. Мемлекеттік тіл – әр азаматтың болашағы мен мақтанышы» деген ұранмен өткен форум көрермендерге ерекше рух сыйлады.
22 тамыз күні Бейімбет Майлин ауданының мәдениет үйінде Қазақстан халқының тілдер күніне арналған «Мемлекеттік тілді оқытудың озық тәжірибелері» атты аймақтық семинар ұйымдастырылды. Шараға өңірдің мәдениет және білім саласының өкілдері, тіл мамандары мен оқытушылар, сондай-ақ аудан тұрғындары қатысты. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Қазбекқызы Нұғманова алып, мемлекеттік тілдің өркендеуі – баршаның ортақ парызы екенін атап өтті. Пленарлық отырыс барысында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Тоты Әбдібекқызы Айтмағамбетова құттықтау сөз сөйлеп, тіл мамандарына шығармашылық табыс тіледі. Семинар бағдарламасы мазмұнды баяндамалар мен шеберлік сабақтарына ұласты: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Қостанай облыстық кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі, гуманитарлық ғылым магистрі, халықаралық эксперт Ғалия Сапарбекқызы Жүсіпова «Тіл үйретудегі тренингтік оқыту» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті. Сарыкөл ауданы Урицк мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Есбол Өміртай «Идея – нәтиже – дағды» атты шеберлік сағатын өткізіп, заманауи әдістемелер ұсынды. Рудный қаласы тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанат Досубаева «Қазақ тілі сабағында заманауи технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбында тың ойларын ортаға салды.
Семинардың бірінші бөлімі аяқталған соң, қатысушылар аудандық тарихи-өлкетану музейі мен кітапханаға барып, рухани мұрамен танысты. Күннің екінші жартысында семинар жұмысы секциялар бойынша жалғасып, қонақтар ауданның киелі орындарының бірі – Жабағы батыр кесенесіне экскурсия жасады.
«Бұл семинар әлеуметтік тапсырыс аясында аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырмасымен іс-шаралар ұйымдастырылды. Тіл туралы шаралар үш деңгейде өткізілді: балаларға, жастарға және оқытушыларға арналды. Бұл баршамыздың ортақ еңбегіміздің жемісі. Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа бағыттары мен заманауи әдістерін тәжірибе жүзінде көрсетуге арналған маңызды алаң болды. Қатысушылардың белсенділігі мен жаңашыл идеялары көңіл қуантады. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру – баршамыздың ортақ борышымыз. Бүгінгі жиыннан түйген ойлар мен ұсыныстар алдағы уақытта жұмысымызды жетілдіруге септігін тигізеді. Алдағы уақытта ауданда тіл саясатын дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралар жалғасын табады», – деді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Қазбекқызы Нұғманова.
Аймақтық семинар қазақ тілін оқытудағы тәжірибе алмасу, әдістемелік біліктілікті арттыру және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге үлес қосатын маңызды шара болды. Қазақ тілін үйрету курстарының сапасын арттыру, шеберлік сабақтары мен тренингтерді жиі өткізу, аудан мектептері мен балабақшаларында тілдік орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылмақ.
24.11.2026 12:51
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев выступил инициатором масштабных конституционных преобразований, направленных на модернизацию государственных институтов, укрепление законности и защиту прав...
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...