Қыркүйек айының екінші жексенбісі елімізде Отбасы күні ретінде аталып өтті. Бұл – отбасы құндылықтарын дәріптейтін, бірлік пен татулықты ұлықтайтын мерейлі мереке. Қазақ қоғамында берекелі отбасы – елдің тұтастығы мен ұйытқысы болып саналады.
Отбасы күні әр өңірде өнегелі шаңырақтар үлгі етіледі. Осындай өнегелі шаңырақтың бірі – Тобыл кентінде тұратын Дүтбай Анькей әулеті. Анькей ақсақалдың өмір жолы еңбекпен өрілген. 1992 жылы Моңғолиядан атамекенге оралып, Қарабалық ауданына қоныстанған. Жеке шаруашылықта 30 жыл бойы жылқы бағып, адал еңбегімен зейнетке шыққан. 2021 жылдан бастап отбасы Тобыл кентінде тұрақтап, үлкен әулет болып отыр. 1974 жылы шаңырақ көтерген Анькей әке мен жары Авилгажи Күлпаш апамен отасқандарына биыл 51 жыл толды. Жарты ғасырлық өмірлік сапарда олар 7 баланы тәрбиелеп, қанаттандырды. Бүгінде 11 немере, 2 жиен, 2 шөбереден сүйіп көріп отырған бақытты ата-әже. Әулет мүшелері бір-біріне қамқор, ұйымшыл, Наурыз мерекесі сынды ұлттың ұлы мейрамдарын барлығы бірге қарсы алып, дастархан басында жиналуды дәстүрге айналдырған. Анькей әулеті – татулықтың, еңбексүйгіштіктің, ізгілік пен сыйластықтың символы. Отбасын отағасы мен отанасы тәрбиелі, білімге құштар, еңбексүйгіш ұл-қыз өсіріп отырған жанұя. Көпбалалы бола тұра, олар әр баласының болашағына ерекше мән беріп, ата-аналық жауапкершіліктің үлгісін көрсетуде. Анькей әулеті бұл өңірге көшіп келгеніне бес жыл жуық уақыт өтсе де, жаңа ортаға сіңісіп, ауылдастарымен, көршілерімен тату-тәтті өмір сүріп келеді. Анькей ақсақалдың өзі Моңғолияда жүргенде көкпар тартып, теңге алуда шеберлігімен көзге түсіп, талай мәрте жеңімпаз атанған. Бұл өнер әулетінде үзілмей жалғасып келеді: кенже ұлы, мұғалім Несіпханның бос уақытында жылқыны баптап, көкпарға үйретуде. Үлкен балалары Серикболат техникаға жақын, Ерболат теміржолда және Нұрболат электр жүйесінде еңбек етеді. Бір келіні Айнагүл ұстаздық жолында, ал Лена келіні мектептерінде еңбек етуде. Балалары адал еңбек етіп, өз еңбегімен ауылға сыйлы азамат атанса, немерелері мектеп қабырғасында білім алып, түрлі үйірмелерге қатысып, белсене қатысып жүр. Әке-шеше үшін ең үлкен сын – баланың тағдыры. Анькей ақсақалдың бір қызы Амандық бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан болса да, ата-анасының қамқорлығы мен отбасының мейірімі оның тірегіне айналып отыр. Ол да өз алдына жеке үйі болуды армандайды. Гаухар, Жайнагүл қыздары жеке жеке өз отбасы бар. Әулеттің ұйытқысы саналатын ата-ана ұрпағын ата салтты қастерлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулиды. Отбасының ұйытқысы саналатын ата-ана ұрпақтарын еңбексүйгіштікке, салт-дәстүрге құрметпен қарауға тәрбиелеуде. Анькей отбасына ауылдастары да үлкен құрметпен қарайды. Себебі олар тек өз шаңырағын емес, айналасын да ізгілікке, бірлікке шақырып жүрген жандар. Бүгінде Анкей әулеті – көпбалалы, көпті көрген, еңбекқор отбасының жарқын үлгісі. Олар үшін отбасы бақыты – бірлікте, татулықта, сыйластықта. Анькей әке жас отбасыларға үнемі ақылын айтып, «Үйлену оңай, үй болу қиын. Қиындық пен қуанышты бірге көтеріп, бір-біріне сүйеніш болу – нағыз отбасылық бақыт» деп жиі ескертіп отырады. Анькей әулеті – ұлттық дәстүрді сақтап, ұрпаққа өнеге бола білген, бірліктің, еңбектің, ізгіліктің айқын үлгісі. Отбасы күні мерекесінде Анкейлердің өнегелі өмірі бізге бір нәрсені еске салады: «Шаңырақтың мықтылығы – береке мен бірлікте».
Отбасы күні – біз үшін тек мереке ғана емес, әр шаңырақтың қадірін бағалау, ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті дәріптеу күні.
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...