Қазақ халқы қашан да қариясын қадірлеп, үлкенін сыйлаған халық. 1 қазан – Қарттар күні осы ұлық дәстүрдің жалғасы іспеттес, аға буынға құрмет көрсетудің айшықты мерекесі болып саналады.
Қарттар – біздің елдің шежіресі, тарихымыздың тірі куәгерлері. Олар талай қиындық пен өзгерісті бастан өткеріп, ұрпағына амандық пен бейбіт өмір сыйлаған. Соғысты да, еңбектің ауыр кезеңдерін де көріп, ауыл шаруашылығында, зауытта, мектепте, түрлі салада маңдай терін төгіп, еліміздің дамуына зор үлес қосты. Ауылымызда да осындай ақылшы ақсақалдар мен өнегелі әжелер аз емес. Олар бүгінгі күні немере-шөберелерінің ортасында отырып, елдің берекесін арттырып отыр. Әрбір қарт – бір тарих, әрбір қарт – бір мектеп. Олардың айтқан ақыл-өсиеті жас буынға бағыт-бағдар, тіршіліктегі адастырмас шамшырақ. Өмірін адал еңбекпен өткізген жандардың бірі – Тобыл кенті тұрғыны, қадірлі ақ жаулықты ана, әже Айтмағанбетова Майра Нұғманқызы. Қызбел елінде туған Майра әжеміз Аксуат мектебінде білім алған. 20 жасында Айтмағанбетов Әбдібек атамызға тұрмысқа шыққан. Әбдібек ата тоғызқұмалақтан Қазақ СССР-ның спорт шебері болған. Ол кісі де кезінен еңбекке араласып, елдің игілігі үшін маңдай терін төккен жан. Майра Нұғманқызы арнаулы білім беретін техникалық училищеде кассир болып жұмыс жасаған. 10 бала туып, өсірген. Тобол кентінде тұрып жатқанына 6 жыл. Әжеміздің 13 немересі, 2 шөбересі бар. Әжеміз әрқашан жастарға ақыл-кеңесін айтып, өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп отырады. Үйінің төрінде немере-шөберелерінің шат күлкісі,балалары мен келіндері, сонымен қатар айналасында құрмет тұтқан ауылдастары – оның ең үлкен қуанышы. Майра әже – біздің тарихымыздың куәгерлері, елдің тірегі. Ол салт-дәстүрді сақтап, ұрпаққа өнеге көрсетіп келеді. Әжеміз ауылдың той-томалағында ақ батасын береді, шеберлігін көрсетіп, жас ұрпаққа үйретіп келеді. Әжеміздің қолынан шыққан дәмі, айтқан ертегі-аңызы – ұрпақтың рухани азығы. Ол кісінің отбасы берекелі, ұрпақтары үлгілі. Әсіресе, немерелері Санжар мен Асылым әжесінің мақтанышы. Санжар мектепте үздік оқушылардың қатарында. Ол сабаққа тиянақты, білімге құштар. Атасы сияқты тоғызқұмалақ ойнағанды жақсы көреді. Ұлттық ойынды шебер меңгерген. Асылым немересі өте өнерлі қыз. Ән айтып, би билеуді жақсы көреді. Мектептегі түрлі мәдени шаралардың белсенді қатысушысы. Оның әсем даусы мен сахнадағы өзін-өзі ұстауы жұртты тәнті етеді. Әжесі Асылымның болашағынан үлкен үміт күтеді.
Қарттар күнінде әрбіріміз аға буынға ыстық ықыласымызды білдіріп, алғыс айтуымыз керек. Құрметті қарияларымыздың жасы ұзақ болып, дендері сау, жүздері жарқын болғай! Қарттар күнінде біз оларға тек құрмет көрсетіп қана қоймай, жүрегіміздің шынайы алғысын білдіреміз. Себебі, бүгінгі бейбіт өміріміздің, еліміздің өркендеуінің негізін қалаған – сол ардақты аға буын. Қарттарымыз аман болып, жастары ұзақ, жүздері жарқын болсын!
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...