Спорт – қоғамның дамуы мен ұлт денсаулығының негізгі тірегі. Тобыл кентінде бұқаралық спортты дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып, тұрғындардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығы артып келеді. Ересектер мен балаларға арналған түрлі спорттық секциялар ашылып, ауылда тұрақты түрде жарыстар ұйымдастырылуда. Осы бағыттағы жұмыстар туралы Тобыл кентіндегі спорттық іс-шараларды үйлестіруші Сергей Шевцовпен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
Тілші: – Сергей Сергеевич, Тобыл кентінде бұқаралық спортты дамыту бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
Сергей Шевцов: – Қазіргі таңда Тобыл кентінде спортқа ерекше көңіл бөлінуде. Ересек тұрғындар арасында волейбол, баскетбол, фитнес және мини-футбол секциялары тұрақты түрде жұмыс істейді. Ал балалар үшін дзюдо, жеңіл атлетика және мини-футбол үйірмелері ашылған.
Тілші: – Ал ауыл тұрғындары арасында жарыстар жиі өткізіле ме?
Сергей Шевцов: – Иә, жыл сайын Тобылда дәстүрлі спартакиада өткізіледі. Бұл шараға ауыл тұрғындары белсене қатысады. Спартакиада аясында мини-футбол, тоғызқұмалақ, шашки, арқан тарту, волейбол сияқты спорт түрлері қамтылған. Мұндай жарыстар ауыл өміріне серпін беріп, халықтың спортқа деген қызығушылығын арттырады.
Тілші: – Мүмкіндігі шектеулі жандар да спорттық шараларға қатыса ма?
Сергей Шевцов: – Әрине, біз үшін олардың қатысуы маңызды. Биыл мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында корнхол, дартс және шашки ойындарынан жарыстар өткізілді. Бұл олардың өз күшіне сенуіне, белсенді өмір сүруіне үлкен мүмкіндік береді.
Тілші: – Балалар мен жастар арасында қандай спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды?
Сергей Шевцов: – 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Көңілді старттар» өткізілді. Сондай-ақ, жыл бойы жасөспірімдер арасында мини-футбол мен жеңіл атлетикадан жарыстар тұрақты ұйымдастырылып тұрады.
Тілші: – Хоккей туралы айтып өтсеңіз?
Сергей Шевцов: – Иә, биыл Тобыл кенті әкімінің Кубогы үшін хоккей турнирі өтті. Оған төрт команда – «Тобол», «Молодёжка Тобол», «Айет» және «Лисаковск» қатысты. Бұл жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Тілші: – Жалпы, спорттың қоғам өміріндегі маңызы жөнінде не айтар едіңіз?
Сергей Шевцов: – Спорт – бұл тек денсаулық емес, бірлік пен рухтың күші. Адамдар спорт арқылы достасады, ерік-жігерін шыңдайды. Тобылда спорттың дамуы – тұрғындардың өмір сапасын арттырудың бір көрінісі деп ойлаймын.
Тілші: – Әңгімеңізге рақмет!
Тобыл кентінде спорт саласы қарқынды дамып келеді. Мұнда жас та, кәрі де белсенді өмір салтын ұстанып, түрлі спорт түрлерімен айналысуда. Мұндай бастамалар тұрғындардың денсаулығын нығайтып, ауыл өміріне сергектік пен қуат береді.
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...