Еңбек – адам өмірінің мәні, қоғамның дамуының басты негізі. Адал еңбек еткен адамның өмірі – өнеге, ісі – үлгі. Осындай еңбегімен ел құрметіне бөленіп жүрген жандардың бірі – темір жол саласының тәжірибелі қызметкері, абыройлы азаматша Игубаева Айман Сүлейменқызы.
Тобыл кентіндегі «Әскерилендірілген темір жол күзеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің карауыл бастығы болып қызмет атқаратын Айман Сүлейменқызы – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, еңбек жолында мол тәжірибе жинаған білікті маман. Ол теміржол нысандарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде 15 жылдан астам уақыт бойы табанды еңбек етіп келеді.
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС – Қазақстандағы теміржол нысандарын күзетуді және жүктерді алып жүруді қамтамасыз ететін ірі күзет ұйымы. Осындай маңызды салада нәзік жан карауыл басшысы ретінде Айман Сүлейменқызы тәуліктік күзет қызметін ұйымдастырып, ұжымдағы тәртіп пен жауапкершілікті қатаң бақылауда ұстайды. Көп жылғы адал еңбегі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында ол «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының, сондай-ақ Тобыл кенті әкімінің алғыс хаттары және мақтау қағаздарымен марапатталған. Айман Сүлейменқызы – тек еңбекқор қызметкер ғана емес, сонымен қатар өнерді ерекше сүйетін жан. Теміржол саласында өткен өнер сайыстарына қатысып, белсенділік көрсетіп тұрады. Бос уақытында аудандық және жергілікті «Думан» Мәдениет үйінде концерттерде өнер көрсетіп, жүрекке жылы тиетін әсем әндерімен көрермендерді қуантады. Оның табиғи дауыс ырғағы мен сахна мәдениеті жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленіп жүр. Отбасында да өнегелі ана, сүйікті жар, асыл әже. Жолдасы Игубаев Кайргельды Сембайұлымен бірге екі ұл тәрбиелеп, бүгінде алты немеренің мейірімді әжесі атанып отыр. Үлгілі өмірі мен жылы жүрегі – айналасындағы жандарға қуат беріп, жастарға өнеге болып келеді.
Қай салада болмасын, ел дамуының іргетасы – еңбек адамдары. Осындай өз ісіне берілген, ел игілігі үшін аянбай тер төгіп жүрген Игубаева Айман Сүлейменқызының өмір жолы мен адал еңбегі – көпке үлгі. Еңбек пен өнерді ұштастыра білген бұл парасатты жанның табандылығы мен ізгі істері – ұжымның мақтанышы, елдің игілігі.
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...