Қазіргі цифрлық дәуірде білім беру жүйесінің басты талаптарының бірі – оқушылардың технологиялық ойлау қабілетін дамыту, инновациялық бағыттарға қызығушылығын арттыру. Осы тұрғыда робототехника үйірмелері мектептерде ерекше сұранысқа ие болып, балалардың логикалық ойлауын, техникалық сауаттылығын және командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыруда маңызды рөл атқаруда.
Мектептегі робототехника бағытындағы жұмыстар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жоспарланып, теория мен практиканы ұштастыра отырып жүргізіледі. Үйірме барысында балалар конструкторлармен жұмыс істеп, робот құрастырып қана қоймай, оны бағдарлама арқылы басқаруды үйренеді. Бұл олардың ойлау, талдау, шешім қабылдау қабілеттерін дамытып, өз жобаларын қорғауға машықтандырады.
Сонымен қатар, робототехника сабақтары оқушыларды ғылым мен техниканың таңғажайып әлеміне жетелейді. Жасөспірімдер түрлі деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларға қатысып, өз жобаларын таныстырады. Мұндай жарыстар балалардың өзіне деген сенімін арттырып, болашақта инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылығын оятады.
Бұдан бөлек, робототехника үйірмесінің тағы бір артықшылығы – командалық жұмысқа бейімделу. Бір жобаны бірнеше оқушы бірігіп орындау арқылы олар бір-бірімен пікір алмасуды, ортақ мақсатқа жұмыс істеуді, жауапкершілікті бөлісуді үйренеді
Тобыл кенті 1 Тобыл жалпы білім беретін мектебіндегі робототехника үйірмесі 2023 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істеп келеді. Кабинет толықтай жабдықталған, робот-конструкторлар толық жұмыс жағдайында. Екі жылдың ішінде 30-дан аса оқушы білім алып, робототехника негіздерін меңгерді. Қазіргі таңда тұрақты түрде 23 бала үйірмеге қатысып жүр. Балалардың робот құрастыруға деген қызығушылығы күннен күнге артып келеді. Үйірме барысында оқушылар өз роботтарын құрастырып, бағдарламасын жазып, оны іске қосуды және қозғалысқа келтіруді меңгереді. Оқушылардың ынтасы мен талпынысы – педагог үшін үлкен мотивация.
Үйірме мүшелері аймақтық және облыстық жарыстарға қатысып, үздік нәтижелер көрсетіп келеді. “Қазақстан цифрлы мемлекетке айналуы тиіс”, – деп атап өткен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі, робототехника саласының қоғамды цифрландырудағы маңызды рөлін айқындайды.
Робототехника үйірмесінің педагогі Курбанходжаева Райхан Хасимджановна – тәжірибелі, өз ісіне жан-жақты берілген маман. Лисаковск қаласында өткен аймақтық жарыста “Кегель-квадро” санаты бойынша 1-орынды иеленіп, үйірме жұмысының жоғары деңгейі дәлелденді. Сонымен қатар өткізген ашық сабағы мектеп басшылығы тарапынан өте жоғары бағаланған.
Робототехника үйірмесі – болашақ мамандарды даярлайтын заманауи алаң. Ол оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, технологиялық жаңалықтарға бейім, жан-жақты тұлға қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Білім беру ұйымдарында бұл бағыттың дамуы – елдің инновациялық болашағына жасалған маңызды қадам.
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...