Мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауылдық жерлерге келген жас мамандарды қолдаудың тиімді тетігіне айналып отыр.
Аталған бағдарламаның нақты нәтижесін көріп, оның игілігін сезініп жүргендердің бірі – №2 Тобыл жалпы білім беретін мектептің аға-тәлімгері Нагашбай Алима Токашевна. Алима Токашевна бұл бағдарлама туралы алғаш рет «Аманат» партиясынан келген маман Калимова Жанна Жұмабаевнадан және мектеп басшысы Алиева Гульнар Расулқызынан естіген. Ақпаратпен танысып, мүмкіндікті тиімді пайдаланған жас маман бүгінде ұстаздық қызметін Тобыл кентінде сенімді түрде жалғастырып келеді.
– Қазіргі таңда мен аға-тәлімгер қызметін атқарамын. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2025–2026 оқу жылында көтерме жәрдемақы алып, тұрғын үй алуға жеңілдетілген несиеге қол жеткіздім, – дейді ұстаз Алима Токашевна. Бағдарламаның басты артықшылығы – тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік беруі. Өз үйінің болуы жас маманның кәсіби қызметіне де, жеке өміріне де оң әсер еткен.
– Тұрғын үймен қамтамасыз етілуім болашаққа нақты жоспар құруыма жол ашты. Бұл – жас маман үшін үлкен әлеуметтік қолдау. Еңбек етуге деген ынтамды арттырып, өз ісіме сеніммен қарауға көмектесті, – деп атап өтті Алима Токашевна. Ол бағдарламаны іске асыру барысында айтарлықтай қиындықтар болмаған. Қажетті құжаттарды дайындау мен рәсімдеу жұмыстары белгіленген талаптарға сай жүргізілген. Сөз соңында ол аталмыш бағдарламаға қатысқысы келетін жас мамандарға өз кеңесін де жеткізді:
– «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жас мамандарға нақты қолдау көрсетеді. Баспана мен тұрақты жұмыс мәселесін шешуге көмектеседі. Ауылдық жерде еңбек ете жүріп, кәсіби тәжірибе жинақтауға, қоғамға пайда тигізуге, өз орныңды табуға болады. Бұл – болашаққа жасалған сенімді қадам.
Мемлекеттік бағдарламалардың осындай нақты нәтижелері ауылдың дамуына серпін беріп, жас кадрлардың тұрақтап қалуына ықпал ететіні анық.
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...