№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебінде Ұлы ақын, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлы мұрасын дәріптеу, жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту мақсатында дәстүрлі «Абай оқулары» республикалық шығармашылық конкурсының аудандық кезеңі ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
Аталған байқау – оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды шаралардың бірі. Байқауға аудан мектептерінің 8-11 сынып оқушылары белсенді түрде қатысып, өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар Абай Құнанбайұлы және Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларын жатқа айтып, қазақ әдебиетінің інжу-маржандарын насихаттады.
Сайыс бес номинация бойынша өткізілді. «Абайдың асыл мұрасы» номинациясында оқушылар ақынның өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп жатқа оқудан бақ сынады. Бұл кезеңде қатысушылардың көркем оқу шеберлігі, дауыс ырғағы мен шығарманы жеткізу деңгейі жоғары бағаланды.
«Абайдың ақын шәкірттері» бағыты бойынша оқушылар Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа айтып, олардың мазмұнын терең меңгергендерін көрсетті.
Ал «Әнді сүйсең менше сүй» номинациясында қатысушылар Абай және оның шәкірттерінің әндерін орындап, музыкалық қабілеттерін танытты. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясында жас ақындар өз туындыларын ұсынып, шығармашылық ізденістерін көрсетті. Қатысушылардың өлеңдерінен олардың ой-өрісі, тіл байлығы мен поэзияға деген сүйіспеншілігі анық байқалды. Соңғы «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» номинациясында оқушылар ұлы ақынның әдебиеттегі бейнесін жан-жақты талдап, терең білімдерін көрсетті. Бұл кезеңде әсіресе Мұхтар Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясы негізінде берілген жауаптар ерекше бағаланды. Байқау барысында қатысушылардың өнері мен білімін тәжірибелі қазылар алқасы бағалап, үздіктерді анықтады. Нәтижесінде әр номинация бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом иегерлері марапатталып, жеңімпаздарға облыстық кезеңге жолдама берілді.
Аудандық «Абай оқулары» байқауы – жас ұрпақтың рухани дамуына ықпал ететін, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін маңызды мәдени іс-шара екендігін тағы бір дәлелдеді. Мұндай байқаулар арқылы оқушылар қазақ әдебиетінің тереңдігін түсініп, ұлы тұлғалардың мұрасынан тағылым алады.
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлы айтқандай, «Ғылым таппай мақтанба» деген өсиет бүгінгі жастар үшін де өзектілігін жоғалтпайды. Сондықтан осындай тағылымы мол шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба беретіні сөзсіз.
16.04.2026 12:12

Реализация творческих проектов талантливой молодежи продолжает приносить нашему району яркие победы и заслуженное признание. Очередным поводом для гордости стал успех...
16.04.2026 12:09

Бейімбет Майлин ауданында елді мекендерді абаттандыру бойынша жүйелі жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл іс-шаралар Қостанай облысы әкімінің халықтың өмір сүру...
16.04.2026 12:08

В районе Беимбета Майлина на постоянной основе проводится системная работа по благоустройству населённых пунктов. Данные мероприятия реализуются в рамках поручений...
16.04.2026 09:48
В Журавлевской балке состоялся первый в этом году субботник на роднике, одном из популярнейших природных источников района. К уборке территории...
16.04.2026 09:44

Биыл Бейімбет Майлин ауданы өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Тарихы тереңге бойлаған бұл өңір – ел дамуына елеулі үлес қосып...
16.04.2026 09:43

15 апреля 2026 года в школе имени С. Ергалиева для учащихся 4 класса был проведён краеведческий час на тему «Жемчужина...
16.04.2026 09:42

Тобыл кентіндегі жастар саясатының негізгі бағыттары қандай және «Altyn jastar» жастар ресурстық орталығының рөлі неде? – Қазақстан жастары - ел болашағының...
16.04.2026 09:41

Военная служба во все времена была испытанием не только физической силы, но и человеческого характера. Смелость и ответственность - два...
16.04.2026 09:40

Вопросы патриотического воспитания молодежи сегодня занимают особое место в государственной политике Республики Казахстан. Глава государства К.К.Токаев неоднократно подчеркивал, что формирование...
16.04.2026 09:39

2026 жылдың 3 сәуір күні Тобыл жалпы білім беретін мектебінің 10–11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру мақсатындағы маңызды кездесу...
16.04.2026 09:37

В районе прошел чемпионат по волейболу среди мужских и женских команд. В соревнованиях приняли участие сборные сельских округов. Турнир стал...
16.04.2026 09:36

В современном обществе волонтёрство становится не просто добрым делом, а важной частью жизни активных и неравнодушных людей. В Международный год...
10.04.2026 13:21

️ Мемлекет басшысы: «Біз жасампаз ұлт ретінде алдымызға биік мақсат қоямыз» «Бірлігімізді бекемдеп, біртұтас халық болып жарқын болашаққа нық қадам басамыз. Қасиетті Отанымыз...
10.04.2026 13:19

Касым-Жомарт Токаев: «Крайне важно придать новый импульс работе по продвижению наследия великих просветителей» «Мы по праву гордимся нашим интеллектуальным наследием. Выдающиеся...
10.04.2026 13:17

Қасым-Жомарт Тоқаев инженерлік-техникалық кадрларды даярлау, ғылым қалашықтарын дамыту мәселелеріне назар аударды «Білікті инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға баса назар аударған жөн. Бұл ретте...
10.04.2026 13:14

Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі» «Ең алдымен, Ғылым қызметкерлері күні баршаңызға құтты болсын деймін. Осы белгілі мереке қарсаңында...
10.04.2026 13:10

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на церемонии награждения ученых
09.04.2026 12:18

В период прохождения паводка район Беимбета Майлина с рабочей поездкой посетил аким Костанайской области Кумар Аксакалов. Глава региона ознакомился с...