Қазақстан мен өңірдегі 150-ден астам ұйымның топ-менеджерлері Stanford University HAI профессорлары мен OpenAI Academy сарапшыларынан ЖИ бойынша білім алады
Мемлекет басшысының жүйелі цифрландыру және экономиканың барлық саласына ЖИ енгізу туралы тапсырмасын орындау аясында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Стэнфорд университетінің Жасанды интеллект зерттеу орталығы - Stanford University Human-Centered Artificial Intelligence (HAI), ChatGPT жасаушысының білім беру платформасы - OpenAI Academy және Кремний алқабындағы халықаралық Silkroad Innovation Hubмен серіктестікте «AI Leaders 2026» флагмандық білім беру бағдарламасын бастайды.
Бұл - академиялық тәжірибе мен практикалық қолдануды ұштастырған, Орталық Еуразия өңірі үшін жасалған жасанды интеллект саласындағы көшбасшыларды даярлайтын ең ірі корпоративтік бағдарлама. Негізгі ұйымдастырушылардан бөлек, ЖИ-агенттері мен цифрлық шешімдерді жасауға мүмкіндік беретін Lovable және CAYU платформалары, сондай-ақ Назарбаев Университеті жанындағы Интеллектуалды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) жобаның серіктестері болып табылады.
Бағдарламаның академиялық жетекшісі - Stanford University HAI профессоры, ЖИ туралы әлемдік бестселлер авторы, Google Research-тің экс-директоры және ҚР Президенті жанындағы ЖИ дамыту жөніндегі сарапшылық кеңестің мүшесі Питер Норвиг. Оның жетекшілігімен оқу материалы біздің өңірдің ерекшеліктеріне барынша бейімделген.
Премьер-министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев:
«Мемлекет басшысының экономиканың барлық секторына жасанды интеллектіні енгізу туралы тапсырмасын орындай отырып, біз тәжірибелік өзгерістер кезеңіне көшеміз. Бағдарлама қорытындысы бойынша Stanford University HAI сараптамасына және OpenAI Academy технологияларына сүйене отырып, әрбір қатысушы өз ұйымы үшін қолданбалы ЖИ-стратегиясын жасайды. Бұл әрбір компанияның цифрлық трансформациясы бүкіл елдің технологиялық көшбасшылығы мен табысының негізіне айналатын басқарудың жаңа моделінің іргетасын қалайды» - деп атап өтті.
Оқу 8 сәуірде басталады, ол интенсивті live-сессиялары форматындағы 30 сағаттан астам оқуды қамтиды және кең аудитория үшін озық білімге қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, қазақ, өзбек және орыс тілдеріндегі аудармамен сүйемелденетін болады.
Оқыту мақсатты модель бойынша құрылған: компаниялар командалармен қатысады, бұл орта буыннан жоғары басшылыққа дейінгі негізгі басқарушы рөлдер деңгейінде құзыреттерді кешенді дамытуға мүмкіндік береді. Осы бағдарлама аясында әрбір ұйым нақты бизнес-міндеттер мен процестерге бағытталған өзінің жеке ЖИ-стратегиясын әзірлейді. Бұл Мемлекет басшысы қойған экономиканың барлық негізгі секторларына ЖИ-ді жүйелі енгізу міндеті тұрғысынан өте маңызды. Мұндай жағдайда ірі компаниялар мен институттардың жекелеген құралдарды сынап көруден күтілетін тиімділікті анық түсіне отырып, тұтас ЖИ-стратегияларын қалыптастыруға көшуі өте маңызды.
Қатысушылар арасында өңірдегі 150-ге жуық ірі ұйымның басшылары, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор өкілдері, соның ішінде «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» ұлттық холдингтері және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, сондай-ақ экономиканың жетекші компаниялары: Halyk Bank, Freedom Holding, Kaspi.kz, BI Group, Astana Motors, Beeline, Kcell, Bazis-A, «Қазмырыш», Transtelecom, Lancaster Group және басқалары бар.
Оқыту әдістемесі компанияларға ЖИ-ді түсінуден бастап оны іс жүзінде енгізуге дейінгі жолдан дәйекті түрде өтуге мүмкіндік беретін үш сатылы дайындық жүйесіне негізделген. Алдымен қатысушылар Stanford University HAI-мен бірге ЖИ-дің негізгі принциптерін, технологиялардың шектеулерін және олардың бизнес-процестер мен басқаруға әсерін зерделей отырып, академиялық негіз қалайды. Содан кейін OpenAI Academy-мен ЖИ құралдарымен жұмыс істеуге көшеді - prompt engineering-ті, модельдерді пайдалануды және ЖИ-ді нақты міндеттерде қолдануды меңгереді. Финалдық кезең ЖИ-агенттері мен қолданбалы шешімдерге арналады: CAYU және Lovable-мен бірге командалар бизнестегі және негізгі салалардағы ЖИ-жүйелерін әзірлеуді және қолдануды үйренетін болады.
Мұндай бағдарламалар негізінде біз ЖИ-трансформациясын басқаруға және экономика мен қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қажетті құзыреттері бар көшбасшылардың жаһандық қоғамдастығын қалыптастырамыз. Бағдарлама әртүрлі елдердің қатысушыларын біріктіріп, ынтымақтастық аясын кеңейтеді. Бағдарлама тыңдаушылары арасында Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркия және Катар елдерінің өкілдері бар.
«Біздің мақсатымыз - өңірге ЖИ саласындағы озық білімге және жаһандық технологиялық экожүйелерге тікелей қол жеткізуді қамтамасыз ету. Біз қатысушылары білімді бүгінде индустрияны қалыптастырып жатқан және оның болашағын айқындайтындардан алатын бірінші мамандардан ала алтын бағдарламалар жасаймыз. Осылайша, Орталық Еуразия жаһандық технологиялық және ЖИ-экожүйесінің көрнекті және белсенді мүшесіне айналады», - деп атап өтті Silkroad Innovation Hub негізін қалаушы және бас директоры Әсет Әбдуалиев.
Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар Stanford University HAI ресми сертификатын алады және Орталық Еуразиядағы ең ірі ЖИ-қауымдастығының мүшесіне айналады. Бұл бастама кадрларды даярлаудың кешенді жүйесінің негізгі буыны болып табылады: естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы еліміздің 1 миллионға жуық азаматы цифрлық сауаттылық бойынша базалық оқудан өткенкен болатын. Жүйелі жұмыс барлық деңгейде - TUMO Astana және Tomorrow School жастар орталықтарынан бастап, AI Sana студенттік бағдарламаларына, мемлекеттік қызметшілерге арналған AI Qyzmet арнайы жобаларына және AI Governance 500 бағдарламасы бойынша мемлекеттік секторда ЖИ-офицерлерін даярлауға дейін жүргізіліп, елдің технологиялық дамуы үшін сараптамалық базаны қамтамасыз етуде.
16.04.2026 12:12

Реализация творческих проектов талантливой молодежи продолжает приносить нашему району яркие победы и заслуженное признание. Очередным поводом для гордости стал успех...
16.04.2026 12:09

Бейімбет Майлин ауданында елді мекендерді абаттандыру бойынша жүйелі жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл іс-шаралар Қостанай облысы әкімінің халықтың өмір сүру...
16.04.2026 12:08

В районе Беимбета Майлина на постоянной основе проводится системная работа по благоустройству населённых пунктов. Данные мероприятия реализуются в рамках поручений...
16.04.2026 09:48
В Журавлевской балке состоялся первый в этом году субботник на роднике, одном из популярнейших природных источников района. К уборке территории...
16.04.2026 09:44

Биыл Бейімбет Майлин ауданы өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Тарихы тереңге бойлаған бұл өңір – ел дамуына елеулі үлес қосып...
16.04.2026 09:43

15 апреля 2026 года в школе имени С. Ергалиева для учащихся 4 класса был проведён краеведческий час на тему «Жемчужина...
16.04.2026 09:42

Тобыл кентіндегі жастар саясатының негізгі бағыттары қандай және «Altyn jastar» жастар ресурстық орталығының рөлі неде? – Қазақстан жастары - ел болашағының...
16.04.2026 09:41

Военная служба во все времена была испытанием не только физической силы, но и человеческого характера. Смелость и ответственность - два...
16.04.2026 09:40

Вопросы патриотического воспитания молодежи сегодня занимают особое место в государственной политике Республики Казахстан. Глава государства К.К.Токаев неоднократно подчеркивал, что формирование...
16.04.2026 09:39

2026 жылдың 3 сәуір күні Тобыл жалпы білім беретін мектебінің 10–11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру мақсатындағы маңызды кездесу...
16.04.2026 09:37

В районе прошел чемпионат по волейболу среди мужских и женских команд. В соревнованиях приняли участие сборные сельских округов. Турнир стал...
16.04.2026 09:36

В современном обществе волонтёрство становится не просто добрым делом, а важной частью жизни активных и неравнодушных людей. В Международный год...
10.04.2026 13:21

️ Мемлекет басшысы: «Біз жасампаз ұлт ретінде алдымызға биік мақсат қоямыз» «Бірлігімізді бекемдеп, біртұтас халық болып жарқын болашаққа нық қадам басамыз. Қасиетті Отанымыз...
10.04.2026 13:19

Касым-Жомарт Токаев: «Крайне важно придать новый импульс работе по продвижению наследия великих просветителей» «Мы по праву гордимся нашим интеллектуальным наследием. Выдающиеся...
10.04.2026 13:17

Қасым-Жомарт Тоқаев инженерлік-техникалық кадрларды даярлау, ғылым қалашықтарын дамыту мәселелеріне назар аударды «Білікті инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға баса назар аударған жөн. Бұл ретте...
10.04.2026 13:14

Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі» «Ең алдымен, Ғылым қызметкерлері күні баршаңызға құтты болсын деймін. Осы белгілі мереке қарсаңында...
10.04.2026 13:10

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на церемонии награждения ученых
09.04.2026 12:18

В период прохождения паводка район Беимбета Майлина с рабочей поездкой посетил аким Костанайской области Кумар Аксакалов. Глава региона ознакомился с...