2026 жылдың 3 сәуір күні Тобыл жалпы білім беретін мектебінің 10–11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру мақсатындағы маңызды кездесу ұйымдастырылды. Аталған шараға «Тобыл» (теміржол) шекаралық бақылау бөлімшесінің әскери қызметшісі, 3-сынып сержанты Мұқышев Бахитхан Әулиаханұлы арнайы шақырылып, жас ұрпақпен өз тәжірибесімен бөлісті.
Кездесудің басты мақсаты – оқушыларға әскери мамандықтың қыр-сырын таныстырып, олардың болашақ кәсіби бағытын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру болды. Шара барысында оқушылар шекара қызметінің құрылымы, негізгі міндеттері және ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы туралы кеңінен мағлұмат алды. Бахитхан Әулиаханұлы өз сөзінде әскери қызметтің тек физикалық дайындықты ғана емес, сонымен қатар жоғары тәртіптілік, жауапкершілік, төзімділік пен патриоттық рухты талап ететінін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ол шекара қызметінде жұмыс істеудің артықшылықтары мен қиындықтарына тоқталып, күнделікті қызмет барысынан нақты мысалдар келтірді. Кездесу барысында жоғары сынып оқушыларына: Қазақстандағы жоғары әскери оқу орындарына түсу жолдары; Қабылдау талаптары мен қажетті құжаттар тізімі; Әскери оқу орындарындағы оқу процесі мен курсанттардың өмірі; Шекара қызметіндегі әскери қызметшілердің міндеттері мен жауапкершілігі туралы толық ақпарат берілді. Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Әсіресе, әскери оқу орындарына түсу үшін қандай пәндерге көңіл бөлу керектігі, дене дайындығының деңгейі, қызмет барысында кездесетін қиындықтар мен мүмкіндіктер туралы сұрақтар қойылды. Қонағымыз әр сұраққа жан-жақты әрі түсінікті жауап беріп, өз тәжірибесі арқылы нақты кеңестер ұсынды. Кездесу барысында патриоттық тәрбиеге де ерекше көңіл бөлінді. Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы екені айтылып, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау жолындағы әскери қызметтің маңызы кеңінен түсіндірілді. Бұл өз кезегінде оқушылардың бойында елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін арттырды. Шара соңында мектеп әкімшілігі атынан құрметті қонағымызға алғыс білдіріліп, осындай тағылымды кездесулердің алдағы уақытта да жалғасын табатыны атап өтілді.
Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың саналы түрде мамандық таңдауына ықпал етіп қана қоймай, олардың бойында тәртіп, батылдық, отансүйгіштік сияқты асыл қасиеттерді қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
16.04.2026 12:12

Реализация творческих проектов талантливой молодежи продолжает приносить нашему району яркие победы и заслуженное признание. Очередным поводом для гордости стал успех...
16.04.2026 12:09

Бейімбет Майлин ауданында елді мекендерді абаттандыру бойынша жүйелі жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл іс-шаралар Қостанай облысы әкімінің халықтың өмір сүру...
16.04.2026 12:08

В районе Беимбета Майлина на постоянной основе проводится системная работа по благоустройству населённых пунктов. Данные мероприятия реализуются в рамках поручений...
16.04.2026 09:48
В Журавлевской балке состоялся первый в этом году субботник на роднике, одном из популярнейших природных источников района. К уборке территории...
16.04.2026 09:44

Биыл Бейімбет Майлин ауданы өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Тарихы тереңге бойлаған бұл өңір – ел дамуына елеулі үлес қосып...
16.04.2026 09:43

15 апреля 2026 года в школе имени С. Ергалиева для учащихся 4 класса был проведён краеведческий час на тему «Жемчужина...
16.04.2026 09:42

Тобыл кентіндегі жастар саясатының негізгі бағыттары қандай және «Altyn jastar» жастар ресурстық орталығының рөлі неде? – Қазақстан жастары - ел болашағының...
16.04.2026 09:41

Военная служба во все времена была испытанием не только физической силы, но и человеческого характера. Смелость и ответственность - два...
16.04.2026 09:40

Вопросы патриотического воспитания молодежи сегодня занимают особое место в государственной политике Республики Казахстан. Глава государства К.К.Токаев неоднократно подчеркивал, что формирование...
16.04.2026 09:39

2026 жылдың 3 сәуір күні Тобыл жалпы білім беретін мектебінің 10–11 сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру мақсатындағы маңызды кездесу...
16.04.2026 09:37

В районе прошел чемпионат по волейболу среди мужских и женских команд. В соревнованиях приняли участие сборные сельских округов. Турнир стал...
16.04.2026 09:36

В современном обществе волонтёрство становится не просто добрым делом, а важной частью жизни активных и неравнодушных людей. В Международный год...
10.04.2026 13:21

️ Мемлекет басшысы: «Біз жасампаз ұлт ретінде алдымызға биік мақсат қоямыз» «Бірлігімізді бекемдеп, біртұтас халық болып жарқын болашаққа нық қадам басамыз. Қасиетті Отанымыз...
10.04.2026 13:19

Касым-Жомарт Токаев: «Крайне важно придать новый импульс работе по продвижению наследия великих просветителей» «Мы по праву гордимся нашим интеллектуальным наследием. Выдающиеся...
10.04.2026 13:17

Қасым-Жомарт Тоқаев инженерлік-техникалық кадрларды даярлау, ғылым қалашықтарын дамыту мәселелеріне назар аударды «Білікті инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға баса назар аударған жөн. Бұл ретте...
10.04.2026 13:14

Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі» «Ең алдымен, Ғылым қызметкерлері күні баршаңызға құтты болсын деймін. Осы белгілі мереке қарсаңында...
10.04.2026 13:10

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на церемонии награждения ученых
09.04.2026 12:18

В период прохождения паводка район Беимбета Майлина с рабочей поездкой посетил аким Костанайской области Кумар Аксакалов. Глава региона ознакомился с...