Биыл Бейімбет Майлин ауданы өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтуде.
Тарихы тереңге бойлаған бұл өңір – ел дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан еңбекқор жандардың мекені. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл шаруашылығының өркендеуі, көлік және байланыс саласының дамуы – мұның барлығы да осы өңірде маңдай терімен еңбек еткен азаматтардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Әсіресе, теміржол саласы аудан тіршілігінің күретамырына айналып, халықтың тұрмыс-тіршілігі мен экономикалық әлеуетінің артуына айрықша ықпал етіп келеді. Осындай еңбек адамдарының бірі – саналы ғұмырын теміржол саласына арнаған ардагер, Қашқымбаев Мұңайтпас Батырбекұлы.
– Мұңайтпас Батырбекұлы, өзіңіздің еңбек жолыңыз бен өмірлік тәжірибеңіз туралы кеңірек айтып берсеңіз.
– Менің бүкіл саналы ғұмырым теміржолмен тығыз байланысты болды десем, артық айтқандық емес. 1968 жылы қарапайым жол жұмысшысы болып еңбек жолымды бастадым. Ол кезде бүгінгідей техника дамымаған, көп жұмыс қол күшімен атқарылатын. Жас кезімізде еңбекке деген жігер ерекше болатын, қиындыққа қарамай, ел игілігі үшін аянбай жұмыс істедік. Әскер қатарында борышымды өтеп келгеннен кейін де өз мамандығыма қайта оралып, түрлі қызмет сатыларынан өттім. Бригадир, жол шебері, аға жол шебері, кейін басшылық қызметтерді атқардым.
Теміржол саласы – үлкен жауапкершілікті талап ететін сала. Себебі әрбір пойыздың қозғалысы, әрбір жолдың сапасы – адамдардың өмірімен тікелей байланысты. Сондықтан біз әрқашан ұқыптылық пен тәртіпті бірінші орынға қойдық. 45 жыл бойы осы салада еңбек ету – мен үшін үлкен мектеп болды. Бұл жылдар маған тек кәсіби тәжірибе ғана емес, өмірлік сабақ та берді.
– Сіз еңбек еткен кезең мен қазіргі теміржол саласының айырмашылығы туралы не айтар едіңіз?
– Айырмашылық өте көп. Бұрынғы кезде барлық жұмыс ауыр болатын, ауа райына қарамастан далада еңбек ететінбіз. Қыстың қақаған аязында да, жаздың аптап ыстығында да теміржол бойында жүрдік. Қазіргі уақытта техника дамып, көптеген жұмыстар автоматтандырылған. Бұл, әрине, жұмысшылардың еңбегін жеңілдетті. Дегенмен, заман өзгерсе де, теміржолшының жауапкершілігі өзгерген жоқ. Қандай техника болса да, оның артында адам тұрады. Сондықтан тәртіп, кәсібилік, өз ісіне деген сүйіспеншілік – әрқашан басты орында болуы тиіс.
– Бейімбет Майлин ауданының дамуы мен болашағы туралы пікіріңіз қандай?
– Бейімбет Майлин ауданы –менің еңбек еткен өлкем. Бұл аудан әрқашан еңбек адамдарымен мақтанып келеді. Мұнда ауыл шаруашылығы да, өндіріс те, теміржол саласы да қатар дамып отыр. Ауданның әрбір жетістігінің артында қарапайым еңбек адамдарының маңдай тері жатыр. Соңғы жылдары ауданымызда көптеген оң өзгерістер байқалады. Инфрақұрылым жақсарып, жолдар жөнделіп, жаңа нысандар салынып жатыр. Бұл – елдің дамуының айқын көрінісі. Болашақта ауданымыз одан әрі көркейіп, жастарға үлкен мүмкіндіктер беретін өңірге айналады деп сенемін. Ең бастысы – бірлік пен еңбек бар жерде даму да болады.
– Жастарға қандай өмірлік ұстаным ұсынар едіңіз?
– Қазіргі жастарға айтарым – еңбектен қашпау керек. Қай салада болмасын табысқа жетудің бір ғана жолы бар, ол – адал еңбек. Мамандықты дұрыс таңдап, соны шын жүрекпен сүйе білу қажет. Сонда ғана адам өз ісінің шебері бола алады. Сонымен қатар үлкендерді құрметтеп, олардың тәжірибесінен үйрену маңызды. Біз көрген қиындықтарды жастар көрмесе екен деймін. Бірақ қандай заман болса да, еңбекқорлық пен табандылық ешқашан өз маңызын жоғалтпайды.
– Ауданның мерейтойына орай тілегіңіз?
– Барша Бейімбет Майлин ауданы тұрғындарын 90 жылдық мерейтоймен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ауданымыздың мерейі үстем болып, экономикасы дамып, халқының тұрмысы жақсара берсін. Жастарымыз білімді, елжанды болып өсіп, туған жерінің өркендеуіне өз үлестерін қоса берсін. Бірлігіміз бекем, еңбегіміз жемісті болсын!
– Сұхбатыңызға рахмет!
– Рахмет, ел аман болсын!
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...