1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні – еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың татулығы мен достығын дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күн - әртүрлі мәдениет пен дәстүрдің бір арнада тоғысып, ортақ шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп жатқан халықтардың ынтымағын көрсететін маңызды күн.
Қазақстан - көпұлтты мемлекет. Мұнда қазақ, орыс, украин, неміс және басқа да көптеген ұлт өкілдері бір-бірімен сыйластықта, құрметте өмір сүріп келеді. Осындай татулықтың жарқын үлгісін Маратовтар отбасының өмірінен де көруге болады.
Маратов Данияр Канатович пен Маратова Евгения Витальевна – бір шаңырақ астында түрлі ұлттың мәдениетін үйлестіріп отырған үлгілі отбасы. Олардың қызы Маратова Даяна Данияровна да осы татулық пен бірліктің құндылығын бойына сіңіріп өсіп келеді. Евгения Витальевна – ұлты бойынша украинка. Әкесі Буцык Виталий Геннадьевич – украин, ал анасы Буцык Людмила Анатольевна – неміс ұлтының өкілі. Осындай көпұлтты тамырдан шыққан Евгения ханым үшін бірлік пен достық – өмірдің басты қағидаларының бірі. Отбасында әр ұлттың салт-дәстүрі құрметтеледі. Мерекелерде қазақ, украин және неміс халықтарының тағамдары дайындалып, қазақтың ұлттық дәстүрлері де кеңінен насихатталады. Бұл – тек мәдени алмасу ғана емес, сонымен қатар өзара сыйластық пен түсіністіктің белгісі. Осындай ортада тәрбиеленген бала да өзгеге құрметпен қарап, бейбітшілікті бағалай білетін тұлға болып қалыптасады.
Евгения Витальевнаның айтуынша: «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Мұнда әр ұлттың өз орны бар. Біз әртүрліміз, бірақ мақсатымыз бір – бейбіт өмір сүру, балаларымызға жарқын болашақ сыйлау. 1 мамыр мерекесі біз үшін ерекше, себебі бұл күн достықты, бірлікті тағы бір мәрте сезінуге мүмкіндік береді. Осындай елде өмір сүріп жатқанымызға ризамыз», – дейді ол.
Шынында да, Қазақстан халқының бірлігі күні – тек мереке ғана емес, ол – елдегі тұрақтылық пен татулықтың негізі. Әр отбасы – сол үлкен бірліктің бір бөлшегі. Маратовтар отбасы секілді шағын ғана шаңырақтың өзінде бірнеше ұлттың мәдениеті тоғысып, бірлік пен сүйіспеншілік салтанат құруы – еліміздің басты байлығы.
Бірлік бар жерде – тірлік бар. Сондықтан да әрқайсымыз осы құндылықты сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіміз керек. Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...