9 мамыр – Жеңіс күні – халқымыз үшін қасиетті де қастерлі мереке. Бұл күн – бейбіт өмір сыйлаған батырларымыздың ерлігіне тағзым етіп, олардың есімін ұрпақ жадында мәңгі жаңғыртатын күн. Осындай ардақты жандардың бірі – соғыс ардагері Шұңғырбаев Кали.
Шұңғырбаев Кали 1910 жылы қазіргі Жангелдин ауданында дүниеге келген. Ел басына күн туған сұрапыл кезеңде, 1941 жылы Семиозер аудандық әскери комиссариаты арқылы Қызыл Армия қатарына шақырылады. Ол 39-артиллериялық бригада құрамында жаумен шайқасып, майдан даласында ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсетті. Кали атамыз Ұлы Отан соғысының ең шешуші шайқастарына қатысып, Волхов, Брянск, Воронеж қалаларын және Украинаны азат ету жолындағы ұрыстарда ерекше ерлік танытты. Әрбір шайқас – адам төзгісіз қиындық пен қауіпке толы болса да, ол Отан алдындағы борышын адал атқарып, жеңісті жақындатуға өз үлесін қосты.
Соғыс аяқталғаннан кейін де оның өмір жолы елге қызмет етумен жалғасты. 1946 жылдың желтоқсан айында елге оралған ардагер бейбіт еңбекке белсене араласып, Абай атындағы колхозда еңбек етті. Кейін Тимофеев ауылдық кеңесінің төрағасы, «Москалевский» совхозында шаруашылық меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды. Қай салада жүрсе де, елдің игілігі үшін адал қызмет етуді өмірлік ұстанымына айналдырды. Ерен еңбегі мен майдандағы ерлігі елеусіз қалған жоқ. Ол ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Прагадан азат еткені үшін» медальдарымен және бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталған. Қали атамыз тек майдангер ғана емес, өнегелі әке, ардақты отағасы болды. Жұбайы Шайзада апамызбен бірге 9 бала тәрбиелеп, олардан бірнеше немере, шөбере сүйді. Оның ұрпақтары бүгінде ел игілігі жолында еңбек етіп, ата аманатына адалдық танытып келеді. Ардагер 1987 жылдың 2 қаңтарында дүниеден өтіп, Қостанай облысы, Қондратьевка ауылында жерленген. Оның жарқын бейнесі мен ерлікке толы ғұмыры туған-туыстарының, ауылдастарының және кейінгі ұрпақтың жадында мәңгі сақталады.
Бұл естелікті Тобыл кентінің тұрғыны, қызы Базаркүл Қалиқызы жеткізіп отыр. Әке туралы естелік – ұрпақ үшін баға жетпес мұра, рухани қазына.
Бүгінгі бейбіт өмір – осындай батырлардың жанқияр ерлігінің жемісі. Сондықтан Жеңіс күні қарсаңында біз ардагерлеріміздің ерлігін ұлықтап, олардың есімін ұмытпай, келер ұрпаққа үлгі ету – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Ер есімі – ел есінде.
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...