Металлург мамандығы – қайсарлықты, төзімділікті, жауапкершілікті талап ететін абыройлы кәсіптердің бірі.
Бұл салада еңбек ететін әрбір маман ел өндірісінің дамуына, экономиканың нығаюына өз үлесін қосады. Металлургтердің тынымсыз еңбегінің арқасында кен өңделіп, сапалы өнім өндіріліп, еліміздің өндірістік әлеуеті арта түсуде. Осындай еңбек адамдарының бірі - Садыков Қанат Сейтхалиұлы. Қанат Сейтхалиұлы 1983 жылдың 21 қазанында Өзбекстан Республикасында дүниеге келген. 2005 жылы отбасымен бірге тарихи Отаны – Қазақстан Республикасына қоныс аударып, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданының Красносельский ауылына тұрақты қоныстанды. Бүгінде аяулы жар, екі баланың әкесі әрі анасының қамқор ұлы ретінде отбасының берекесін сақтап келеді.
Еңбек жолын 2008 жылдың 27 тамызында «Варваринское» ЖШС-де қарапайым жұмысшы (разнорабочий) болып бастаған Қанат Сейтхалиұлы өзінің еңбекқорлығы мен жауапкершілігінің арқасында кәсіби шыңдалып, бүгінде ұсақтау, ұнтақтау және флотация учаскесінің конвейер машинисі қызметін абыроймен атқаруда. Металлургия саласында жиырма жылға жуық еңбек еткен тәжірибелі маман өндірістің әр кезеңін жақсы меңгерген. Оның негізгі міндеті – кенді өңдеу үдерісінің үздіксіз әрі қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету. Бұл – өндірістегі аса жауапты жұмыстардың бірі. Конвейердің тоқтаусыз жұмыс істеуі бүкіл технологиялық тізбектің тиімділігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан әрбір жұмыс күні дәлдік пен мұқияттылықты талап етеді.
Қанат Сейтхалиұлы өз мамандығын ерекше құрметтейді. «Жұмысым да, ұжымым да өзіме ұнайды» деген қарапайым сөздерінің өзінен оның еңбекке деген сүйіспеншілігі мен әріптестеріне деген сыйластығы айқын байқалады. Ол әрдайым еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтап, өзіне жүктелген міндетті сапалы орындауды басты қағида етеді.
Металлургтің еңбегі – ел игілігі үшін атқарылатын жауапты іс. Бұл мамандық иелері өндірістің тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етіп, Қазақстанның индустриялық дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Осындай еңбек адамдарының қажырлы қызметі әрдайым құрметке лайық. Металлург күні қарсаңында Қанат Сейтхалиұлына зор денсаулық, отбасына амандық, еңбегіне толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз. Еңбек жолындағы абыройы артып, ел игілігі жолындағы еселі еңбегі әрдайым жоғары бағалана берсін!
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...