Таңсықпай Жұмағалиұлы Садықов, Тобыл тұрғыны, ауданымыздың белгілі еңбек ардагері
Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдық мерейтойы – әрбір жерлесіміз үшін үлкен тарихи белес. Бұл – өткенімізді таразылап, ауданның өркендеуіне үлес қосқан азаматтардың еңбегін ұлықтайтын, бүгінгі жетістіктерімізге мақтанышпен қарап, болашаққа сеніммен қадам басатын ерекше мереке.
Тоқсан жыл ішінде ауданымыз талай тарихи кезеңдерді бастан өткерді. Еңбек пен бірліктің, төзім мен табандылықтың арқасында Бейімбет Майлин ауданы бүгінде экономикасы тұрақты, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлігі дамыған, мәдениеті мен білімі өркендеген өңірге айналды. Осындай жетістікке жету жолында сан мыңдаған қарапайым еңбек адамдарының маңдай тері мен қажырлы еңбегі жатыр. Менің де бүкіл еңбек жолым осы қасиетті өлкемен тығыз байланысты. Еңбек жолымды өткен ғасырдың 80-жылдары аудандық райпотребсоюз жүйесінде бастап, халыққа қызмет көрсету саласында еңбек еттім. Кейін автобазада бас инженер қызметін атқарып, техникалық саланың дамуына, өндірістің үздіксіз жұмыс істеуіне өз үлесімді қостым. Әр кезеңде маған жүктелген міндетті абыроймен атқарып, адал еңбек етуді өмірлік ұстанымым деп білдім. Кейінгі жылдары коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынды басқарып, аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарға белсене араластым. Коммуналдық сала – күнделікті тіршіліктің күретамыры. Бұл салада жауапкершілік пен табандылықты талап ететін көптеген жұмыстар атқарылды. Елді мекендердің көркеюі, тұрғындарға сапалы коммуналдық қызмет көрсету, инженерлік жүйелердің тұрақты жұмыс істеуі, абаттандыру мәселелері әрдайым басты назарда болды. Осындай жұмыстардың жүзеге асуына өз үлесімді қосқанымды үлкен мәртебе санаймын. Теміржолшылар мекені болған Тобыл кенті де бүгінде қарқынды дамып келе жатыр. Жөнделген жолдар, көркейген көшелер, абаттандырылған аллеялар, білім ошақтары – мұның бәрі ауданымыздың жылдан-жылға өсіп, өркендеп келе жатқанын көрсетеді. Ұйымшыл әрі еңбекқор жандардың арқасында ауданымыздың мерейі жыл сайын артып келеді. Бүгінде мемлекетіміз ауылдарды дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл – елдің ертеңіне деген сенімнің айқын көрінісі.
Өткенге көз жүгіртсек, ауданымыздың әр жетістігінің артында маңдай тері төгілген адал еңбек жатыр. Сондықтан жастар үлкендердің еңбек жолынан үлгі алып, туған жердің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуы тиіс. Туған жерге қызмет ету – әр азаматтың қасиетті парызы.
Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдық мерейтойы баршамызды өткен тарихымызды құрметтеуге, бүгінгі жетістіктерімізді бағалауға және болашаққа үлкен жауапкершілікпен қарауға үндейді. Ауданымыздың алдағы уақытта да көркейіп, экономикасы дамып, тұрғындарының тұрмысы жақсара беретініне сенімім мол.
Барша жерлестерімді ауданымыздың 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа бақ-береке, зор денсаулық, ырыс-несібе тілеймін. Туған өлкеміздің мерейі үстем болып, Тобыл кенті мен барлық ауылдарымыз гүлденіп, Бейімбет Майлин ауданының абыройы әрдайым асқақтай берсін!
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...