Теміржол – ел экономикасының күретамыры, ал теміржолшылар – осы алып жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін еңбек адамдары.
Тәулікпен санаспай қызмет атқаратын әрбір маманның еңбегі жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығына бағытталған. Солардың қатарында вокзал дикторларының да орны ерекше. Олардың анық, сенімді әрі жылы дауысы жолаушыларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, сапардың сәтті басталуына ықпал етеді. Теміржолшылар күні қарсаңында өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары, Тобыл станциясы теміржол вокзалының анықтама беру кезекшісі – диктор Рахимова Раушан Кенжешқызының еңбегіне тоқталғанды жөн көрдік. Бұл жүйеде әр маманның еңбегі маңызды. Солардың бірі – жолаушыларға қажетті ақпаратты дер кезінде жеткізіп, сапардың жайлы әрі қауіпсіз өтуіне үлес қосатын вокзал дикторлары.
Рахимова Раушан Кенжешқызы 1986 жылдың 15 наурызында дүниеге келген. Арнаулы орта білім алып, теміржол көлігі саласы бойынша инженер мамандығын игерген. 2019 жылдан бастап Тобыл станциясының теміржол вокзалында анықтама беру кезекшісі – диктор қызметін абыроймен атқарып келеді. Раушан Кенжешқызы – бес баланы тәрбиелеп отырған жас, көпбалалы ана. Отбасындағы мейірімі мен жауапкершілігін қызметінде де айқын көрсете біледі. Әріптестері оның сабырлылығын, ұқыптылығын және еңбекке деген адалдығын ерекше бағалайды. Тобыл вокзалында төрт диктор қызмет атқарса, солардың ішінде Раушан Кенжешқызының дауыс мәнері анық, сөйлеу мәдениеті жоғары, хабарламаларды сауатты әрі әсерлі жеткізе білуімен ерекшеленеді. Сондықтан әріптестері оны «табиғи талантты диктор» деп атайды. Диктордың негізгі міндеті – жолаушыларды пойыздардың келуі мен жөнелтілу уақыты, бос орындардың болуы, билет кассаларының жұмыс тәртібі, вокзалдағы қызмет түрлері, медициналық көмек көрсету орындары және өзге де маңызды ақпараттар туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде уақытылы хабардар ету. Бұл – үлкен жауапкершілік пен мұқияттылықты талап ететін қызмет. Раушан Кенжешқызы өзіне жүктелген міндеттерді жоғары кәсібилікпен орындап, жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуге лайықты үлес қосып келеді. Оның сыпайы қарым-қатынасы, анық әрі жағымды дауысы көптеген жолаушылардың ризашылығына ие болып жүр.
Теміржолшылар күні қарсаңында Рахимова Раушан Кенжешқызын кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасына амандық, бала-шағасына бақ-береке, еңбегіне толайым табыс, деніне саулық, қызметіне жаңа жетістіктер тілейміз. Теміржол саласындағы абыройлы еңбегі әрдайым ел игілігіне қызмет ете берсін!
10.08.2026 08:48

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы Құрметті отандастар! Баршаңызды Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы ойшылдың шығармашылық әрі зияткерлік мұрасы әлемдік және...
10.08.2026 08:47

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Абая Дорогие соотечественники! От всей души поздравляю вас с Днем Абая! Творческое и интеллектуальное наследие великого...
07.08.2026 10:08

Тазалық пен абаттандыру – баршамызға ортақ міндет! Мемлекет басшысының тапсырмасы және республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауданның елді мекендерінде абаттандыру...
06.08.2026 12:17

На фоне подготовки Казахстана к строительству первой АЭС ученые предлагают создать современную систему радиоэкологического мониторинга приграничных территорий. По словам представителя...
06.08.2026 12:15

Радиоэкологический мониторинг приграничных территорий Казахстана в условиях развития атомной энергетики Центральной АзииРазвитие атомной энергетики в Казахстане и соседних странах требует...
06.08.2026 10:47

В областном центре, городе Костанае, в канун профессионального праздника, Дня работников железнодорожного транспорта, состоялось торжественное мероприятие, посвященное 35-летию Костанайского регионального...
06.08.2026 10:46

В первое воскресенье августа в Казахстане отмечается День работников железнодорожного транспорта - профессиональный праздник людей, чей ежедневный труд обеспечивает бесперебойную...
06.08.2026 10:45

Когда к железнодорожной станции ТОО «Варваринское» подходит очередной состав с рудой, в работу вступает техника, которую трудно не заметить. Над...
06.08.2026 10:44

Теміржол – ел экономикасының күретамыры, ал теміржолшылар – осы алып жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін еңбек адамдары.Тәулікпен санаспай қызмет атқаратын...
06.08.2026 10:41

В первое воскресенье августа в Казахстане отмечается профессиональный праздник - День работников железнодорожного транспорта. Это прекрасный повод рассказать о людях,...
06.08.2026 10:40

Теміржол – мемлекет экономикасының тірегі, ел мен елді, қала мен ауылды жалғайтын стратегиялық маңызды сала. Мыңдаған шақырымға созылған болат жол бойында...
06.08.2026 10:38

10 тамыз – Қазақстанда ұлы ойшыл, ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының құрметіне белгіленген Абай күні. Бұл күн...
05.08.2026 13:46

Comic Con Astana 2026 фестивалі 6–9 тамыз аралығында Barys Arena және «Алау» мұз сарайында өтеді. Фестиваль аясында халықаралық косплей байқауы ұйымдастырылып,...
05.08.2026 13:44

4 тамызда Өскеменде ҚСЗИ ұйымдастырған «Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» сарапшылық алаңы өтті. Қатысушылар Құрылтай сайлауы, өңірлердің жаңа саяси жүйедегі...
05.08.2026 12:18

От «тотального контроля банковских счетов» до «денежных выплат за поддержку политических партий» - в июле в информационном пространстве распространялись десятки...
04.08.2026 13:47

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің өңірлерінде еңбек ұжымдары, кәсіпкерлер, сарапшылар және тұрғындармен кездесулер өткізіп, әлеуметтік қорғау, экономика, экология, құқықтық...
04.08.2026 13:46

В рамках предвыборной кампании политические партии продолжают встречи с трудовыми коллективами, общественностью, предпринимателями и экспертами в регионах страны. Основными темами...
03.08.2026 15:13

Қазақстандағы партиялар сайлауалды кездесулерін жалғастыруда. «Әділет» ауылдарды дамыту мәселелерін көтерсе, ОСДП ТКШ, экология және кибералаяқтыққа назар аударды. «Байтақ» экологияны, Қазақстан...