12 қыркүйекте Қостанай ипподромында 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының жетінші кезеңі өтеді. Бұл — маусым финалы алдындағы соңғы кезең.
Чемпионаттың жетінші кезеңін Қостанайда өткізуінің өзіндік мәні бар. Қостанай облысы — еліміздегі жылқы шаруашылығы мен ат спортының маңызды орталықтарының бірі. Дәл осы өңірде қостанай жылқы тұқымы қалыптасты. Бұл тұқым 1951 жылы жеке тұқым ретінде тіркелген және бүгінде Қазақстандағы ұлттық ат спортын дамытуда кеңінен қолданылатын мамандандырылған спорттық бағыттағы отандық жылқы тұқымы ретінде белгілі.
Бүгінде Қостанай облысында шамамен 191,7 мың жылқы бар. Бұл көрсеткіш өңірдегі жылқы шаруашылығының ауқымын айқын көрсетеді.
Сондықтан жетінші кезеңнің Қостанайда өтуі жарысқа ерекше мән береді. Маусым бойы өз нәтижесі үшін күрескен шабандоздар мен жүйріктер осы кезеңде тағы бір мәрте бақ сынайды. Ал келесі жарыс — финал. Демек, чемпионаттың қорытынды нәтижесіне әсер ететін соңғы мүмкіндік дәл осы кезеңде беріледі.
Бәйгеде жеңіс тек жылдамдықпен анықталмайды. Ұзақ қашықтықта аттың дайындығы, шабандоздың жарыс қарқынын дұрыс сезінуі, күшті тиімді бөлуі және жарыс тактикасын сауатты таңдауы сыналады. Финал жақындаған сайын әрбір шешімнің маңызы арта түседі.
Қостанай кезеңінің бағдарламасында бес жарыс қарастырылған. Ең ұзақ қашықтық — 24 шақырым. Бұл қашықтықта Аламан бәйге өтеді. Мұнда аттың төзімділігімен қатар, шабандоздың бүкіл жарыс барысын дұрыс жоспарлап, күшті мәреге дейін тиімді бөле білуі маңызды.
Жетінші кезеңнің жалпы жүлде қоры 34 900 000 теңгені құрайды.
ЖАРЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Құнан бәйге (ҚР) — 11 км — 5 200 000 тг
Құнан бәйге — 11 км — 3 400 000 тг
Топ бәйге — 17 км — 7 100 000 тг
Аламан бәйге — 24 км — 9 100 000 тг
Аламан бәйге (ҚР) — 24 км — 10 100 000 тг
Қостанай кезеңінен кейін чемпионаттың финалдық жарысы өтеді. Маусымның түпкілікті қорытындысы дәл сол кезеңде шығарылады.
2026 жылғы Қазақстан чемпионаты бірыңғай ережелерге сәйкес өткізіледі. Жарыстарға тәуелсіз төрешілік жүргізіліп, міндетті ветеринариялық бақылау қамтамасыз етіледі. «Бәйге» Федерациясы ұлттық ат спортын дамытуға, отандық жылқы шаруашылығын қолдауға және кәсіби жарыс ортасын қалыптастыруға бағытталған жұмыстарын жалғастыруда.
Күні: 12 қыркүйек 2026 жыл
Өтетін орны: Қостанай ипподромы
Басталуы: 12:00
Кіру: тегін
БАҚ өкілдері үшін аккредитациядан өту міндетті.
Іс-шара серіктестері: Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі, Қостанай облысының әкімдігі.
БАҚ өкілдерін аккредиттеу және баспасөз сүйемелдеуі бойынша:
+7 747 440 73 13, Кристина
«Бәйге» Федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің баспасөз сүйемелдеуі
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...