Тобыл жалпы білім беретін мектебінің базасында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен дауылпаз ақын, өр рухты батыр Махамбет Өтемісұлының мол әдеби мұрасын ұлықтауға арналған дәстүрлі аудандық «Махамбет оқулары» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Ұлт руханиятында өзіндік орны бар Махамбет Өтемісұлының шығармашылығы – елдік пен ерлікті, азаттық пен намысты жырлаған асыл мұра. Байқаудың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында ұлттық сана-сезімді, отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, ақынның жалынды жырлары мен күй мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпақты рухани құндылықтарды құрметтеуге баулу. Дәстүрлі «Махамбет оқулары» – жас ұрпаққа ақынның асыл мұрасын танытып қана қоймай, олардың бойындағы ұлттық рух пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыратын тағылымды шаралардың бірі.
Аудан мектептерінен келген 62 оқушы бес бағыт бойынша өзара бақ сынасып, Махамбет шығармашылығын қаншалықты меңгергендерін, білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Әр бағыт бойынша оқушылар өздерінің ізденісі мен шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, байқаудың мазмұнын байыта түсті. Байқауға қатысқан оқушылар Махамбет шығармашылығына тыңғылықты дайындалып, ақынның өршіл рухын, елге деген сүйіспеншілігін және ерлікке үндеген жалынды жырларын көрерменге жеткізе білді. Бұл ретте шәкірттерін байқауға дайындаған ұстаздардың және ата-аналардың еңбегін де ерекше атап өтуге лайық.
Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша өз бағыттарында І орын иеленген бес оқушы облыстық «Махамбет оқулары» байқауында ауданымыздың намысын қорғайтын болады. Олар: «Ұлы арман» бағыты бойынша – Шилкина Арина (Тобыл ЖББМ); «Ел құтқарар ер едім...» бағыты бойынша – Рахат Іңкәр (№2 Тобыл ЖББМ); «Тартынбай сөйлер асылмын...» бағыты бойынша – Асет Ернар (Новоильинов ЖББМ); «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» бағыты бойынша – Шәріпбай Нұрай (№2 Тобыл ЖББМ); «Шашақты найза, шалқар күй» бағыты бойынша – Төрешов Нұрдидар (Набережный ЖББМ).
Облыстық кезеңге жолдама алған жас талапкерлерге сәттілік тілеп, Махамбет бабамыздың рухты жырларын биік деңгейде таныстырып, жақсы нәтиже көрсетуіне тілектестігімізді білдіреміз. Осындай тағылымы мол байқаулардың ұйымдастырылуы – жас ұрпақтың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ел тарихын, рухани мұрасын терең тануына жол ашады. Махамбет мұрасы – ұлт рухын асқақтататын құнды қазына. Оны жас ұрпаққа насихаттау – баршамызға ортақ міндет. Махамбет мұрасы жас ұрпақтың жүрегінде жаңғыра берсін!
19.11.2026 13:25

15 ноября в Центре развития языков района Беимбета Майлина состоялась встреча с Александром Фроловым. Наш земляк, певец, блогер и основатель...
19.11.2026 13:23

В рамках утвержденного графика и реализации концепции «Слышащее государство» в районе продолжаются отчетные встречи акима района с жителями сельских округов....
19.11.2026 13:21

16 ноября в районном Доме культуры им. Елубая Умурзакова прошла литературно-познавательная встреча, посвященная 132-летию со дня рождения Беимбета Майлина. Одним...
19.11.2026 13:20

Ежегодно, в преддверии дня рождения нашего знаменитого земляка, выдающегося казахского писателя Беимбета Майлина, в Центральной районной библиотеке проходят районные «Майлинские...
19.11.2026 13:17

Учащиеся Новоильиновской общеобразовательной школы успешно выступили на областном конкурсе школьных отрядов юных помощников полиции, который прошел в рамках продвижения принципа...
16.11.2026 14:11

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...
16.11.2026 14:08

Курултай подготовил предложения для госорганов, задействованных в реализации Концепции «Дети Казахстана». Они направлены на совершенствование медицинской помощи детям, развитие цифровых...
13.11.2026 07:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының...
12.11.2026 10:18

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» 5 ноября текущего года в Павловском сельском округе состоялась отчётная встреча с жителями с...
12.11.2026 10:17

8 ноября в храме святого великомученика Димитрия Солунского в с. Айет отметили престольный праздник. Это стало поводом для знакомства и...
12.11.2026 10:16

Қостанай облысы әкімінің KPI көрсеткіштері аясында мәдениет саласын дамыту, ұлттық өнерді насихаттау және ауыл тұрғындарына сапалы мәдени қызмет көрсету бағытында...
12.11.2026 10:15

За каждым успешным делом стоят люди, которые ежедневно своим трудом, ответственностью и профессионализмом вносят вклад в развитие родного края. Именно...
12.11.2026 10:14

15 ноября в Казахстане отмечается День национальной валюты - тенге. Этот праздник символизирует экономическую самостоятельность и финансовый суверенитет нашей страны....
12.11.2026 10:12

В районе завершаются съемки короткометражного фильма «Бір ғұмыр – Бір мұра», посвященного жизни и творческому наследию великого земляка. Автором и...
12.11.2026 10:11

Бухгалтер – әрбір мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен жұмысының жүйелі жүруіне зор үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Бұл сала үлкен жауапкершілікті,...
12.11.2026 10:08

10 ноября в районном Доме культуры им. Е. Умурзакова прошел районный молодежный форум «PROкоманда». Он собрал более 80 активных ребят...
12.11.2026 10:07

В с. Майский появилась новая зона активного отдыха для детей и взрослых. Территорию вокруг детской площадки благоустроили при финансовой поддержке...
10.11.2026 12:54

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Енді...