Теміржол саласы – жоғары жауапкершілікті, кәсіби біліктілікті және табандылықты талап ететін маңызды салалардың бірі.
Бұл салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, қарапайым жұмысшыдан басшылық қызметке дейін көтерілген жандардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Солардың бірі – Тобыл кентінің тумасы, теміржол саласында мол тәжірибе жинақтаған Азамат Маженов. Маженов Азамат Игликұлы 1980 жылдың 21 сәуірінде Қостанай облысы, Таран ауданының Тобыл кентінде теміржолшылар отбасында дүниеге келген. Теміржол тіршілігімен етене таныс ортада өсіп, туған жерінде білім алған ол болашақ мамандығын таңдап, еңбек жолын осы саламен байланыстырды. 1997 жылы №116 Тобыл орта мектебін тәмамдаған соң, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түседі. 2002 жылы жоғары оқу орнын аяқтап, тарихшы-зерттеуші, оқытушы мамандығын меңгереді. Кейін кәсіби білімін жетілдіру мақсатында көлік саласына қатысты мамандықтарды игеруге ден қояды. 2006–2008 жылдары Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану бағыты бойынша білім алады. Ал 2017–2019 жылдары Қазақстанның жол қатынастары университетінде көлік құрылысы мамандығын меңгеріп, біліктілігін арттырады. Азамат Маженовтің еңбек жолы 1999 жылы «ҚТЖ» жүйесіндегі Тобыл жол дистанциясында жол монтері қызметінен басталды. Теміржолдың қарапайым жұмысынан бастаған ол тәжірибе жинақтап, өз ісіне деген жауапкершілігі мен табандылығының арқасында біртіндеп жоғары лауазымдарға көтерілді. 2004–2005 жылдары жол бригадирі, 2005–2014 жылдары жол шебері болып қызмет атқарды.
Бұл кезеңдерде теміржол жолдарының техникалық жағдайын бақылау, жұмыстардың сапалы әрі қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету бағытында тәжірибе жинақтады. 2014–2017 жылдары Тобыл жол дистанциясының диагностикалық блогы бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2017 жылы өндірістік учаске бастығы болып тағайындалып, сол жылы диагностикалық блоктың бастығы қызметіне кірісті. 2021–2024 жылдары №1 өндірістік учаскенің бастығы ретінде еңбек етті. Ал 2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Қостанай магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Тобыл жол дистанциясы бастығының орынбасары қызметін атқарып келеді.
Қарапайым жұмысшыдан басшылық қызметке дейінгі жол – үздіксіз ізденіс пен маңдай тердің нәтижесі. Әр қызмет сатысы оған жаңа тәжірибе жинақтап, ұйымдастырушылық қабілетін жетілдіруге мүмкіндік берді. Теміржол жолдарының қауіпсіздігі мен техникалық жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған жауапты қызмет кәсіби білімді ғана емес, ұқыптылықты, шапшаң шешім қабылдауды және ұжыммен бірлесе жұмыс істей білуді талап етеді. Азамат Игликұлының өміріндегі маңызды тіректердің бірі – отбасы. Жұбайы Наталья Евгеньевнамен бірге үш бала тәрбиелеп отыр. Үлкен қызы Гаухар 1999 жылы, екінші қызы Линара 2007 жылы, ал ұлы Темир 2019 жылы дүниеге келген. Отбасының қолдауы мен жақындарының сенімі адамға қай салада болмасын күш-қуат беріп, алға ұмтылуына жол ашады.
Туған жерінде өсіп, еңбек жолын туған өлкесінен бастаған Азамат Маженов бүгінде теміржол саласында жинақтаған тәжірибесін жауапты қызметінде пайдаланып келеді. Оның өмір жолы – кәсіби дамудың, табандылықтың және өз ісіне адалдықтың үлгісі. Еңбекпен шыңдалып, тәжірибемен толысқан азаматтың басты жетістігі – жылдар бойы жинақтаған білімі мен білігін ел игілігіне жұмсауында.
30.10.2026 12:59

Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» аттыҚазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесуді ашқан...
30.10.2026 12:57

В Москве в Посольстве Казахстана состоялся круглый стол, посвященный Посланию Президента Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана «Актуальные задачи Казахстана в новом...
30.10.2026 12:04

В отделе полиции района Беимбета Майлина организован Центр оперативного управления. С его помощью сотрудники полиции смогут круглосуточно следить за обстановкой...
30.10.2026 12:03

В районе Беимбета Майлина завершается реализация проекта, направленного на сохранение и укрепление межэтнического и межконфессионального согласия. Проект реализует ОФ «Ассоциация...
30.10.2026 09:01

23 октября в ДК им. Е. Умурзакова состоялся торжественный концерт «Рухы биік Қазақстан!», посвященный Дню Республики. В этот день чествовали...
30.10.2026 09:00

В преддверии Дня Республики в районном Доме культуры состоялось торжественное мероприятие, посвящённое решению одного из важнейших социальных вопросов - обеспечению...
30.10.2026 08:59

Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Ел тарихындағы маңызды мерекеге арналған шараның мақсаты – ұлттық...
30.10.2026 08:57

Ербол Баймагамбетов, Тобыл сигнал беру және байланыс дистанциясының (ШЧ-18) ЖТУ бастығы Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің көлік-логистика әлеуетін арттыру, теміржол инфрақұрылымын дамыту және...
30.10.2026 08:56

Гульжан Галеева, и.о директора ГКП «Районная больница района Беимбета Майлина» В Послании Президента от 28 октября 2026 года особое внимание уделено дальнейшей модернизации...
30.10.2026 08:55

Валентина Пирог, председатель Общественного совета района Беимбета Майлина Прослушав ежегодное Послание Президента, хочу отметить особую значимость затронутых вопросов для жителей сельской местности. Одним...
30.10.2026 08:54

Мамай Ізтілеу, Тобыл кенті, "Думан" Мәдениет үйі қызметкері, айтыскер ақын. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – еліміздің болашағын айқындайтын маңызды құжат. Онда...
30.10.2026 08:53

В преддверии Дня Республики врач-оториноларинголог ЦРБ Александр Никитин был награжден медалью «Еңбек ардагері» («Ветеран труда»). Этой награды Александр Никитин удостоен за...
30.10.2026 08:52

В областном центре состоялось торжественное мероприятие, приуроченное к профессиональному празднику работников лесного хозяйства и Дню Республики Казахстан. В знак признания...
30.10.2026 08:51

От первых профессиональных шагов к работе в сфере социальной поддержки. Профессиональный путь Ирины Викторовны Шевченко связан с несколькими направлениями деятельности...
30.10.2026 08:49

В преддверии Дня автомобилиста на ТОО «Варваринское» прошел конкурс профессионального мастерства среди водителей вспомогательного транспорта горнотранспортного цеха. За звание лучшего...
30.10.2026 08:48

На футбольной площадке спортивного комплекса «Батыр Арена» в с. Айет прошел розыгрыш Осеннего кубка Детской футбольной лиги. За главный трофей...
30.10.2026 08:47

Теміржол саласы – жоғары жауапкершілікті, кәсіби біліктілікті және табандылықты талап ететін маңызды салалардың бірі. Бұл салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп,...
30.10.2026 08:44

В КГУ «Кировская основная средняя школа» действует необычный клуб по изучению птиц - «Детективное бюро орнитологов». Его авторы участники Зубавичусте...