Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» аттыҚазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті.
Кездесуді ашқан Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев бұл Жолдаудың Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды саяси трансформация жағдайында жарияланғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар екенін еске салды. Елші Жолдаудағы тұжырымдар Қазақстан дамуының алдағы кескіні мен бағыттарын, келесі тактикалық мақсаттары мен стратегиялық міндеттерін айқындайтынын баса айтты.
Ресей Федерациясы Президентінің стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары Антон Рыбаковтың айтуынша, жаңа Конституцияның жалпыхалықтық референдумда қабылдануы халықтың Президенттің өршіл реформалық бағытын қолдайтынын көрсетті. Жолдауға қатысты пікір білдіре отырып, ол оның жасампаздық сипатына тоқталып, алдағы жылдары тек саяси және қоғамдық институттарды ғана емес, сонымен қатар жолдар мен әлеуметтік нысандарды салуға басымдық берілетініне назар аударды.
РФ СІМ ТМД елдерінің Үшінші департаментінің директоры Александр Стерник ағымдағы жылды Қазақстан үшін тарихи жыл деп атады. «Биылғы жыл аса маңызды референдумның, конституциялық реформаның, жаңа Парламенттің жасақталуының және Мемлекет басшысының мұқият тексерілген стратегиясы негізінде биліктің барлық эшелондарының қайта құрылуының куәсі болды. Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев беделді Мемлекет басшысы, шоғырландырылған Парламент және тиімді билік вертикалі жағдайында республика дамуының алдағы бағдарын айқындап берді», – деді дипломат.
Осы тұрғыда РФ Сыртқы істер министрлігі Экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры Дмитрий Биричевский Қазақстан мен Ресейдің трендтерінің, жетістіктері мен проблемаларының ортақтығына тоқталды. «Біздің географиялық орналасуымыз, көршілестігіміз, тығыз серіктестік және одақтастық байланыстарымыз екі ел үшін де тиімді win-win жағдайына мүмкіндік береді», – деді ол. Жолдауда қозғалған инвестициялық ресурстар үшін жаһандық бәсекелестік мәселесіне тоқтала келе, дипломат қазақстандық әріптестерінің бұл саладағы жұмысына жоғары баға берді. Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанның $150-160 млрд-тан астам сомаға шетелдік инвестиция тартудағы айтарлықтай жетістіктерін статистика көрсетіп отыр.
Әлеуметтік зерттеулер сараптамалық институтының Халықаралық жобалар мен бағдарламаларды сараптамалық сүйемелдеу департаментінің директоры Алексей Власов Жолдаудың негізгі параметрлерінің ішінен «халық, әділдік және шынайылықты» бөліп көрсетті. «Мемлекет пен қоғамның алдына қойылып отырған мақсаттар мен міндеттердің шынайылығы - 2026 жылғы Жолдауды көптеген басқа стратегиялық құжаттардан ерекшелендіретін басты белгі», - деді сарапшы. Ол Қазақстан билігі қоғамдық көңіл-күйді жіті қадағалап, сын-қатерлерге дер кезінде ден қойып отырғанын атап өтті, бұған құжаттың азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік бөлімі дәлел бола алады.
Тақырыпты жалғастыра отырып, журналист әрі жазушы Леонид Млечин Қасым-Жомарт Тоқаев республикадағы жағдай туралы ақпаратты тек ресми мәліметтер мен баяндамалардан ғана алмайтынын, сондықтан адамның күнделікті өмірде кездесетін барлық қиындықтарын жақсы түсінетінін атап көрсетті.
Президенттік Академияның (РАНХиГС) проректоры Андрей Марголин жоғарыда айтылғандарға қазіргі Жолдаудың басты ерекшелігі оның теңгерімділігінде екенін қосып өтті. «Бұл өте маңызды, өйткені теңгерімділікті қамтамасыз етпейінше, елеулі нәтижелерге қол жеткізу оңай болмайды», – деп түсіндірді ғалым. Сондай-ақ ол Жолдаудың егемендікті нығайту туралы тезистен басталуын маңызды деп атап өтті, бұл ретте егемендік автаркия ретінде емес, Қазақстанның ұлттық мүдделерді ескере отырып, өзара тиімді халықаралық экономикалық байланыстарға интеграциялануы ретінде түсініледі. Оның айтуынша, Жолдауда атап көрсетілгендей, орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік басқару сапасын арттыру қажет.
Ресей Ғылым Академиясының Қытай және қазіргі Азия институтының Орталық Азия зерттеулер орталығының жетекшісі Александра Перминова Жолдауда әлеуметтік-экономикалық аспектілерге басымдық берілуін дұрыс тәсіл деп атады. Оның айтуынша, билік институттарының тиімділігі мен оларға деген сенім деңгейі халықтың мәселелерін шешудің сәттілігіне байланысты болады. Ол Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың тек бастамалар көтеріп, болашақ бағдарларды белгілеп қана қоймай, нақты сын-қатерлер мен өзекті мәселелер туралы да ашық айтқанына назар аударды.
«ГеоЭнергетика» аналитикалық онлайн-журналының бас редакторы Борис Марцинкевич бұл жолғы Жолдаудың айрықша сипаттарының ішінен оның ауқымдылығы мен кеңдігін атап көрсетті. Оның пікірінше, ядролық мұраның не екенін өз тәжірибесінен жақсы білетін Қазақстанның бейбіт атом энергетикасының қажеттілігі туралы шешімді жан-жақты таразылап, салмақты қабылдауы ерекше құрмет тудырады.
«Экономика жоғары мектебі» ҒЗУ Азаматтық қоғамды және коммерциялық емес секторды зерттеу орталығының бас сарапшысы Вячеслав Иванов Жолдаудың халықаралық деңгейде кеңінен қамтылатынына сенімді. Ол бұл тарихи құжаттың тақырыптары диссертацияларда ескерілетінін және, атап айтқанда, өзінің жоғары оқу орнында зерттелетінін айтты.
Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, оған қатысушылар бұл Жолдаудың жаңа Конституцияның қабылдануын, Құрылтай сайлауын, Халық Кеңесінің құрылуын, мемлекеттік басқару жүйесіндегі құрылымдық өзгерістердің жүзеге асырылуын және негізгі билік органдарының кадрлық жаңаруын қамтыған бір жылдық кезеңнің қорытындысы болғанын атап өтті. Сарапшылар бұл құжаттың сонымен қатар алға қойылған міндеттерді іске асырумен байланысты дамудың жаңа кезеңін ашатынына назар аударды. Олардың пікірінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген экономика мен әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі шаралар азаматтардың тұрмыс сапасы мен әлеуметтік әл-ауқатының артуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
30.10.2026 12:59

Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» аттыҚазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесуді ашқан...
30.10.2026 12:57

В Москве в Посольстве Казахстана состоялся круглый стол, посвященный Посланию Президента Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана «Актуальные задачи Казахстана в новом...
30.10.2026 12:04

В отделе полиции района Беимбета Майлина организован Центр оперативного управления. С его помощью сотрудники полиции смогут круглосуточно следить за обстановкой...
30.10.2026 12:03

В районе Беимбета Майлина завершается реализация проекта, направленного на сохранение и укрепление межэтнического и межконфессионального согласия. Проект реализует ОФ «Ассоциация...
30.10.2026 09:01

23 октября в ДК им. Е. Умурзакова состоялся торжественный концерт «Рухы биік Қазақстан!», посвященный Дню Республики. В этот день чествовали...
30.10.2026 09:00

В преддверии Дня Республики в районном Доме культуры состоялось торжественное мероприятие, посвящённое решению одного из важнейших социальных вопросов - обеспечению...
30.10.2026 08:59

Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Ел тарихындағы маңызды мерекеге арналған шараның мақсаты – ұлттық...
30.10.2026 08:57

Ербол Баймагамбетов, Тобыл сигнал беру және байланыс дистанциясының (ШЧ-18) ЖТУ бастығы Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің көлік-логистика әлеуетін арттыру, теміржол инфрақұрылымын дамыту және...
30.10.2026 08:56

Гульжан Галеева, и.о директора ГКП «Районная больница района Беимбета Майлина» В Послании Президента от 28 октября 2026 года особое внимание уделено дальнейшей модернизации...
30.10.2026 08:55

Валентина Пирог, председатель Общественного совета района Беимбета Майлина Прослушав ежегодное Послание Президента, хочу отметить особую значимость затронутых вопросов для жителей сельской местности. Одним...
30.10.2026 08:54

Мамай Ізтілеу, Тобыл кенті, "Думан" Мәдениет үйі қызметкері, айтыскер ақын. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – еліміздің болашағын айқындайтын маңызды құжат. Онда...
30.10.2026 08:53

В преддверии Дня Республики врач-оториноларинголог ЦРБ Александр Никитин был награжден медалью «Еңбек ардагері» («Ветеран труда»). Этой награды Александр Никитин удостоен за...
30.10.2026 08:52

В областном центре состоялось торжественное мероприятие, приуроченное к профессиональному празднику работников лесного хозяйства и Дню Республики Казахстан. В знак признания...
30.10.2026 08:51

От первых профессиональных шагов к работе в сфере социальной поддержки. Профессиональный путь Ирины Викторовны Шевченко связан с несколькими направлениями деятельности...
30.10.2026 08:49

В преддверии Дня автомобилиста на ТОО «Варваринское» прошел конкурс профессионального мастерства среди водителей вспомогательного транспорта горнотранспортного цеха. За звание лучшего...
30.10.2026 08:48

На футбольной площадке спортивного комплекса «Батыр Арена» в с. Айет прошел розыгрыш Осеннего кубка Детской футбольной лиги. За главный трофей...
30.10.2026 08:47

Теміржол саласы – жоғары жауапкершілікті, кәсіби біліктілікті және табандылықты талап ететін маңызды салалардың бірі. Бұл салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп,...
30.10.2026 08:44

В КГУ «Кировская основная средняя школа» действует необычный клуб по изучению птиц - «Детективное бюро орнитологов». Его авторы участники Зубавичусте...