Ел Тәуелсіздігімен бірге келген елеулі өзгерістердің бірі – тарихымызды таразылап, талантымен, іскерлігімен, еңбекқорлығымен талайды таңдай қақтырған тұлғаларымыздың есімдерінің ортамызға оралуы, ұрпақтар ұмытпайтындай игілікті істердің қолға алынуы болатын. Өткен жылы ғана Елбасы қабылдаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы сол игілікті істі одан әрі жандандырып ала кетті. Осы мақсатта біздің Таран өңірінде де өткенді ұлықтау мен ұмытпау, елеулі азаматтардың есімдерін кейінгі толқынның жадында мәңгі қалдыруда атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Өткен жылы қолға алынған аудан көлеміндегі әр елді мекеннің қалыптасуына, мәдени-рухани дамуына өзіндік үлестерін қосқан азаматтардың есімдеріне көше атауларын беруі, мектеп, мәденеит үйіне дара тұлғалар есімін беру соның бір айқын дәлелі.
Өткен сенбі күні Тобыл кентінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында болған тағы бір игі іске куә болдық.
Қазақстандық полиция күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері, ҚР ІІМ еңбегі сіңген қызметкері, жерлесіміз Досымов Назар Әбенұлына мемориальды тақта орнатылды.
Назар Әбенұлы 1924 жылы 13-ші мамырда Асенкрит ауылдық округіне қарасты Қызылжар ауылында туған. 1942 жылы әскерге аттанды. Онда 14-ші оқу жаттығу бөлімінің командирі, 23-ші атқыштар полкы командирінің көмекшісі сияқты бірнеше жауапты қызметтерді атқарды. Соғыс аяқталып, аман-сау елге оралғаннан кейін 1947 жылы Ішкі Істер органдарына қызметке тұрды. Алғашқы қызметін Тобыл станциясындағы желілік полиция бөлімшесінде сержант шенімен бастады. 1960-62 жылдары Құшмұрын станциясындағы, 1962-64 жылдары Тобыл станциясындағы, 1964-67 жылдары Есіл станциясындағы, 1967-71 қайтадан Тобыл станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің басшысы болды. 1971-76 жылдары Қостанай станциясында желілік бөлімі (бөлімше емес) басшысының орынбасары, 1976-85 жылдары Әуежай басшысының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
Ішкі Істер саласында 38 жылдан астам уақыт қызмет жасап, 1985 жылы құрметті демалысына, яғни зейнетке шықты.
Ұлы Отан соғысының 2-ші дәрежелі орденімен, «Берлинді алғаны үшін», «Кавказды қорғағаны үшін» медальдарімен марапатталған.
1994 жылы 23-ші мамырда дүниеден озды. 5 баланы тәрбиелеп өсірді.
Назар Досымовқа арналған ескерткіш тақта Тобыл станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің ғимаратына қойылды. Оған Тобыл кентінің ардагерлері, жергілікті билік өкілдері, желілік полиция ардагерлері мен қызметкерлері, Назар Досымовтың ұрпақтары қатысты.
Іс-шараны Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі А.Исин ашып, жүргізіп отырды. Аталмыш бөлім басшысының орынбасары, полиция подполковнигі С.Мурзамағамбетова Назар Досымовтың өмірі жайлы қысқаша баяндама жасады.
Мемориальді тақтаны ашу құрметі Ішкі Істер саласының ардагері Амангелді Ермеков пен Назар ағамыздың қызы Райхан Назаровнаға берілді.
Бұдан кейін Тобыл кентіндегі ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Жаворонков, темір жол саласының еңбек сіңірген қызметкері Н.Вакулин, Ішкі Істер органының ардагерлері А.Ермеков, С.Маженов, Назар Әбенұлының күйеубаласы, 92 жастағы Қапыш қария, Назар Әбенұлының інісінің балалары Жандарбек, Талғат Досымовтар естелік әңгімелер айтты.
Игілікті шараның соңында жиналғандарға ас беріліп, Назар ағамызға құран бағышталды.
05.06.2025 12:08
В канун Дня защиты детей АО «Варваринское» организовало для ребят праздник и подарило детворе Асенкритовского сельского округа сладкие подарки.
05.06.2025 07:52
Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйінде халық театрының ұсынуымен Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ақын тағдыры» атты реквием-спектакль қойылды.
05.06.2025 07:51
Жительница сельского округа Байшуқ Ижбульдина Раиса Маликовна известна всем как активный участник всех мероприятий села, района и области. Она благодарна...
05.06.2025 07:50
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Тобыл кентінде балаларға мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл күн балғындарға қуаныш сыйлап, естен...
05.06.2025 07:49
1 июня центральная площадь с. Айет превратилась в настоящий остров радости - с яркими красками, звонким смехом и детским восторгом....
05.06.2025 07:48
4 июня отмечается День государственных символов. Этот праздник посвящен Дню утверждения флага, герба и гимна Республики Казахстан.
05.06.2025 07:46
Церемония награждения победителей и призеров международных научных, спортивных и творческих состязаний «Ты лучший!» состоялась 1 июня в SMART-центре IQostanay. Лучшие...
05.06.2025 07:44
Бахыт Байканова, сотрудник МРЦ:Районная газета - вестник родных мест: узнаю новости, читаю о людях нашего района. Особенно нравятся материалы о...
05.06.2025 07:42
Есжанов Талғат Амантайұлы – теміржолшы, Тобыл теміржол байланысы бөлімінің бастығы: Өз өңірінің жаңалықтарынан үнемі хабардар болғысы келетін оқырмандар үшін газет –...
05.06.2025 07:40
31 мая – День памяти жертв политических репрессий и голода. Эта дата в нашей стране отмечается с 1997 года. В...
05.06.2025 07:39
28 мая 2025 года в акимате района Беимбета Майлина состоялось подписание меморандума о сотрудничестве с ТОО «TULPAR RAIL TECHNOLOGIES» (г....
04.06.2025 10:11
С целью разъяснительной работы на тему «Сохранение и укрепление межэтнического и межконфессионального согласия 30 мая 2025 года в нашем районе...
29.05.2025 09:48
В рамках реализации государственных программ, оказания консультативно-правовой помощи и реализации программ, направленных на решение вопросов по поступлению на государственную службу...
29.05.2025 09:46
1930–1950 жылдар аралығында сталиндік қуғын-сүргін қазақстандықтардың тағдырына ауыр соққы болып тиді.Бұл нәубет мыңдаған жазықсыз адамдарды ғана емес, олардың ұрпақтарын да...
29.05.2025 09:45
Ежегодно 31 мая в Казахстане отмечают День памяти жертв политических репрессий. Это день памяти невинно погибших в эпоху сталинского режима...
29.05.2025 09:43
Тобыл кенті мектептерінде соңғы қоңырау салтанаты өтті. Бұл күн жас түлектер үшін мектептегі соңғы сабақты аяқтап, жаңа өмірге қадам басатын...
29.05.2025 09:42
23 мая во дворе общеобразовательной школы имени Беимбета Майлина прозвенел последний звонок для учеников 9-х и 11-х классов. Волнующее и...
29.05.2025 09:41
23 мамыр күні, оқу жылының аяқталуына орай 9 -11 сыныптардың қатысуымен «Мектебім, саған мың алғыс» тақырыбында тәлім сәт өтті.2025 жыл...