Биыл қазақ әдебиетінің бәйтерегі, көрнекті жазушы Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл. Осы атаулы датаға орай атқарылып жатқан ауқымды шаралар жетерлік. Солардың ең шоқтықтысы – облыстағы "Таран" деп аталып келген ауданға Би-ағаның есімінің берілуі болды. Мұның сыртында "Өзіміздің Би-аға" республикалық мүшайрасы, "Майлин көшесіндегі мереке" әлеуметтік жобасы және көптеген түрлі деңгейдегі байқаулар, жиындар өткенінен оқырмандарымыз хабардар. Бұл мәдени-көпшілік шаралардың лайықты жалғасы республикалық айтыс болды. "Бейімбеттің биігі" аталған айтыскер ақындар аламаны Тобыл-Торғай төріне елдің әр түкпірінен жыр сүлейлерін жинады!
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, қазақтың Би-ағасының 125 жылдығына орай өткен аламан айтыста аузымен құс тістеген атақты ақындар екі күн бойы – 26-27 қыркүйекте қостанайлық жұртты жырмен сусындатты. Айтулы додада Жүрсіннің жеті жүйрігі мен Тобыл-Торғайдың үкілі дарындары сөз қағыстырды. Атап айтқанда, сырт өңірлерден Серік Құсанбаев, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Ерлан Дәулетұлы, Жарқын Жұпархан, Айнабек Бейсенғалиев, Шұғайып Сезімхан сынды азулы ақындар келсе, Қостанай облысы атынан Айбек Қалиев, Мамай Ізтілеу, Марғұлан Оспанов, Батырлан Сағынтаев, Салтанат Өтелбаева, Медет Байзақов, Тоба Өтепбаевтар өнер көрсетті. Айтысқа Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова, ҚР Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын Аманжол Әлтаев, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР мәдениет қайраткері, ақын Ақылбек Шаяхмет, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, әдебиеттанушы, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Елдос Тоқтарбай қазылық жасады. Айтысты Мәдениет қайраткері, ақын Жүрсін Ерман жүргізді.
"Жастар сарайы" ғимаратына өнерсүйер жұртты жиған айтыстың алғашқы күні жеті жұп ақын бағы мен бабын сынасты. Тақырыпты терең толғап, сүбелі сөз, өрелі өлең өріп, қарсыласының қапысын тапқан, көрермен мен қазылардың ықыласына бөленген 8 ақын ақырғы айналымға жолдама алды. Олар – Айбек Қалиев, Мейірбек Сұлтанхан, Серік Құсанбаев, Әсел Ережеқызы, Салтанат Өтелбаева, Айнабек Бейсенғалиев, Шұғайып Сезімхан және Тоба Өтепбаев. Келесі күні Салтанат Өтелбаевамен жұпталған өскемендік тәжірибелі ақын Серік Құсанбаевтың қарсыласынан бәсі басым болды. Ал "шартпа-шұрттың" шебері Мейірбектің ұпайы дарынды замандасы Тобадан үстемірек шықты. Астаналық Әсем ақын Оралдың дәмелі өнерпазы Айнабектен айла асырды. Алқалаған әлеумет демдерін іштеріне тартып, соңғы жұптың сахнаға шығуын күтті. Айтыс абызы Жүрсін Ерман Ақтаңгер ақын Айбек Қалиев пен шұрай тілді, ширақ ойлы Шұғайып Сезімханды ортаға шақырды. "Айбекпенен айтысқа түспек түгел, суретке түсу де арман Қалиевпен" деп сөз бастаған жас ақын әйгілі ағасынан ығып қалмай, шама-шарқынша жырлап бақты. Былтырғы Шақшақ Жәнібек атындағы айтыста жолдары түйісіп, жеңісті уысынан шығарған Шұғайып есе жібермейтінін "ескертіп" қойды. Әйткенмен, аузын айға білеген Айбек ақын інісінің тұтқиыл шабуылдарына тосқауыл құрып, тұсы келсе тұқыртып алып отырды. Тақырыпты төгілте жырлап, Би-ағаға көрсетілер құрмет мұнымен шектелмесе деді. Облыс орталығындағы кітапханалардың біріне есімі беріліп, музей ашылып, шығармалары шет тіліне аударылуы керек екенін өлеңмен өрнектеп өріп жеткізді. Екі ақын да әр қайырым сайын халықтың дуылдаған қошеметіне бөленіп отырды.
Сәл үзілістен соң қорытынды белгілі болып, марапаттау рәсіміне кезек берілді. Ең әуелгі кезекте шабыттандыру сыйлығына лайық деп танылған ақындар – Медет Байзақов, Ерлан Дәулетұлы, Марғұлан Оспанов, Мамай Ізтілеу және Батырлан Сағынтайға 200 мың теңгеден табысталды. Айнабек Бейсенғалиев пен Тоба Өтепбаевқа Омар Шипин атындағы арнайы сыйлық берілді. Қанжығаларында – 400 мың теңгеден. З-орынды Салтанат Өтелбаева мен Шұғайып Сезімхан бөлісіп, әрқайсысына 500 мың теңгенің сертификаты тапсырылды. 2-орын Әсем Ережеқызы мен Серік Құсанбаевқа бұйырып, 600 мың теңгеден жүлде алды. 1-орын Мейірбек Сұлтанханда.
Ол 1 млн. теңгемен қоржынын майлады. Ал бас жүлдені Айтыс ақтаңгері Айбек Қалиев жеңіп алды. Жерлесіміз "Лада Гранта" автокөлігін тақымына басты.
Мұның сыртында, мерейтойға арнайы келген жас ғалымдар – Елдос Тоқтарбай, Айнұр Төлеу, Әлібек Байбол, Еркін Ерланұлына және жергілікті қаламгер, ақын, сатирик Абылай Маудановқа облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың Би-аға атындағы стипендиясы тапсырылды.
09.07.2025 07:23
1 шілдеден бастап үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау мақсатында жыл сайын өткізілетін конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды.ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы ұйымдардың...
09.07.2025 07:19
1 июля начался прием заявок на ежегодный конкурс по присуждению премии для неправительственных организаций.Премия для НПО направлена на предоставление институциональной...
03.07.2025 13:32
Жазғы демалыста №2Тобыл жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жұмаділ Арыстан Арманұлы Қазақстанның елордасы – Астана қаласына сапарлады.Бұл сапар оның есінде...
03.07.2025 13:28
Жақында Әнкей Аманжол Нұрболатұлы өзінің інісі Әділ, қарындасы Айару және анасымен бірге еліміздің жүрегі – Астана қаласына саяхаттап қайтты.Бұл сапар...
03.07.2025 13:26
6 июля в Казахстане празднуется День столицы (День Астаны). Этот государственный праздник отмечается ежегодно и посвящен переносу столицы из Алматы...
03.07.2025 12:45
В завершении прошлой недели 27 июня в селе Береговое состоялось по-настоящему важное событие - открытие пожарного поста в рамках республиканской...
03.07.2025 12:40
В конце июня в Казахстане традиционно отмечается День работников средств массовой информации - праздник всех, кто трудится в газетах, на...
03.07.2025 12:26
Глава государства дал старт масштабной правовой акции - «Неделя Закона и Порядка», направленной на повышение правовой культуры населения, укрепление общественного...
03.07.2025 12:22
Соревнования проходили среди электромонтеров распределительных сетей ТОО «ЭПК Forfait», победителей зональных этапов. За право называться лучшей бригадой боролись команды Костанайской...
03.07.2025 12:18
С 12 по 14 июня в городе Костанай состоялись областные соревнования по Летнему Президентскому многоборью. В этом престижном спортивном мероприятии...
03.07.2025 12:16
26 июня во всём мире отмечается Международный день борьбы с наркоманией. Село Айет не осталось в стороне - в этот...
03.07.2025 12:11
Қазіргі таңда бүкіл әлемде күрделі әлеуметтік мәселелердің бірі – есірткіге тәуелділік.Бұл – тек бір адамның емес, бүкіл қоғамның дерті. Есірткіге...
02.07.2025 15:05
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты "құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" Заңға қоғамдық орындарда...
30.06.2025 13:19
В рамках реализации программы « Бір Отан , бір тағдыр , бір болашақ «, направленной на формирование и укрепление ценностей...
26.06.2025 10:12
19 июня на территории поселка Тобол состоялось одно из значимых для экономического развития района событие - старт строительству важного инвестиционного...
26.06.2025 10:10
20 июня в большом зале районного акимата под руководством акима района Кайсара Муржакупова состоялось заседание Межведомственной комиссии по профилактике правонарушений....
26.06.2025 10:08
Тоғызқұмалақтан Қазақ ССР-нің спорт шебері Ә.Айтмағанбетовті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы Қостанай қаласында 15 -18 маусым айының аралағында республикалық турнир...
26.06.2025 10:03
Праздник в честь тех, кто служит государству: концерт ко Дню государственного служащего и Дню полиции прошёл в районном центре 23...