Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық интеллектуалдық ойыны. Қазақ халқының ұлы ғұламалары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев тоғызқұмалақ ойынын ерекше мадақтаған, әсіресе Абай бұл ойынды сүйсініп ойнаған екен.
Осы орайда тоғызқұмалақ ойынының жаттықтырушысы, «Новоильин жалпы білім беру» мектебінің денешынықтыру пәні мұғалімі Қадірбек Хабылханнан тоғызқұмалақ ойынының қыр-сырын біліскен болатынбыз.
- Ұлттық ойынды жаңғырту мақсатында көптеген жұмыстар қолға алынып келеді. Оның ішінде ауданымыздың өзінде тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат ойындарынан жастар мен ересектер арасында жарыстар жиі өткізіліп жүр. Жалпы ойынның ережесі мен ерекшелігін айтсаңыз?
- Тоғызқұмалақ ойыны – тақ сандар мен жұп сандардың өзара тартысы. Бастапқыда әр отауда тоғыз құмалақтан орналасады. Ойынды солдан оңға қарай кез-келген отаудан бастап жүруге болады. Ол үшін жүріс жасалатын отаудан орнына бір құмалақ қана қалдырып, қалған сегіз құмалақты түгелімен аласыз да келесі отаудан бастап әрбір отауға қолдағы құмалақ біткенше бір-бірден салып шығасыз. Ойыншылардың мақсаты – неғұрлым көп құмалақ алу. Сондықтан ойын үстінде әрбір ойыншы өз отауларындағы құмалақтарды шамасы келгенше жұп ұстауға, қарсы жақтың отауларын тақ жасап отыруға тырысады. Тақ санды отауларға үздіксіз шабуыл жасалады. Қазандарға ойыншылардың ұтыстары жазылады.«Тоғызқұмалақ» ойыншының жылдам ойлауына, есептеудің түрлі тәсілдерін меңгеруіне ықпал етеді және бабаларымыздың осал адамдар болмағанына көз жеткізеді.
- Үйірмеге үзбей қатысып, жетістікке жеткен шәкірттеріңіз бар ма? Жалпы жастардың ойынға қызығушылығы қандай?
- Әрине, жарыстарда біршама жүлделі орын алып жүрген шәкірттерім бар. Спорт мектептері арасында өткізілген сайыстардан жоғары көрсеткіш көрсетіп келеді. Ойын туралы ақпарат, жарнама жақсы айтылса, бұл ойыннан жарыстар жиі өткізілсе, әрине әрбір жастың қызғушылығы оянады. Енді нақты, қандай жарыстарға барғанымызды айтатын болсам, облыстық чемпионаттарға жиі қатысып тұрамыз. Тағы айта кететін жәйіт, биылғы жылы оқушылардың үздік ойындарының нәтижесінде, ауданымыз тоғызқұмалақ ойыны бойынша үздік бестікке енді. Бұл көп жылдар бойы мақсат етіп келе жатқан жоспарларынымыздың бірі еді. Биыл міне, сол үздік топтар қатарына ендік. Ендігі мақсат үздік үштікке ену. Бұл қолымыздан келеді деп ойлаймын. Себебі, үйірмеге келетін әрбір баланың ынтасы мен қызығышулықтар және жауапкершіліктері жоғары. Биылдан бастап, бастауыш сынып балаларын алып, дайындап жатырмын.
-Қазір сізден басқа «Тоғызқұмалақ» үйірмесінен дәріс беретін ауданда қанша жаттықтырушы бар?
-Қазіргі таңда мүмкін мектептерде шәкірт тәрбиелеп, дайындап жүрген жаттықтырушылар бар шығар. Әрбір жаттықтырушының өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Яғни, ойлау қабілеті ұшқыр, зерек жастар ғана біздің ойынды тез меңгеріп алып, одан міндетті түрде нәтиже шығарады.Сондықтан, тоғызқұмалақтың тағылымын көрсету – басты міндетім.
- Отбасыңызда спортқа жақын жандар бар ма? Өнер қаннан дариды дегенге келісесіз бе?
- Отбасымда ұлымды тоғызқұмалақ ойынына дайындап жүрмін. Қазіргі таңда, үлкен биіктерге шығады деген үміттеміз. Дегенмен, бәрі алда. Алға қойған мақсаттарымызда жетерлік. Мүмкін тоғызқұмалақ ойынынан әлемдік чемпионатқа шығар деген ойдамыз. Мен барлық балаларға бірдей қараймын, менің ұлым немесе қызым деген бөлу жоқ менде. Барлық балалар менің қамқорымда. Сондықтан, әрбірінен үлкен үміт күтемін. Енді өнер қаннан дариды дегенді өзім қолдаймын. Себебі, әрбір шығармашылық таланты бар бүлдіршіннің қанынан дарыған өзіндік ерекшеліктері бар екені белгілі болып тұрады. Ата-аналарға айтарым, балаларыңызды ұялы телефонның экранына қаратып қоймай, үйірмелерге жіберулеріңіз керек. Себебі, әрбір бала болашақ чемпион, еліміздің үздігі болуға әбден лайықты. Атадан қалған мұраны жалғастырушы біз бен сіздің балаларыңыз.
-Сұхбатыңызға рахмет! Жұмысыңызға сәттілік! Шәкірттеріңіздің жетістігі көбейе берсін!
27.11.2026 10:16

Рабочий визит Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Российскую Федерацию продолжился участием в мероприятиях, проходящих в рамках международной конференции Al Journey...
27.11.2026 10:13

В рамках участия в конференции по искусственному интеллекту AI Journey 2026 состоялся диалог Главы государства Касым-Жомарта Токаева и Президента России...
27.11.2026 10:12

В своем выступлении он поблагодарил Президента России Владимира Путина за приглашение и отметил достижения России в сфере науки, технологий и...
27.11.2026 08:04

АЭС өндірісі – отандық кәсіпорындарға үлкен мүмкіндік https://egemen.kz/news/aes-ondirisi-otandyq-kasiporyndarga-ulken-mumkindikЕліміз 2029 жылға қарай энергия көзін артығымен өндіретіндей деңгейге жетуді мақсат етіп отыр. Мемлекет...
26.11.2026 15:01
ЦОДы должны работать на регион: Мадиев призвал инвесторов вкладываться в социальную инфраструктуру ЭкибастузаIT-хабы и социальные объекты: Мадиев о том, что...
26.11.2026 13:26

Команды юношей общеобразовательной школы имени Ергалиева и девушек общеобразовательной школы имени Майлина стали победителями своих дивизионов областной школьной волейбольной лиги...
26.11.2026 13:22

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» состоялись очередные отчётные встречи акима района с жителями Новоильиновского, Калининского и сельского округа Байшуақ....
26.11.2026 13:13

21 ноября в городе Рудном состоялся Международный многожанровый конкурс «Fortuna Fest», который стал ярким и волнительным событием для танцевально-циркового коллектива...
26.11.2026 13:12

В копилке спортивных достижений Костанайской области появилась ещё одна достойная награда. Сборная команда педагогов региона завоевала почётное III место по национальной...
26.11.2026 13:10

15 ноября 2026 года в городе Костанае состоялся Республиканский конкурс талантов «Fantastic Talent», который подарил участникам яркие эмоции, незабываемые впечатления...
26.11.2026 12:15

Мәслихаттар – халқының еркін білдіретін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік, оны жүзеге асыру шараларын айқындайтын және олардың орындалуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар....
26.11.2026 12:14

2026 жылғы 12 қазанда Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Осыдан кейін Орталық...
26.11.2026 12:13

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н. Әбдіров биыл ауқымды реформалар аясында жаңа Конституция бойынша референдум және Құрылтай депутаттарының сайлауы өткенін еске...
26.11.2026 12:12

Сайлау науқанының басты міндеті – оны «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде қатаң сақтау арқылы өткізу. Орталық сайлау комиссиясы сайлауды ұйымдастырушыларды...
26.11.2026 12:11

Сайлау билік пен халықтың арасын жақындата түседі. Мәслихаттар жергілікті бюджеттерді бекітіп, өңірлердің дамуын бақылайды. Депутаттардың жауапкершілігін арттыру мәслихаттардың кәсібилігі мен...
26.11.2026 12:10

Маслихаты – местные представительные органы, которые выражают волю населения своей административно-территориальной единицы, определяют меры для ее реализации и контролируют их...
26.11.2026 12:09

12 октября 2026 года Глава государства подписал Указ о досрочном прекращении полномочий маслихатов всех уровней, после чего Центральная избирательная комиссия...
26.11.2026 12:08

Председатель ЦИК Н.Абдиров напомнил, что в этом году в рамках масштабных реформ уже прошли референдум по новой Конституции и выборы...