«Мен үшін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлымен кездесу үлкен құрмет және мәртебе» деп бастады сөзін біздің кейіпкеріміз.
Еркен Назаров- бәрімізге таныс есім. Ауданымыздағы жастар орталығының басшысы, әрі аудан мәслихатының депутаты-Еркін өзінің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүздескендегі әсерімен бөлісті.
- Бұл мен үшін тарихи сәт десем де болады. 2019 жылы бәрімізге белгілі, Ресей мен Қазақстанның волонтер жастары мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Волонтерлік – жастардың әлеуметтік лифті» атты Қазақстан-Ресей жастар форумы өтті. Сол форумға еліміздің көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевта қатысқан еді. Өзінің жылы лебізін білдірген сәтте, барлығымыздың қанатымыз қатайып, әрі қарай талай шыңдарды бағындыруға күш алдық десек болады. Айтылған әрбір сөзі біз үшін мотивация болды. Форумда волонтер жастар Қазақстан Президенті алдында өздерінің үздік жобаларының тұсаукесерін жасады және ұсыныстарын айтты. Олардың әрқайсысынан игілік пен ізгіліктің, қайырымдылық пен мейірімділіктің шапағаты нұр шашып тұрғандай. Мен достық салтанат құрған осы залда жарқын көңілді, өзара түсініскен, игі мақсаттар жолында бірге болуды қалаған жастарды көргеніме қуаныштымын!,- дейді Еркен Назаров.
Сонымен қатар, 2020 жылы «Еріктілер жылы» деп белгіленген еді. Сол маңызды сәтте де Еркен Президентімізбен кездесіп, өзін тағы бір шыңды бағындырғандай әсерде жүргенін айтты.
- 2020 жыл «Еріктілер жылы» болып бекітілді. Басты мақсат – ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру болып табылған еді. Осы іс-шарада біз өзімізге керекті дүниені, әсерлі жолдауды Президентімізден естідік. Еліміздің болашағы жастардың қолында екені баршамызға мәлім. Сол себепті, Отан алдында аянбай еңбек етуімізді айтқан Президентіміздің бұл сөздері сол залда отырған әрбір жанның жанына жылы болып тигені анық деп айта аламын. Мен, ауданымыздың жастарының әрі қарай қарқынды жетістерге жетуіне, Отан алдындағы міндеттерін атқаруға көмектесуге бар күг-жігерімді саламын. Себебі, Отан бәрімізге-ортақ.Ал, мен бірінші кезекте елімнің Еріктісімін, белсенді азаматымын,- деп, аяқтады өз сөзін.
Ерікті болудың ерлікпен тең екенін жадымызда сақтайық. Олардың ерең еңбегі ақталып, азаматтық қоғамның дамуында әрбір жеке тұлғаның құндылығын арттырып, игі іс жасауға талпындырады деп сенейік. Ал, жастарымызды өз қанатына алған Еркен Назаровқа алдағы жұмысына сәттілік тілейміз!
27.11.2026 10:16

Рабочий визит Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Российскую Федерацию продолжился участием в мероприятиях, проходящих в рамках международной конференции Al Journey...
27.11.2026 10:13

В рамках участия в конференции по искусственному интеллекту AI Journey 2026 состоялся диалог Главы государства Касым-Жомарта Токаева и Президента России...
27.11.2026 10:12

В своем выступлении он поблагодарил Президента России Владимира Путина за приглашение и отметил достижения России в сфере науки, технологий и...
27.11.2026 08:04

АЭС өндірісі – отандық кәсіпорындарға үлкен мүмкіндік https://egemen.kz/news/aes-ondirisi-otandyq-kasiporyndarga-ulken-mumkindikЕліміз 2029 жылға қарай энергия көзін артығымен өндіретіндей деңгейге жетуді мақсат етіп отыр. Мемлекет...
26.11.2026 15:01
ЦОДы должны работать на регион: Мадиев призвал инвесторов вкладываться в социальную инфраструктуру ЭкибастузаIT-хабы и социальные объекты: Мадиев о том, что...
26.11.2026 13:26

Команды юношей общеобразовательной школы имени Ергалиева и девушек общеобразовательной школы имени Майлина стали победителями своих дивизионов областной школьной волейбольной лиги...
26.11.2026 13:22

В рамках реализации концепции «Слышащее государство» состоялись очередные отчётные встречи акима района с жителями Новоильиновского, Калининского и сельского округа Байшуақ....
26.11.2026 13:13

21 ноября в городе Рудном состоялся Международный многожанровый конкурс «Fortuna Fest», который стал ярким и волнительным событием для танцевально-циркового коллектива...
26.11.2026 13:12

В копилке спортивных достижений Костанайской области появилась ещё одна достойная награда. Сборная команда педагогов региона завоевала почётное III место по национальной...
26.11.2026 13:10

15 ноября 2026 года в городе Костанае состоялся Республиканский конкурс талантов «Fantastic Talent», который подарил участникам яркие эмоции, незабываемые впечатления...
26.11.2026 12:15

Мәслихаттар – халқының еркін білдіретін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік, оны жүзеге асыру шараларын айқындайтын және олардың орындалуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар....
26.11.2026 12:14

2026 жылғы 12 қазанда Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Осыдан кейін Орталық...
26.11.2026 12:13

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н. Әбдіров биыл ауқымды реформалар аясында жаңа Конституция бойынша референдум және Құрылтай депутаттарының сайлауы өткенін еске...
26.11.2026 12:12

Сайлау науқанының басты міндеті – оны «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде қатаң сақтау арқылы өткізу. Орталық сайлау комиссиясы сайлауды ұйымдастырушыларды...
26.11.2026 12:11

Сайлау билік пен халықтың арасын жақындата түседі. Мәслихаттар жергілікті бюджеттерді бекітіп, өңірлердің дамуын бақылайды. Депутаттардың жауапкершілігін арттыру мәслихаттардың кәсібилігі мен...
26.11.2026 12:10

Маслихаты – местные представительные органы, которые выражают волю населения своей административно-территориальной единицы, определяют меры для ее реализации и контролируют их...
26.11.2026 12:09

12 октября 2026 года Глава государства подписал Указ о досрочном прекращении полномочий маслихатов всех уровней, после чего Центральная избирательная комиссия...
26.11.2026 12:08

Председатель ЦИК Н.Абдиров напомнил, что в этом году в рамках масштабных реформ уже прошли референдум по новой Конституции и выборы...