Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – елдің мемлекеттік шекарасын күзетуге арналған арнайы қызмет.
Мемлекеттік шекараның беріктігі – елдіктің басты белгілерінің бірі. 18 тамыз – ел тыныштығы үшін күндіз түні күзетте тұрған шекарашылардың кәсіби мерекесі. Биыл Қазақ мемлекетіндегі шекара қызметінің құрылғанына - 30 жыл. Бұл ретте мемлекет шекарасын шегендеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіту жолында кешенді жұмыстар жүргізіп келеді. Шекарашылар мемлекеттік шекараны қорғап, күзетеді. Шекарада болған кез келген күмәнді оқиғаны қалт жібермей, шекара режимін бақылайды. Олардың міндеттеріне адамдарды мемлекеттік шекара арқылы өткізу, өткізу бекеттеріндегі тәртіпті бақылау, шекара шебіндегі мекемелерді қорғау, мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз ету сияқты істер кіреді.
Шекара қауіпсіздігі – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің ажырамас бөлігі. Бүгінгі шекарашылар трансшекаралық қылмысқа, халықаралық терроризм мен экстремизмге, заңсыз көші-қонға, елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін бұзуға сенімді тосқауыл қоя отырып, батыр бабалардың жауынгерлік дәстүрін абыроймен жалғап келеді. Мемлекеттік шекараны қорғау шаралары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті органдардың өз құзыреті шегінде қабылдаған саяси, құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, шекаралық, әскери және өзге де шешімдері аясында іске асырылады. Елдің шетінде, желдің өтінде жүрген сарбаздардың қырағы болып, жауапты қызмет атқаруы бүкіл елдегі тыныштықтың кепілі болып отыр.
Мемлекеттік шекарадан Тобыл станциясы 102 шақырым орналасқан. Оны күзету міндеті «Тобыл» теміржол шекара бақылау бөліміне жүктелген. Сондықтан ел қорғандары артылған жауапкершілік жүгін терең сезініп, өз міндеттерін мінсіз атқару жолында аянбай тер төгуде. Ел шебінің қауіпсіздігін қалтқысыз қору үшін материалдық техника толығып, қорғаныс өнеркәсібі жақсара түсуде. Келісім шарт бойынша әскери қызметте шекарашы болам деушілердің қатары көбейген. Оқушыларды шақырып, шекара қызметімен таныстырып, жастарды шекара қызметіне тартуда Тобыл мектептерімен көптеген жұмыстар жүргізілуде.
Көршілес мемлекеттермен бейбіт аспан астында достық қатынаста ғана болу біздің елдің өмір сүру салтына айналса, басты күшіміз – бірлікте. Десе де, ұшқан құстың қанаты, шапқан тұлпар тұяғы талатын ұлан ғайыр атырап шебін шекарашылар жіті қорып, кірпік қақпай күзетуде. Сондықтан да, олар қандай болсын құрметке лайықты.
«Тобыл» теміржол шекара бақылау бөлімі бастығының орынбасары, аға лейтенант Ерболат Ардақұлы Манапов: - Құрметті шекарашылар! Қымбатты біздің айбынды офицерлер мен сарбаздар, шекара қызметінің ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз шекарашылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ұлан-ғайыр мемлекеттік шекарамызды қорғаудағы еңбектеріңіз орасан.
Сіздердің қиын да абыройлы, жауапкершілігі мол істеріңізге табыс, мықты денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Жауапты қызметтеріңізде қашанда табыстан табысқа жете беріңіздер! Еліміз аман, шекарамыз тыныш болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын, шекара шебінің сарбаздары!
03.07.2025 13:32
Жазғы демалыста №2Тобыл жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жұмаділ Арыстан Арманұлы Қазақстанның елордасы – Астана қаласына сапарлады.Бұл сапар оның есінде...
03.07.2025 13:28
Жақында Әнкей Аманжол Нұрболатұлы өзінің інісі Әділ, қарындасы Айару және анасымен бірге еліміздің жүрегі – Астана қаласына саяхаттап қайтты.Бұл сапар...
03.07.2025 13:26
6 июля в Казахстане празднуется День столицы (День Астаны). Этот государственный праздник отмечается ежегодно и посвящен переносу столицы из Алматы...
03.07.2025 12:45
В завершении прошлой недели 27 июня в селе Береговое состоялось по-настоящему важное событие - открытие пожарного поста в рамках республиканской...
03.07.2025 12:40
В конце июня в Казахстане традиционно отмечается День работников средств массовой информации - праздник всех, кто трудится в газетах, на...
03.07.2025 12:26
Глава государства дал старт масштабной правовой акции - «Неделя Закона и Порядка», направленной на повышение правовой культуры населения, укрепление общественного...
03.07.2025 12:22
Соревнования проходили среди электромонтеров распределительных сетей ТОО «ЭПК Forfait», победителей зональных этапов. За право называться лучшей бригадой боролись команды Костанайской...
03.07.2025 12:18
С 12 по 14 июня в городе Костанай состоялись областные соревнования по Летнему Президентскому многоборью. В этом престижном спортивном мероприятии...
03.07.2025 12:16
26 июня во всём мире отмечается Международный день борьбы с наркоманией. Село Айет не осталось в стороне - в этот...
03.07.2025 12:11
Қазіргі таңда бүкіл әлемде күрделі әлеуметтік мәселелердің бірі – есірткіге тәуелділік.Бұл – тек бір адамның емес, бүкіл қоғамның дерті. Есірткіге...
02.07.2025 15:05
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты "құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" Заңға қоғамдық орындарда...
30.06.2025 13:19
В рамках реализации программы « Бір Отан , бір тағдыр , бір болашақ «, направленной на формирование и укрепление ценностей...
26.06.2025 10:12
19 июня на территории поселка Тобол состоялось одно из значимых для экономического развития района событие - старт строительству важного инвестиционного...
26.06.2025 10:10
20 июня в большом зале районного акимата под руководством акима района Кайсара Муржакупова состоялось заседание Межведомственной комиссии по профилактике правонарушений....
26.06.2025 10:08
Тоғызқұмалақтан Қазақ ССР-нің спорт шебері Ә.Айтмағанбетовті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы Қостанай қаласында 15 -18 маусым айының аралағында республикалық турнир...
26.06.2025 10:03
Праздник в честь тех, кто служит государству: концерт ко Дню государственного служащего и Дню полиции прошёл в районном центре 23...
26.06.2025 10:00
С 29 апреля 2025 года вступили в силу изменения в Правила оказания госуслуги «Продление срока аренды земельного участка», утверждённые приказом...
26.06.2025 09:59
С 12 по 15 июня 2025 года в столице нашей республике, городе Астана, прошёл Кубок Мира по грэпплингу и грэпплингу...