Сан ғасырларды көктей өтседе тарихи тұрғыдан ешқашан құнын жоймаған, ең бастысы елдiң жүрегiнен, жадынан еш уақытта көшпеген шынайы өнер жарысы - айтыс бүгiн де рухани өмiрiмiздiң алтын дiңгегi болып отыр. Осы өнердiң мәңгiлiк жасампаз көрiнуiнiң басты сыры да - осы ұлттық сөз өнерiнiң құдiретiнде, осы халықтық өнердiң көркемдiк, рухани астарында жатыр. Ал ендi шынайы ұлттық өнер, халықтық шығарма тек қана тума таланттың еңбегiмен ғана келедi.
«Жас тұлпар» ақындар айтысы өңірдегі талай талапкер жасты үлкен өнерге, үлкен өмірге қанаттандырды. «Жас тұлпар» түлеткен жас ақындардың көбі - бүгінде еліміздің әр түкпірінде өрелі өнерімен, адал еңбегімен танылып, өзінің ақындық, азаматтық биігіне қол жеткізген азаматтар.
29 наурыз күні Арқалық қаласында Торғайдың топ жарған халық ақыны Нұрхан Ахметбековтың 120 жылдығына арналған «Жас тұлпар» облыстық оқушылар айтысы өтті. Айтысқа 10 жас айтыскер қатысты. Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кентінен республика, облыстық айтыстардың жеңімпазы ақын Изтилеу Мамай Тұрысбекұлы тәрбиелеген шәкірт №2 Тобыл жалпы біліи беретін мектебінің 5 сынып оқушысы Перизат Амин қатысып, жүлделі 1 орын алып, диплом мен ақшалай сыйлық ие болды. Кішкентай ақын бұл айтыста ең биік тұғырдан көрінді.
Мамай Тұрысбекұлы Изтилеудің айтуынша, оқушылар айтысы Қостанай облысында 1994 жылдан бері қарай дәстүрлі түрде үзілмей өтіп келе жатқан оқушылар айтысы. «Жас тұлпар» айтысынан түлеп ұшқан түлектердің алды республикалық аламандарда осы Тобыл-Торғай өңірінің намысын қорғап жүр. Сондықтан алдағы уақытта бұл айтыс үзілмей жалғасын таба беруі керек.
- Шәкіртім Перизат Амин бірінші рет додаға түссе де, қарсыластарынан басып озды. Өнерпаз өрен болашақта бағындыратын белестерінің биік екенін аңғардым. Аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Темірханқызы Алимбаеваға айтар ұсынысым бар, жылда аудан бойынша оқушылардың Абай, Махамбет оқулары өтеді, сол сияқты аудандық оқушылар айтысын өткізу қолға алынса деймін. Осы оқуларға орыс мектептерінен оқушылар қатысып, қызығушылық танытады. Айтыс өнерін де дәріптеп мектептерге міндеттесе, айтыс өнеріне де қызығушылықтарының артатыны сөзсіз. Жыл сайын облыстық айтысқа барып, жеңімпаздар да, арнайы жүлдемен оралғандар шәкірттерім бар. Білім бөлімінен айтысқа деген қолдау болса, жасөспірім балаларды айтысқа жетелеуге көмектессе, мәдениет саласы баптап, шоқтығы биік өнер айтысқа Бейімбет ауданының қосар үлесі зор болар еді,- деп өз пікір ұсынысымен бөлісті Мамай Тұрысбекұлы.
Ата-бабамыздан бері келе жатқан көне, ұлттық өнерімізді келешек ұрпағымызға насихаттап, айтыс ұйымдастырылып отырса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
01.08.2025 07:41
В целях популяризации национальных семейных ценностей и укрепления института семьи в областном центре состоялся семейный конкурс «Семейный марафон в этно...
01.08.2025 07:40
В селе Асенкритовка Асенкритовского сельского округа уже более 30 лет трудится фельдшер с огромным сердцем и неоценимым опытом - Кударова...
01.08.2025 07:38
Қазақ жерінде теміржолдың тартылғанына бір ғасырдан асты.Осы аралықта бұл сала елдің экономикалық дамуымен қатар, халықтың тұрмысын жақсартуға да сүбелі үлес...
01.08.2025 07:37
В Казахстане День железнодорожника отмечается в первое воскресенье августа.Это профессиональный праздник, который объединяет работников железнодорожного транспорта и является официальным праздником...
01.08.2025 07:36
Теміржол – мемлекеттің күре тамыры, экономиканың қозғаушы күші.Осы жолда талмай еңбек етіп жүрген теміржолшылардың еңбегі ерекше құрметке лайық. Жыл сайын...
01.08.2025 07:35
Тобыл кентіндегі «Думан» Мәдениет үйінде «Ұлт үні – рухтың сарыны» атты рухани ұлттық нақыштағы Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы, ағартушы, –...
01.08.2025 07:34
О том, какие изменения произошли в энергосетях района за последние два года, как идет обновление и кто сегодня работает в...
30.07.2025 12:59
В рамках Года Рабочих профессий, продолжаем знакомить с успешными людьми района Беимбета Майлина: Бондарев Евгений Александрович, дежурный электрослесарь по ремонту...
28.07.2025 10:21
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының Интернет-порталы (бұдан әрі-Портал) мына мекенжай бойынша қолжетімді qamqor.gov.kz. Мұнда Сіз полицияға арыз бере...
28.07.2025 10:16
Интернет-портал органов правовой статистики и специальных учетов (далее — Портал) доступен по адресу qamqor.gov.kz. Здесь можно подать заявление в полицию,...
25.07.2025 10:51
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында сіздерді "Варваринское"АҚ табысты жас қызметкерлерімен таныстыруды жалғастырамыз:Жанғаскина Виктория Александровна, "Варваринское" АҚ химиялық талдау зертханашысы.Еңбек жолын АҚ-да...
24.07.2025 12:48
18 июля в акимате района Беимбета Майлина прошла важная стратегическая встреча, объединившая представителей бизнеса, органов государственной власти, финансовых институтов и...
24.07.2025 12:41
Президент подписал новый Налоговый кодексГлавой государства подписан новый Налоговый кодекс и сопутствующий ему Закон «О внесении изменений и дополнений в...
24.07.2025 12:32
В рамках республиканской экологической кампании «Таза Қазақстан» активными темпами ведутся работы по благоустройству и ремонту автодорог в нашем регионе.Инициатива, направленная...
24.07.2025 12:24
В АО «Варваринское» выбрали лучших работников лаборатории технологических исследованийК Дню металлурга в АО «Варваринское» прошел конкурс профессионального мастерства среди работников...
24.07.2025 12:20
20 июля - Международный день шахмат. в Казахстане также проходят мероприятия, посвящённые этому дню. Этот праздник был учрежден Международной шахматной...
23.07.2025 10:17
2023 жылдан бастап менің тапсырмам бойынша ауылдық жолдарды жөндеуге жыл сайын қаржы бөлінуде. Бұл – қала мен ауыл арасындағы өмір...
17.07.2025 09:54
Для сотрудников АО «Варваринское» День металлурга - не просто календарная дата, а символ трудовой гордости, сплочённости коллектива и уважения к...