- Подробности
-
Категория: №10 (10330) от 7 марта 2018 года
-
Создано 07.03.2018 11:32
-
Просмотров: 3737
Алғыс айту күні ауданымыздың барлық білім мекемелері түрлі шаралар ұйымдастырған болатын. Сапар Ерғалиев атындағы орта мектеп ұжымы да бұл күні алғыс айтумен ғана шектеліп қана қоймай, кішіліктің, ізгіліктің, сондай-ақ сауап жинаудың күні екенін өз ісімен дәлелдеді.
Ұжымның азаматтары аудан орталығында тұратын Любовь Пруглоның ауласын үйілген ақ ұлпадан тазартып берді. «Біз үнемі жалғызбасты үлкен кісілерге көмектесіп жүреміз. Жасы келгендерге қол ұшын беру – біздің парызымыз.Олардың жүздерінен қуаныштың нышанын көру де бір бақыт қой. Біздегі ер кісілер қарттардың қарын тазартса, әйел адамдар үйлерін жинап береді», - дейді аталмыш мектептің мұғалімі Азамат Мұхамбетжанов. Шын жүректен шыққан шынайы лебіздерін білдіретін аға буын өкілдерінің ақ батасын алғанға не жетсін. Алла тағаламыз сыйластық пен кең пейілділігімен, жанашырлық пен мейірімділігімен үлгі болып жүрген жерлестеріміздің қол-аяғына дерт бермесін.