- Подробности
-
Категория: №14 (10334) от 5 апреля 2018 года
-
Создано 05.04.2018 06:48
-
Просмотров: 5032
Медиацияның пайдасы көп, бірақ өңірімізде осы медиация ұғымын онша түсінбейтіндер де жоқ емес. Қоғамда медиация туралы екінің бірі біле бермейді. Сондықтан, медиация заңын түсіндіру мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылып келеді. Солардың бірі – аудандық әкімдіктің үлкен залында өткен семинарлық оқу.
29-наурыздағы АІІб-і мен прокуратураның, адвокаттар мен ауылдық округ әкімдерінің, кәсіби емес медиаторлар мен мәслихат хатшысының және тағы басқа азаматтардың қатысуымен өткен жиынды аудандық сот төрағасы Сабыр Тажкенов (фотосуретте) ашты. Ол тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиаторлардың жәрдемдесуімен арадағы дауды реттеу рәсімі болып табылатын медиация жөнінде түсінік берді. Сондай-ақ, сот төрағасы жиналған кәсіби және кәсіби емес негізінде медиация жүргізу үшін тараптар тартарын тәуелсіз тұлға, яғни медиаторлардың көкейіндегі мәселелерге де назар аударды.
Егер адамдарға медиаторлар деген кім, олар немен айналысады, медиация деген не және оның өмірде қажеттілігі туралы көбірек ақпарат берілсе, азаматтар шешілмеген дауларын медиатор келісімі арқылы шешуге жүгінер еді. Осы секілді «Медиация туралы» Заңның тәжірибеде қолдану тиімділігі жайлы аудандық соттың судьясы Бақтыбай Исмухамбетов та сөз қозғады. Кәсіби емес медиаторлардың бірі Сәкен Тұрысбекұлының айтуынша, өңірімізде кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімі жасалғанмен, әлі күнге дейін уәкілетті орган тарапынан бұл салада медиация институтын насихаттау мен дамыту барысында шала жұмыс байқалуда. Сөз алған тәжірибелі де, білікті адвокат Серікбай Малтабаров егер де адамдар жиі кездесетін неке бұзу, алимент өндіру, мүлікті бөлу жөнінде және жеке тұлғалардың араларындағы даулар және тағы басқа талап-арыздармен сотқа тікелей жүгінбей, сотқа дейінгі алдын ала шешу үшін медиация жолымен қараған жағдайда сотпен қаралған істердің саны күрт кемитінін тілге тиек етті.
Сабыр Тажкенов мазмұнды да, қызу жиынды қорытындылай келе, медиаторларды есепке алу жұмыстарының қандай деңгейде жүргізіліп жатқандығын, олардың нақты қанша азаматтық және қылмыстық дауларды реттеуге ықпал жасағандарын және аталмыш кездесуде талқыланған мәселелерді зерделеп, алдағы уақытта ауылдық округтерде халыққа «Медиация туралы» Заңның талаптарын кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алатынын алға тартты.