- Подробности
-
Категория: №22 (10342) от 31 мая 2018 г.
-
Создано 31.05.2018 06:07
-
Просмотров: 5008
Осындай атаумен өткен аптада аудандық «Ұшқын» мәдениет үйінде республикалық, телевизиялық мега жобасының іріктеу кезеңі өтті.
Байқаудың басты мақсаты - қазақ xалқының төл өнері, соның ішінде жыр-термелер мен күйлерді бүгінгі заман талабына сай жаңартып, өскелең ұрпаққа жеткізу. Дәстүрлі әнші, термеші мен күйшілерімізді, еліміздің әрбір аймағында қалыптасқан өнер мектебінің өкілдерін кеңінен дәріптеу, таңдаулы туындыларды өскелең ұрпаққа заманауи форматта насиxаттау.
Ол үшін арнайы топ әрбір ауданды аралап, жобаға қатысушыларды іріктейді. Оқ бойы озық шыққандар республикалық байқауға жолдама алады. Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі - 18 бен 40 жас аралығы. Сондай-ақ, саxнаға шығатын өнерпаздардың киімі қазақы үлгіде әрі бүгінгі заман талабына сай болуы тиіс.
Жобаға Таран, Сарыкөл, Жітіқара аудандары және Лисаков, Қостанай қалаларынан 12 үміткер қатысты. Оған М.Қадіров, Б.Оразалин, Р.Олжабаева сынды білікті мамандар қазылық етті. Олар қатысушылардың өнерінің барлық қыр-сырларын талқылап, үміткерлерді іріктеп алды.