- Подробности
-
Категория: Все материалы сайта
-
Создано 02.05.2024 07:48
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 300
Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз. Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, Атамекенді қорғау – қасиетті борыш.
Бұл дегеніміз – батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Қай дәуірде болсын, Отан қорғау әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келген. Өзін ер азаматпын деп санайтын кеудесінде ар-намысы, бойында жігері, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы.
Қазақстан Республикасы Конституциясындағы маңызды міндеттердің бірі – Отан алдындағы борышты өтеу. Қазіргі таңда әскери бөлімшелер Отанға адал қызмет етемін, өз еркімен әскерге барамын деген жастардың қатары артуда. Жаңа киімдермен, жаңа әскери техникалармен қамтамасыз етілді. Жылы казармалар, спортпен шұғылдануға, демалыс күндерін тиімді өткізуге мүмкіндіктер қарастырылған.
– Алға қойған арманым көп. Еліміздегі кез келген азаматтың Отан алдындағы борышын өтеу – қасиетті парызы саналады. Мен 2023 жылдың 26 сәуірінде әскерге алындым. 2024 жылдың сәуір айына дейін Қарағанды қаласы Спасск кентінде құрлық әскерлері оқу полигонында әскер қатарында болдым.- деп бастады жас сарбаз Назаренко Владислав Иванович. -Әскери өмірдің өзіне тән ерекшелігі бар. Әскер – ер жігітті шыңдайды, шыдамдылыққа үйретеді. Отансүйгіштікке баулып, елді-жерді қорғауға машықтандырады. Тәртіп пен тазалық ең басты орында. Өзіңнің киімің мен төсек-орныңның тазалығына мұқият болуың шарт. Әскерге барған ер жігіт рухани жағынан үлкен дайындықпен баруы керек. Маған әскер темірдей төзім мен сарқылмас сабырлылықты дарытты. Туған үйден жырақта жүргенде ата-ана мен бауырға деген махаббатты, сыйластық пен сағынышты арттырды. Әскер қандай қиындық болса да табанды болуды, шыншыл, намысшыл болуды үйретеді. Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылған, ниетті барша ер-азаматтарды әскери қызметті өтеп қайтуға шақырамын.
Адамның қолынан келмейтін іс жоқ. Тек ниет болса болғаны. Ер жігіт өзін кез келген сынақта сынап, парыз болып саналатын міндеттерді орындауға тиіс. Еліміздің тыныштығы, береке-бірлігі Қарулы күштердің қорғауында. Қазақ әскерінде борышыңды орындау – ер жігіттің ерік-жігерін, күш-қайратын, ақыл-парасатын сынға салатын кезең. Әскердегі бір жылдық мерзімді абыроймен өткізіп, міндеттерін атқарып, отбасына аман-есен оралу – әр жігіттің борышы. Ең бастысы – еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Биік рухты, өр мінезді, білімді де білікті азаматтарымыз көп болсын.