- Подробности
-
Категория: Все материалы сайта
-
Создано 05.07.2023 06:57
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 586
Домбыра – көненің көзі, бабадан қалған асыл мирас. Халқымыздың қадір тұтып, төрге ілген киелі аспабының құрметіне және өскелең ұрпақ санасына сіңіру мақсатында Ұлттық домбыра күнін белгіленді.
Тобыл кенті «Ұлт рухы» аллеясында «Домбыра-дастан» атты концерттік бағдарламаны өтті. Ұлттық домбырамызды ұлықтап, аудандық Е.Өмірзақов атындағы мен «Думан» Мәдениет үйінің өнерпаздары жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Барлық қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Оразтаев Төлепберген құттықтады. Ғасырлар бойы бұл музыкалық аспап қазақ халқының бай рухани тарихы мен дәстүрлерінің символы болған және болып қала береді. Ал домбыраның сүйемелдеуімен ән айту әлемдік материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген. Сонымен бірге мерекеде ардагер теміржолшы Мұнайтпас Қашқымбаев құттықтау сөз сөйледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекенің басты мақсаты-еліміздің брендіне айналған ұлттық қазақ музыкалық аспабын дәріптеу болып табылады. Көрермендер алдында «Әйет» қазақ халық аспаптар ансамблі, облыстан тыс жерде танымал «Даймондс» би ұжымы, Әлия Мәжит жетекшілік ететін аудандық өнер мектебінің домбырашылар ансамблі, сондай-ақ жеке солистер өнер көрсетті.
Домбыра күнінің ұлттық мерекеге айналуы – көнеден жеткен рухани байлығымызға берілген лайықты баға. Сондықтан, ұлттық мәдениетімізді әлемге асқақтататын қасиетті аспаптың ұлықталуы заңдылық. Қазіргі уақытта ұлттық аспаптың заманауи музыка ырғағымен үйлесімді үндесіп жатқанын назарға алсақ, домбыра ғұмыры әлі талай ғасыр жасайтынын аңғаруға болар.