Бүлдіршіндер наурыз тойын атады

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_13_13-2019-13.jpgНаурыз мейрамынан балалар да шет қалмады. Аудан орталығындағы балабақшада ұлттық құндылықтардан сыр шертетін мерекелік шара ұйымдастырды.


Ұлыстың Ұлы күнін айрықша атап өткен балабақшадағы топтардың бірі -«Ақбота» мен «Балапан» топтары. Көздері бал- бұл жанып, жүздеріне күлкі үйрілген балалар мен тәрбиешілер, ата- аналар күн мен түн теңелетін көктемнің шуақты мерекесі әз-Наурыз мейрамына айрықша әзірленген. Тілдері бал бүлдіршіндер тақпақ айтып, ән салды, би биледі.
Екі топта да ойнаған «Ару күн», «Қыдыр Ата» сынды кейіпкерлер балаларға Наурыз мейрамының мән-мағынасын түсіндірді.
«Ақбота» тобы «Қанталапай», «Қыз қуу», «Тақия тастамақ» ойындарын, «Тұсау кесу» рәсімін көрсетсе, «Балапан» тобы «Қол күрес» сияқты түрлі ойындармен қатар, «Ат қою», «Бесікке салу», «Сәбиді қырқынан шығару» ұлттық рәсімдерді көрсетті. Екі топтағы ата-аналар ұлттық тағамдарды таныстырып, «Наурызкөженің» жасалуын әңгімелеп берді.
Ұлық мерекені балабақшадан атап өтудегі басты мақсат – салт –дәстүр, Наурыз құндылықтарын дәріптеу болатын. Бұл бала тәрбиесіндегі басты қағида. Ал, оған кез-келген ата –аналар, тәрбиешілер жұмыла қатысып жатса, ұлттық тәрбиенің мақсат - мұраты орындалды дей беріңіз. Осы тұста дастарқан мәзірін жасап, барынша атсалысқан ата-аналарға мың алғыс. Сондай-ақ, ұлттық мейрамның қызықты өтуіне мұрындық болған А.Ахмет, Г.Асанова, Б.Дүйсенбаева, Ж.Шоңғалова, М.Валиева сынды балабақша қызметкерлері екендігін де атап өткеніміз жөн.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане