Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету

Мемлекет басшысының V Дүниежүзілік қазақтар құрылтайында берген тапсырмасын орындау мақсатында, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен өзгерістер енгізілді:


«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңының 13 бабының 1 тармағы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу кезiнде Қазақстан Республикасына тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген этностық қазақтардың шығу еліндегі еңбек қызметі есепке алынады.
"Халықтың көші - қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес этникалық қазақ-шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.
Қазақстан Республикасының аумағына келу мақсатына қарай көшіп келудің мынадай негізгі түрлері ерекшеленеді:
1) тарихи отанына оралу мақсатында;
2) отбасын біріктіру мақсатында;
3) білім алу мақсатында;
4) еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында;
5) гуманитарлық және саяси уәждер бойынша;
Осылайша, көшіп кеткен елдегі еңбек қызметінің кезеңдерін есепке алу туралы норма тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына тарихи отанына оралған этникалық қазақтарға қатысты.
Өтініш беруші зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтардың кеткен еліндегі еңбек қызметін растайтын құжатты ұсынады.
Бұл ретте, құжаттың бірыңғай нысаны, сондай-ақ оны жария ету бойынша қандай да бір талаптар көзделмеген.
Шыққан елінде берілген құжаттар бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығы «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес куәландырылуға тиіс.


«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қостанай облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті» РМҚК №2 зейнеткерлік және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бастығы
Сұлтанова Бибігүл Дихановна, байланыс телефоны 8 (7142) 50-09-62


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане