Тарихи және мәдени ескерткіштер халық мұрасы

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_16_16-2019_7.jpg1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен.

Жер бетіндегі адамзат біртұтас. Олар ежелгі замандардан бері бір-бірімен араласа жүріп ғұмыр кешкен. Біздің ата-бабаларымыз да солай өмір сүрген. Демек, әрбір адам, ең алдымен, өз елінің өткен тарихын, халқының салт- дәстүрлерін, туған Отанының табиғатын жақсы білуі керек. Сонда ғана ол өзге елдердің тарихын, басқа халықтардың дәстүрін, бүкіладамзаттық өркениет қазыналарын терең түсіністікпен қабылдай алады.
Сондықтан, біз Қазақстанның ежелгі тас мүсіндері, ескерткіштері, қорғандары, табиғат ғажайыптары туралы жақсы білуіміз керек. Негізінен, тарихи және мәдени ескерткіштер халықтың материалдық және өткен ұрпақтың рухани өмірін, туған жеріміздің көпғасырлық тарихын, халықтың бостандық пен тәуелсіздігі үшін күрес, мемлекеттің орнауы мен дамуын бейнелейді.
Тарихи және мәдени ескерткіштер халық мұрасы мен әлемнің мәдени мұрасының ажырамас бір бөлігі. Тарихи және мәдени ескерткіштерінде Азаматтық және Ұлы Отан соғысы, жұмысшы табының еңбек ерліктері, біздің елімізде туысқан халықтардың достастығы көрнекті іске асырылған.
Ескерткіштерге аса қастерлікпен қарау - әр азаматтың патриоттық парызы. Тарихи және мәдени ескерткіштерге – құрылыстар, естелік заттар мен жерлер, халық өміріндегі тарихи оқиғаларымен, қоғам мен мемлекеттің дамуы, материалдық және рухани шығармашылықтары, тарихи, ғылыми, көркем және басқа мәдени құндылықтар т.б. Қазақстан территориясындағы барлық ескерткіштер мемлекет қорғауында.
Таран ауданының территориясында 25 тарихи және мәдени ескерткіштер мен 24 археологиялық қорғандар бар. Олар- өткен өмірдің жұмбақтары мен құпияларын сақтаушылар. Бұл құпияларды археологтар зерттеп ашады.
Аудан оқырмандары үшін газет беттеріне шағын экскурсия өткізгіміз келеді. Ал, қазір біздің ауылдың алаңындағы ескерткіштеріне жеке-жеке тоқталып танысайық.
Ең біріншіден, Ұлы Отан соғысына арналған Мемориалдық қабырғасы мен Азаткер жауынгер ескерткіші 1995 жылы Жеңістің 50-жылдығына орнатылған. Ол кірпіштен қаланған, темір бетоннан жасалынған.
Таран ауданынан майданға 5710 адам кетсе, 2194 адам оралмаған. Мемориалдық қабырғасында соғыстан оралмаған жауынгерлер аттары мәңгі есте қаларлықтай жазулы. Таран ауылының алаңында тағы монументалдық скульптуралар орнатылған. Олар тарихи, ғылыми, архитектуралық, көркемді құндылық ұсынады. Мәдени тарих үшін, Қазақстан үшін бұл аса маңызды. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіші - қаза тапқан жауынгерлердің ерлігін мәңгі есте қалдыруға арналған ескерткіші 1975 жылы Мешіттің жанында Советский көшесінде орнатылды, мүсіншілер Винс В.И. және Карпов В.И. Ол таспен бетоннан жасалынған.
2015 жылы Таран ауылында Кеңес Одағының Батыры Сейітхан Темірбаевқа жаңа ескерткіш-бюсті ашылды. Ол «Жеңіс» жергілікті қорының қаражаты есебінен салынып, оған 25 аудандық кәсіпкер қатысты.
Жас офицер Сейтхан Темірбаев біздің жерлесіміз. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол Донбасты, Одессаны, Белоруссия мен Польшаны азат етуге қатысқан ротаны басқарды,ал кейін Берлинге дейін жеткендердің бірі болды. Германия астанасының шабуылында көрсеткен ерлігі, батырлығы мен ерлігі үшін 23 жасар капитан Ленин орденімен және Кеңес Одағының Батыры Алтын жұлдызымен марапатталды.
Бейімбет Майлиннің, Абайдың, В.И.Лениннің скульптуралық мүсіндері де орнатылған. Соларға жеке тоқтала кетейік:
Абай Құнанбаевтың мүсіні 1960 жылы Смайловка селосында орнатылған, ал, 2009 жылы әкім аппараты басшылығының шешімімен Таран селосының орталық мекеніне ауыстырылды. Мүсіншілер Белоусова М.А., Белоусов Л.П.және Қостанайлық көркемфильмі, бутобетоннан жасалған.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай. Нағыз ақын, әрі патриот Абай халыққа оның неге қасірет шегетінін түсіндіруге тырысты. Өзінің өлеңдерінде ол феодалдық – рулық билеп төстеушілерді аяусыз әшкерлейді және халықты өнер-білімге шақырады. Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой -пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар қалдырған Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының тарихында тау шынарындай биік тұр.
Қазақтың жаңа мәдениетінің негізін салушы, қазақтың классикалық поэзиясының шұғылалы шыңы – Абайдың мәңгі өшпес даңқының ең асқақ айғағы, міне, осында.
Бейімбет Майлиннің мүсіні 1994 жылы ақынның 100- жылдығына арнап өз туған елінде Ақтөбе ауылында орнатылған, ал, 2009 жылы әкім аппараты басшылығының шешімімен Таран селосының орталық мекеніне ауыстырылды. Мүсіншілер Белоусова М.А., Белоусов Л.П.және Қостанайлық көркемфильмі, бутобетоннан жасалған. Қазақ әдебиетінің классигі, ақын, драматургы XX ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған ірі ақын, прозаик және драматург Бейімбет Майлиннің орны өзгеше, бөлек. Б.Майлин- ақын; әдебиеттегі алғашқы қадамын өлеңнен бастады және қазақ поэзиясының дамуына өзіне лайық үлес қосты.
В.И.Ленин скульптурасы 1967 жылы Қазан революциясының 50-жылдығына орнатылған. Ленин – еңбекшілер мен езілгендерді шексіз сүйе білген ұлы да қарапайым, кішіпейілді де, мейірімді, халықтардың жарқын болашақ туралы ғасырлар бойы арманын бойына сіңірген адам болатын.
1917 ж.ақпанда халық партия өкіметін жойды, ал, одан бірнеше ай өткен соң, қазанда Лениннің шақыруымен біздің партиямыз Совет Үкіметі үшін, бейбітшілік, жер, бостандық үшін халықты капитализмге қарсы батыл шабуылға бастады. Ұлы Октябрь социалистік революциясы жеңді, адам баласының тарихында тұңғыш рет халық өзінің жұмысшы-шаруа үкіметін құрды, оның председателі болып бір ауыздан Владимир Ильич Ленин сайланды. Ленин Советтік социалистік мемлекеттің негізін қалаушы болды.
Ол бүкіл ғұмырын адамзат баласына арнады. Оның бүкіл адамзат есіне мәңгі сақталып, алғысқа бөленуі, міне, осыдан.
Ескерткіштердің композициясын бюст – монументі Зоя Космодемьянская мен Ана монументі аяқтайды.
«Ана» монументі – дүниеде адам баласына ең ардақты, ең асыл жан – Ана. Мына өмірде анаға ешкім тең келмес. Шыр етіп дүниеге келгеннен-ақ анаңның ақ сүтімен қоректеніп, аялы алақанында өсесің. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда анаға деген махаббаттың жүрегімізден мәңгі орын алары хақ. Ана махаббаты -ұлы сезім. Ұлтымыздың бүкіл ұлағат өрісі болған аналардың мейірім шуақтары жарқырап, әлемді шұғылалы сезім сәулетімен нұрландырып, даналықтың бастауы бола берсін деген тілекпен «Ана» монументі орнатылды.
Зоя Космодемьянская (1923-1941) жылдар аралығында өмір сүрген. Партизан, Ұлы Отан соғысының ең бірінші Кеңес Одағының Батыр қызы. Бұл жоғары атақ пен Ленин ордені ,оған 1942 жылы қаза болғаннан кейін берілді. 1941 жылы өз ниетімен партизан отрядына қосылады. 1941 жылдың қараша айында тапсырманы орындау кезінде фашистердің қолына түседі. 29 қарашада дарға асылып өлтірілген. Зояның аты аңызға айналды, Кеңес Одағының көптеген көшелері оның атымен аталған. Көптеген әдеби шығармалар оған арналған.
Бүгінгі таңда ҚР заңнамасы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану ісін жақсартуға, осы саладағы заңдылықты одан әрі нығайтуға белсенді ықпал етуге бағытталған.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане