Сатжанның міндеті – шекараны қорғау

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_18_18-2019_1.jpgМемлекет болған соң ол мемлекеттің тілі, дінімен катар, мемлекеттің шегін айқындайтын сол мемлекет үшін ең бастапқы әрі нақты қадам - ол Мемлекеттік шекараны белгілеу. Ал, сол Мемлекеттік шекараны қорғау және күзету жөніндегі міндеттерді орындау шекарашылардың мойнына артылған.


«Аят» шекара заставасының мәлімдеуінше, мемлекеттік шекараның қорғаушысы дегеніміз - бұл тәуліктің кез-келген уақытында және ешқандай да ауа райының жағдайына қарамастан, біздің Отанымыздың шебін күзетуші. Жалпы, шекарашылардың қызметі көптеген қиындықтар мен қызық оқиғаларға толы. Мемлекеттік шекараны қорғау мен күзету кезімізде, көптеген Мемлекеттік шекараны бұзушылар ұсталынып жатады. Мемлекеттік шекараны бұзушыларды ұстау барысында әртүрлі айла-тәсілдер, заманауи құралдар, қызметтік жануарлар қолданылады.
Соның бірі - қызметтік иттер. Бұлар - шекарашылардың әрі адал досы, әрі күшті көмекшісі. Бұл мамандыктың қиындығына, ауыртпалығына қарамастан өз міндетін аса жауапкершілікпен, асқан шеберлікпен атқарып жүрген үлгілі жауынгердің бірі «Аят» шекара заставасының әскери қызметшісі аға сержант Сейткереев Сатжан Сейткереевичті атап өтуге болады. Сатжан Сейткереевичтің аяулы жары Татьяна, ұлы Мирас және қызы Інжу «Аят» шекара заставасы орналасқан Қарабалық ауданы, Лесное ауылында бірге тұрып жатыр. Айта кету керек, әңгімеміздің арқауы болған сержант өзінің батыл да, қайсар әрекетімен көптеген Мемлекеттік шекараны бұзушылардың, Мемлекеттік шекара арқылы өтетін контрабандалардың, сондай-ақ, шекаралық режимнің бұзушылары мен Мемлекеттік шекара режимін бұзушыларының әрекеттерінің алдын алған болатын. Оның айтуы бойынша, шекарашылардың шеберлігі мен тәжірибесі бірден болмайды, ол үшін әрбір шекарашы ауқымды тер төгіп, зор еңбек етіп, өзін-өзі теориялық және практикалық жағынан дамытып, әрбір жасаған ісі мен айтқан сөздері тек қана Қазақстан Республикасының Заңнамалары мен нормативтік-құқыктық актілердің шебінде болуы керек. Ойымды аяқтай отырып, шекара заставасының ұжымының атынан Таран ауданының тұрғындарын келе жатқан Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, шекарамыз берік болсын!»


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане