«Өжеттілік пен қайсарлық – жауынгердің, тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде өз өмірін абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс...» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, әскери борышқа адалдық танытқан әрбір жауынгер Отан алдында өжеттілік пен қайсарлық танытуы хақ.
Тегінде ата-әжелеріміз ер бала дүние есігін ашқаннан-ақ отбасы алдындағы, Отан алдындағы борышын сезінуге тәрбиелейтінін естіп, көріп, біліп жүрміз. Бесіктен бастап «сен — отбасыңның тірегісің, сен — еліңнің қорғанысың» деген тәрбиемен өскен жігіттің бойынан қамқорлық сезімі есіп тұрады. Еліміздің тарихына көз жүгіртсек, жаугершілік заманда елін, жерін жаудан қорғаған, білектің күшімен, найзаның ұшымен күрескен ата-бабамыздың ерлігі — бізге мұра. Міне, осындай ержүрек бабаларымыздың ұрпағына аманат еткен кең байтақ қазақ жерін келешек ұрпаққа тапсыру — біздің мұратымыз. Асенкритов ауылдық округіндегі Қызылжар ауылының тумасы, Рудный колледжінің студенті болған Қанат Альмуханбетов — Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып келген азамат. Жастық жігері мен патриоттық сезімі бойын кернеген Қанат әскерге өзі сұранып кеткен. Қазіргі жастардың ортасында белең алып отырған мәселелердің бірі әскерге бармауға сан түрлі сылтау іздеу болса, Қанаттың іс-әрекеті нағыз ер азаматтың әрекеті дер едік.
Қапшағай қаласындағы 32/363 әскери бөлімшесінде гранаттометші қызметінде борышын өтеді.
«Елді қорғау–ер еншісі» дегендей, баламның ата-бабаларымыздың аманаттап тапсырып кеткен осынау ұлан-ғайыр жерін, еліміздің тыныштығын қорғауға атсалысып, үйге абыроймен оралуын тілейміз,- деп, ауылдас ағайындар шығарып салаған еді. Расында, Отанды қастерлеу, шексіз сүю сезімі отбасы, ошақ қасынан бастау алады. «Адал ұл ер боп туса–ел тірегі» деп есімі аңызға айналған Бауыржан Момышұлы артына өсиет қалдырып кеткендей, өзіне жүктелген міндеттемелер мен тапсырмаларды ерте түсінген өрен ертең халқы мен елінің сүйенішіне айналады.
«Әскерге барғасын жан-жаққа бөлініп кеттік. Қысқа мерзімде әскери тәртіпті, құрал-жабдықтарды қалай пайдалану керектігін, автоматтарды шашып-жинау, тағы да басқа ережелерге баулыды. Ол жақта бәрі тәртіппен, әскери тәртіп есейтті, жақсы мен жаманды айыруды үйретті, Отан алдындағы жауапкершілігімді нығайтты. Өз еркіммен әскерге аттанғаныма еш өкінбеймін, қайта замандастарымды әскерге баруға шақырамын. Бұрынғыдай емес, бір жылда борышыңды өтеп келесің. Әскери қызметті абыройлы міндет деп санаймын», — дейді жас жігіт. Қазір әскер десе сылтаулары дайын тұратын жігіттерімізге Қанаттың ісі үлгі болса екен. Бейбіт күннің бесігін тербеткен батырларымыз ел амандығын алдыңғы орынға қойса, болашағымызға иненің жасуындай қауіп-қатер жоқ. Еліміздің айбынды әскері, тыныштығын күзететін тегеурінді шекарашылары барда бұған толықтай сенуге болады. Бірлігі бекем, төрт құбыласы түгел еліміздің жауынгерлері бізді жауға басындырмайды. Сан жылдар азаттықты аңсап, егемендікті тілеген ата-бабаларымыздың асқақ арманы – тәуелсіздікке қол жетті. Енді бабаларымыз жауға бермеген жерімізге иелік ету міндеті тұр. Ол үшін қасиетті қазақ жерін қорғау — зор мақтаныш. Елімізге қорған болған жауынгерлеріміздің білек күші берік, білімі жоғары, Отанға деген ыстық ықыласы молынан болғай. Сап түзеген сарбаздарымыз Отан алдындағы азаматтық борышын адал атқарып, елімізді бар күш-қайратымен қорғайды. Бұл — халықтың оларға артқан сенімі.
11.07.2025 07:41
5 июля состоялась XXXVI районная спартакиада - одно из самых значимых спортивных событий года. В этот раз почётную миссию принять...
11.07.2025 07:34
4 июля 2025 года в г. Кокшетау прошёл третий полуфинал республиканского шахматного турнира «Senat Open». Соревнование объединило 136 участников из...
11.07.2025 07:30
В Доме культуры им.Е.Умурзакова 4 июля состоялась торжественное мероприятие, посвященное Дню столицы – Астаны. В концертной программе: музыкальные и танцевальные...
11.07.2025 07:24
2025 жылғы 6 шілде күні Тобыл кентінің Ұлт рухы аллеясында Астана күні мен Ұлттық Домбыра күніне арналған салтанатты шара өтті.Еліміздің...
10.07.2025 12:00
Металлург – бұл жай ғана мамандық емес, бұл – үлкен төзімділікті, қажырлы еңбекті, біліктілікті қажет ететін ауыр кәсіп. Металлургия –...
10.07.2025 09:54
Маусым айында Қамысты ауданында бұрын-соңды болмаған ерекше бастама – «Бабалар ізімен» атты тың жоба өз жорығын бастады.Бұл рухани экспедицияның басты...
10.07.2025 09:39
С целью популяризации занятием спорта, поддержки здорового образа жизни и укрепления семейных ценностей среди сотрудников государственной службы в спортивном зале...
10.07.2025 09:34
4 июля текущего года на сцене районного Дома культуры в рамках торжественного мероприятия, посвящённого Дню столицы Республики Казахстан, состоялось чествование...
10.07.2025 08:56
Глава государства посетил штаб-квартиру СВМДА в АстанеПрезидент Казахстана принял участие в торжественной церемонии открытия штаб-квартиры Совещания по взаимодействию и мерам...
10.07.2025 08:53
Тишина. Напряжённые взгляды. И только щелчки шахматных часов прерывают звенящую концентрацию… В районе Беимбета Майлина состоялся второй по счёту открытый...
10.07.2025 08:45
В преддверии Дня столицы в районном Доме культуры имени Елубая Умурзакова состоялся торжественный концерт «Елімнің жүрегі – Астана». Праздничное мероприятие...
09.07.2025 07:23
1 шілдеден бастап үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау мақсатында жыл сайын өткізілетін конкурсқа өтінімдерді қабылдау басталды.ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы ұйымдардың...
09.07.2025 07:19
1 июля начался прием заявок на ежегодный конкурс по присуждению премии для неправительственных организаций.Премия для НПО направлена на предоставление институциональной...
03.07.2025 13:32
Жазғы демалыста №2Тобыл жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Жұмаділ Арыстан Арманұлы Қазақстанның елордасы – Астана қаласына сапарлады.Бұл сапар оның есінде...
03.07.2025 13:28
Жақында Әнкей Аманжол Нұрболатұлы өзінің інісі Әділ, қарындасы Айару және анасымен бірге еліміздің жүрегі – Астана қаласына саяхаттап қайтты.Бұл сапар...
03.07.2025 13:26
6 июля в Казахстане празднуется День столицы (День Астаны). Этот государственный праздник отмечается ежегодно и посвящен переносу столицы из Алматы...
03.07.2025 12:45
В завершении прошлой недели 27 июня в селе Береговое состоялось по-настоящему важное событие - открытие пожарного поста в рамках республиканской...
03.07.2025 12:40
В конце июня в Казахстане традиционно отмечается День работников средств массовой информации - праздник всех, кто трудится в газетах, на...