Қауын-қарбыз жеуге бола ма?!

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_29_29-2019_9.jpgДәрісіз өсірілген қауын мен қарбыз қай уақытта піседі? Ыстық аймақтан келген көкөністерді маусым, шілде айынан бастап жеуге бола ма? Оларды қалай таңдау керек?


Қазақстан аймақтарына қауын мен қарбыз еліміздің оңтүстігінен және Өзбекстаннан жетеді. Оларды тамыздың ортасынан бастап тұтынған дұрыс. Тұрғындар көкөністің осы түрін сатып аларда сыртының бүтін екеніне және босап кетпегеніне мән беруі керек. Қазіргі уақытта бақша өнімдері арасындағы қауын мен қарбыздан улану фактілері жиі кездеседі. Қарбыздар саудаға маусым айынан бастап түсуде. Бірақ тұрғындар бұл кездегі қарбыздардың көпшілігі қауіпті екендігін есінде сақтағаны жөн. Өйткені ,ерте піскен қарбыз құрамында нитрат мөлшері шамадан тыс болады. Мамандардың айтуынша, ең жылдам пісетін қарбыз сұрыптарының өзі шілде айының соңына қарай пісуге тиіс. Сондықтан қарбыз жеудің қолайлы уақыты – шілде айының соңы мен тамыз айы.
Бұл – өнімнің нағыз пісетін уақыты. Айта кетейік, нитратсыз бұл дақылдардың өсуі қиындау. Талап бойынша, нитраттың негізгі жарамды көрсеткіші қауында – 90 мг/кг, қарбызда – 60 мг/кг болу керек. Ал, артық нитраттар бауыр, бүйрек ауруына, асқазанның қатерлі ісігіне, жүйке және жүрек-қан тамыр ауруларына алып келіп, иммунитеттің төмендеуіне негіз болады. Қарбыздан уланған адамның 1-2 сағаттың ішінде қызуы көтеріліп, басы ауырады және жүрегі айниды. Медицина қызметкерлерінің айтуы бойынша, мұндай жағдайда бірден дәрігерге хабарласқан жөн. Қалай десек те, әр адам өз денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауапты. Сондықтан тамақтанғанда абай болған жөн. Әсіресе, жаз мезгілінде ерте піскен бақша өнімдерін тұтынғанда мұқият болған абзал.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане