Өзара іс-қимыл жөніндегі үкіметтік емес ұйымдармен кеңес отырысы

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_30_30-2019-16.jpgАғымдағы жылдың 23-ші шілдесінде Бейімбет Майлин аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы өтті.


Кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасары Назгүл Асқарқызы Манасова төрағалық етті. Жалпы, кеңеске шақырылғандар, аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Марс Айдарханұлы Шунгурбаев, аудан әкімдігінің білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Темірханқызы Әлімбаева, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Гүлсім Базарбайқызы Досмухамбетова, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет жөніндегі инспекторы Евгения Брониславовна Венгловская болды. Кеңесте мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың қорытындылары және іске асыру туралы, мемлекеттік тапсырыс нәтижелеріне бағалау жүргізу үшін сарапшылық кеңесті бекіту туралы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалау тәртібі тақырыптары бойынша қорытынды жасалды. Қарастырылған мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, дөңгелек үстел басында талқыланып, өз жауаптарын тапты. Жалпы мақсат, белгіленген нысанаға қол жеткізіп, орындау болды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане