Кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкер

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_30_30-2019-18.jpgӘйет ауылында тұрғындарымыздың жиі баратын орнына арналған шағын «Beerloga» кафе-барының иесі Қуандық Жапарғалиұлы.


Бірліктен туған бастама қашанда берекелі болады. «Жасөспірімдерді кейде орынсыз кінәлап та жатамыз. Түн жүреді, тәртіп жоқ дейміз. Ал, оларға түрлі отырыстар ұйымдастырып, ортақ іс орайында пікірталастар өткізіп, әңгіме-дүкен құра отырып, демалатын орын дайындап берсек – осы жайтты кеңінен ойластырдық»,-дейді Қуандық. Жеке кәсіпкер ашу алдында ғимаратқа түбегейлі жөндеу жүргізіп, қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін қажетті жабдықтар орнатты. Қазіргі таңда дәмді кәуәптардың дәмін осы шағын кафеден татуға болады. Қуандық Жапарғалиұлының айтуы бойынша, қазіргі таңда келетін тұрғындардың саны жақсы. Демалып, достарымен бірге көңіл көтеріп кететін жастарымыз да бар. «Жалпы, ғимараттың жарты бөлігін, жас кәсіпкерлерге жұмыстары әрі қарай дамысын деген ниетпен, ғимараттан орын бердім. Бұл ауылымызда барлық мүмкіндіктер дамысын, қолданылсын, тұрғындарға ыңғайлы болсын деген жақсы оймен жасап отырмын»,- дейді Қуандық.
«Ол – өте кең адам. Өзіне жамандық жасаған адамдардың өзін құрметтей де білетін. Кекшіл емес, көпшіл болғандықтан, әрдайым халқының қолдауына ие болады. Қуандықты ауданымыздың еңкейген кәрісінен бастап, еңбектеген баласына дейін жақсы біледі деп айтсам қателеспеймін, сыйлайды, аға тұтады, пана тұтады»,- деген жылы ниетін білдірді кафеге келген тұрғындардың бірі. Ғимараттың салынуы 3 жыл көлемінде уақыт алған, жалпы, кафе қыс мезгілінен бастап жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда Қуандық 3 адамды ресми түрде жұмыспен қамтып отыр.
Біз ауданымызда қоғамдық тамақтандырудың жаңа пункті ашылғанына өте қуаныштымыз. Осылайша, жұмыс орындарын құру және жеке тұлғалардың да, жалпы ауданның да кірістерінің артуымен ғана емес, мәселе шешілуде.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане