«Отбасым - мақтанышым»

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_31_31-2019_15.jpgТобыл кенті, ол біз үшін қаншалықты ыстық... Біз мұнда өмір сүреміз, еңбек етеміз, үйлену тойларын жасап, алғаш перзенттерімізді қолымызға аламыз, содан кейін оларды мектепке, немерелер мен шөберелер дүниеге келеді...Бұл өмір. Жылдар, жүзжылдықтар өтіп жатыр, біз сіздермен бірге осылай тарих жасаймыз, өз Отанымыздың қалыптасуы мен дамуына қатысамыз.
Біздің Тобыл бізге тиесілі, біз оның бір бөлігі болып табыламыз, біз үшін ол ең әдемі, ең сүйікті жер. Әрбір облыстың, әрбір ауданның, әрбір кенттің тарихында ұмытылмас оқиғалар бар. Осындай керемет күндердің бірі- Тобылдың 80 жылдық мерейтойы. Тобыл өңірі мерейтойға толы. Осындай тойлардың бірі-отбасылық мерейтойлар. Атап өтсек, Оразбеков Қонысбек пен Клара - 40 жыл , Алгуатов Марат пен Маржан, Есмағамбетов Бауыржан мен Базаркүл – 35 жыл, Бірмағамбетов Байғабыл мен Айгүл – 30 жыл, Ізтілеу Мамай мен Жанагүл- 25 жыл, Құрманғалиев Арман мен Шарбану, Бегимбаев Нұржан мен Лейла – 20 жыл, Құрманғалиев Ильяс пен Жұлдыз – 15 жыл, Ергалиев Аманжол мен Айнұр – 5 жыл.
Адам өмірі отбасынан басталады, адам отбасынан азамат болып қалыптасады. Отбасы-махаббат, құрмет, береке мен сүйіспеншіліктің көзі, соның негізінде кез-келген өркениетті қоғам құрылады, онсыз адам өмір сүре алмайды. Отбасының дәулеттілігі-мемлекет дамуы мен прогресінің өлшемі.
«Отбасы — шағын мемлекет ,Мен – президент,сен-премьер» деген екен. Шынында,отбасы – ол да бір шағын мемлекет.Отбасының қос шынары бар.Олар- Алатаудай Әке,мейірімді ана.Әке – береке, өнеге, даналықтың қайнар көзі,қасиетті ісімен сыйластық,құрмет басы. Ана — біздің қамқорымыз.
30 шілде күні Тобыл кітапханашылары мен «Думан» Мәдениет үйі ұйымдастырылған мерейгер отбасыларына арналған іс-шара өткізілді.
Іс -шара барысында «Отбасым-мақтанышым» бойынша әр жұп өз отбасымен таныстырып, алғашқы кездескен сәттерін еске түсірді. Мақал- мәтелдер айтылып, домбырамен ән шырқалды. Әртүрлі жағдаяттар айтылып, шешімін тауып, сұрақтарға жауап берді. Іс- шара соңында баяу әуенмен жұптар биге шақырылды. Бұл отырыс қызықты да, мәнді әсер қалдырды.
Қазақ халқының данышпан ақыны Абайдың «Дүние-үлкен көл, заман-соққан жел, алдыңғы толқын-ағалар, кейінгі толқын-інілер, кезекпенен бөлінер, баяғыдай көрінер» деген нақыл сөзі бар.Ата-тау, ана-бұлақ, бала-жағасындағы құрақ. Ата-ананы қадірлеу, олардың ақ сүтін ақтауға тырысу әр перзенттің міндеті. Замана толқыны тарих теңізінің жағалауында жақсы тәрбиенің баға жетпес меруерт маржандарын қалдырды.
«Той-тойға жалғассын !Шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын!», - мерейгер отбасылар!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане