Балабақша жөндеуден өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_34_34-10407---1-14.jpgҚазақ халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп- ол балабақша.
Жөндеу жұмыстарына байланысты жабылған аудандық «Айгөлек» балабақшасы бүлдіршіндерімізге 19-шы тамыз күні қайта есігін ашты. Жөндеу жұмыстары деп ауызымызды толтырып айтқанмен, айтарлықтай күрделі жұмыстар жасалмады, десе де, орындықтар мен керекті заттар боялып, төбелер ақталып, ойыншықтар тазаланған. Таңғы сағат 8:00-ден бастап балабақша тәрбиешілері балаларды топтарынан қарсы алып жатты. Балабақша меңгерушісі Динара Серікбайқызының айтуынша: «Қазіргі таңда барлық алаңдар мен ойыншықтар стандартқа сәйкес болғанымен, жаңартуға мұқтаж алаңдарымы да жоқ емес»,-дейді. Балабақша алаңындағы балаларға арналған шағын үйшіктің шатыры туралы өткен сандарымыздың бірінде жазған болатынбыз, дегенмен, көмек қолын беретін демеушілердің табылмай жатқаны, әрине, көңіл қуантпайды. «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды...» демекші, тағы да сол шатыр балаларымызға жаңбырлы уақыттарда қауіпті болғандықтан, айтпасқа шара жоқ. Біріміздің немереміз барса, енді біріміздің балаларымыз балабақшаға барып жүргендіктен, немқұрайлық қарағанымыз дұрыс болмас.
Балабақшаның ауласындағы сырғанақ, әткеншектер мен спорттық ғимараттардың қауіпсіздігі мен олардың жас айырмашылықтарына сәйкес жабдықталуына назар аударуымыз керек. Балабақша-келешек,ел басқарар, жер суына иелік етер, ел халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап,өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. «Балабақшамыздан ұшқан жас түлектеріміз мектепте оқып, білім алуда. Тәуелсіз еліміздің бақытты балдырғандарына білім, тәрбие беруде балабақша ұжымы жас та болса, біршама жетістіктерге қол жеткізді. Педагогтарымыз үнемі шығармашылық ізденіс жолында. Ата-аналар пікірінше, біздің «Айгөлек» балабақшасы «балалардың саялы мекені»,-дейді балабақша меңгерушісі.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане