«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясын өткізу мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету, мектепке дайындау бойынша әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсетуге басты назар аударылады.


Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және акционерлік қоғамдар жыл сайын акцияға белсенді қатысып жатыр. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі еліміздің барлық азаматтарға, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, акцияға қосылуға және өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға, отбасыларға көмек көрсетуде, сондай-ақ мектепке өз жолын табуға қол ұшын беруде үлестерін қосуға шақырады. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы тамыз, қыркүйек айларында ғана емес, енді жыл бойы өткізіледі.
Тынгес Лидия Ивановна - № 116 Тобыл орта мектебінде 30 жыл мұғалім болып жұмыс жасайды,міне, биыл 16 жыл әлеуметтік мұғалім. Жыл сайын дәстүрлі түрде «Мектепке жол» акциясы өткізіледі. Биыл материалдық көмекке зәру балалар саны 33, олар табысы аз қамтылған отбасылар, әлеуметтік мекен-жай анықтамаларын алушылар және жұмыссыздар. Ата аналар және мектеп әкімшілігі демеушілік көрсеткен азаматтарға балалардың проблемаларына жауап бергені үшін өте ризашылықтарын білдірді. Балалардың тізімі әкімдікпен бірге бекітіліп, барлық мекемелер басшыларына мен жеке кәсіпкерлерге алдын ала таратылды.
Жыл сайын бұл акцияға қатысатын көптеген мекемелер мен жеке кәсіпкерлер бар. Атап өтсек, № 116 Тобыл орта мектебі ата-аналар комитетінің төрағасы Бойченко Н.А., ЖК Штука А.Ф., ЖК Дубина З.А., ЖК Алпысбайқызы Б.С., Құттыкбаев Н.А.– Тобыл байланыс станциясының бастығы, Витвицкий О.В. - теміржол әскери күзеті, ЖК Гоптарева С.В., Тобол кентінің әкімдігі, Николишин И.В. - «Варваринское» АҚ, ИП Калиев Б.К.- «Азия-маркет» дүкені, ГКП Тобол - Садыков Т.Ж., Транстелеком- Көпжасаров А.А., ЖК Шохова О.А., ЖК Караваева Г.И., «Вокзал-сервис» - Наурзбекова А.М., ЖК Акулинушкина Л.А.– «Абсолют» дүкені, ПП Сидорчук О.В., Тобыл амбулаториясы - Кузнецова Л.А., ИП Орлова Г.П.және Васюкова С.А., Тобыл полициясы-Қонқас Ж.С., ЖК «Галиханова», ЖК «Седаев Шамиль Равильевич» - «1000 мелочей» дүкені, ЖК СТО«Какорин Евгений Николаевич», ЖК «Трясорук Татьяна Васильевна». Барлық демеушілерге, отбасыларыңызда береке болып, жүректеріңіздің мейірімділігі сөнбесін демекпіз.
Лидия Ивановна: - Оқушыларға жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер, мықты денсаулық және жаңа бастамалармен, тек қана сәттілік тілеймін! Ел ертеңі шәкірттер, қиялдарың ұшқыр болып, қанаттарың талмасын жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын!

Гурова Марина Владимировна - Тобыл орта мектебінде әлеуметтік мұғалім болып жұмыс істейді. Мектепте 2019 жылы материалдық көмекке зәру 24 бала бар. Тобыл кентінде 22 мекемелер және жеке кәсіпкерлер демеушілік көрсетті. Оның ішінде Тобыл мектебіне жыл сайын өз демеушіліктерін көрсететін Теміржол полиция желісі - Өтегенов Д.М., Казарин Д.В. – құрылыс дүкені, Тобыл элеваторы, ТД –9 Тобыл айналым пайдалану локомотив депосы - Байнакатов С.Ж., Тобыл шекара қызметі – Саусақбаев О.М., Тобыл орта мектебі - Кривченкова Е.В., «Жібек» дүкені.
Марина Владимировна: - Мен балаларға денсаулық, оқуда сәттілік, тілектерің орындалып, барлық оқушыларға табандылық және оқуда табыстар, керемет бағалар, шынайы достар, жаңа оқу жылында қызықты және оқиғалы өмір тілеймін!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане